Материалдар / Сабақ жоспары "Әсемдікке ұмтылайық" 6 сынып

Сабақ жоспары "Әсемдікке ұмтылайық" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға әсемдік, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу мақсатында оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігі, адамның жан сұлулығы туралы түсінік бере отырып, оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету және оқушыларды сұлулықты, әсемдікті сезініп, бағалай білуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
837
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

Мектеп: Б.Нысанбаев орта мектебі

Мерзiм: 25.10.2017ж.

Сабақ: 8

Тақырып: Әсемдікке ұмтылайық

Құндылық: «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: риясыз сүйіспеншілік, мейірімділік,

Мұғалiм: А.Борашова

Сынып: 6 «ә»

Оқушылар саны: 18


Мақсаты: Оқушыларға әсемдік, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
Білімділігі: : оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігі, адамның жан сұлулығы туралы түсінік беру

Дамытушылығы: оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету

Тәрбиелігі: оқушыларды сұлулықты, әсемдікті сезініп, бағалай білуге тәрбиелеу

Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, үнтаспа, А4, маркер, стикер

Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәті Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.


Сұрақтар:

Қандай сезімде болдыңыздар?

Жаттығу сіздерге қалай әсер етті?


Үй тапсырмасы

Абай «Он тоғызыншы сөз» есте сақтау


Дәйексөз

«Сырты сұлуға көз қызығады, ішкі сұлуға жүрек қызғанады»
Ғ.Мұстафин

(Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын түсіндіреді)


Сұрақ:

Адамды сұлу ететін нарсе?
Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?
Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?


Қорытынды: «Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс. Айналадағы дүниенің әсемдігін түйсіну сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра білуге, бағалай білуге үйретеді»


Әңгімелеу

Аңыз әңгіме

Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі үстінің жағымсыз иісі бар екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі үстінен хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып:

 Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді.

Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты.

Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:

-Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап жақсы жігітсің,- депті.

Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды.

Патша біраз тыңдаған соң:

Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның тістері шіріген болса, сенің ішкі жан дүниең шірік екен. Бар, қазірден бастап сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті.

Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын.

Сұрақ:

1.Бірінші құлыңын бойында қандай қасиеттерді байқадындар?

2.Екінші құлының істеген іс әрекеті дұрыс деп ойлайсындарма?

3. Патшаның орнында болсандар сендер не істер едіңдер?

4.Адамды сұлу ететін не нәрсе?

5.Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?

6.Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Үш қатарға аяқталмаған өлеңді толықтырып, жалғастырамыз.

1-қатар:



Күн сәулесі ...........................әдемі,

...............................керілгені әдемі.

............................. асыр салып жүргенде,

Көк ................................. әдемі.



2-қатар:



Жас шыбықтың ....................... әдемі,

................................... гүл ашқаны әдемі

...................................... кездесіп,

Амандықты ........................................



3-қатар:



........................... сайрағаны әдемі,

........................... ойнағаны әдемі.

Ақ боз атын ерттеп ..............................

.................. өріске ...................... әдемі


Топпен ән айту

«Әдемі»

Сөзі:А.Шаяхметовтыкі

Әні:Ғ.Наурызбаевтыкі

Күн сәулесі төгілгені әдемі

Кемпірқосақ керілгені әдемі

Көк шалғында асыр салып жүргенде

Көк көбелек көрінеді әдемі


Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі

Қариялар жол үстінде кездесіп

Амандықты сұрасқаны әдемі


Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі

Қозы-лақтың ойнағаны әдемі

Ақбоз атын ерттеп мініп атамның

Қойды өріске айдағаны әдемі


Үйге тапсырма



«Қыз Жібек» жырын мәнерлеп оқу.


Соңғы тыныштық сәтi.


Балалар ішкі тыныштығызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет етіп, отбасымызды, бүкіл адамзатты риясыз сүйіспеншілікке бөлейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ