жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары: Арыстан баб кесенесі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мектеп: |
|
||||
Бөлім: |
9-бөлім. Қазақстан және «Ұлы Жібек» жолы. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» (үзінді) |
||||
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
||||
Күні: |
|
||||
Сынып: 6 Т2 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Арыстан бап кесенесі |
||||
Оқу мақсаттары: |
6.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту; 6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру; 6.5.1.5 етістіктің шақтарының (ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану. |
||||
Сабақ мақсаттары: |
Ауызша мәтіндер құрауда сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтады, жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отырады. Ауыспалы келер шақ етістіктерін ауызша және жазба жұмыста қолданады. |
||||
Сабақтың жоспары |
|||||
Сабақ кезеңдері/ уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурс-тар |
|
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин |
Амандасу. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды
Өткен тақырыпты қайталау
Айтылым. Оқушылар төменде берілген сұрақтардың негізінде мәтін дайындайды. Оны «Ыстық орындықта» 5 сөйлем көлемінде айтып шығулары тиіс
Неге Ұлы Жібек Жолы деп аталған?
|
Мұғаліммен амандасады, дайындықтарын білдіреді. Бір-біріне көтеріңкі көңіл күй, сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді
|
|
Компью-тер,
|
|
Жаңа білім
|
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі. |
|
«Қолдау, қолпаштау әдісі Жарайсың! Бәрекелді! Керемет! Іске сәт! |
1,2-слайд
3-слайд |
|
5 мин
8 мин
|
1-тапсырма. Семантикалық картаны толтыр. Түсіндір.
Бағалау критерийлері:
2-тапсырма. Диалогті толықтырыңдар.
Ол нені білгісі келді? ________________________________ Күмбездің асты немен қапталған? ________________________________ Бас зергер қандай кітап жазып жүр? ________________________________ Ескерткіштің қандай ерекшелігі бар?
Бағалау критерийлері:
3-тапсырма. Жағдаят: сен Түркістан қаласында тұрасың. Досың Түркістанға келетінін айтты. Ол сенен Арыстан бап кесенесіне қалай баруға болатынын, жұмыс кестесін сұрады. Досыңа Арыстан бап кесенесі туралы айтып бер.
Бағалау критерийлері:
Жазылым:
4-тапсырма. Жақшадағы қажетті етістіктерді дұрыс тұлғада қойып, сөйлемдерді жаз. 1. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» романында оқырманды қыпшақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, өнерімен (бейнеле, таныстыр, жеткіз). 2. «Ұлы Жібек жолындағы» ежелгі қалалар туралы мәлімет (бер, көр, жаз). 3. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармасы туралы (кел, сөйле, айт). 4. Қыпшақ әміршісі – Иланшы Қадырханның өз еліне деген сүйіспеншілігін (өрнекте, дәлелде, суретте). 5. Көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» романы неміс тілінде Берлин қаласында екінші мәрте (жарық көр, жарияла, оқы). 6. Романның алғашқы аудармасын 1987 жылы «Volk und Welt» баспасы (қой, шығар, көрсет). 7. Романды жоғары бағалаған Лео Кошут пен Рапрехт Вилноу оны қайтадан (жаз, аудар, қорға), «Verlag Hans Shiler» баспасынан 3 мың данамен (айт, жарияла, көр).
Бағалау критерийлері:
|
Семантикалық картаны толтырады.
Диалогті толықтырады: – Ол нені білгісі келді? – Алып құрылысты дәлме-дәл өлшеп салуға нендей сызықтар мен өлшемдерді қолданғанын білгісі келді. – Күмбездің асты немен қапталған? – Күмбез асты әшекей қаптағыштармен қапталған. – Бас зергер қандай кітап жазып жүр? – Қыпшақ өлшемдері туралы кітап жазып жүр. – Ескерткіштің қандай ерекшелігі бар? – Ескерткіштің ерекшелігі – күмбез астына бірде-бір тұғыр немесе тіреу қойылмаған.
Арыстан бап кесенесі туралы айтып береді:
Жақшадағы қажетті етістіктерді дұрыс тұлғада қойып, сөйлемдерді жазады. 1. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» романында оқырманды қыпшақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, өнерімен таныстырады. 2. «Ұлы Жібек жолындағы» ежелгі қалалар туралы мәлімет береді. 3. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармасы туралы айтады. 4. Қыпшақ әміршісі – Иланшы Қадырханның өз еліне деген сүйіспеншілігін суреттейді. 5. Көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» романы неміс тілінде Берлин қаласында екінші мәрте жарық көреді. 6. Романның алғашқы аудармасын 1987 жылы «Volk und Welt» баспасы шығарады. 7. Романды жоғары бағалаған Лео Кошут пен Рапрехт Вилноу оны қайтадан аударып, «Verlag Hans Shiler» баспасынан 3 мың данамен жариялайды.
|
Дескрипторы: Зат есімдерді түрлеріне қарай ажыратады. Керемет Тамаша
Дескрипторы: Cұрақтарға жауап береді. Сөйлем құрылымын сақтайды.
Дескрипторы: Тірек сөздерді пайдаланып, баяндайды. Сөйлем құрылымын сақтайды.
Дескрипторы: Жақшадан қажетті етістікті табады. Дұрыс тұлғада жазады. Сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазады.
|
4-слайд
6-слайд
8-слайд
10-слайд
|
|
Кері байланыс 4 минут
|
Қорытынды:
|
|
|
|
|
Оқу тапсырма-сы:
|
Кесене жайлы мәтін жазу. Рефлексия:
Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндау |
Мәтіннен алған ақпараттарды қорытындылап, қосымша ізденулері, өз мүмкіндігін анықтауы, өзін бағалауы күтіледі.
Күнделікке жазады. |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген