Сабақ жоспары. Асханада. 2 курс.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. Асханада. 2 курс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал "Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру" мамандығы бойынша "Кәсіби қазақ тілі" пәнінен қажет. Бұл сабақта тамақтандыру кәсіпорындарының білім алушыларына қажет кәсіби терминдер бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Асханада.

Сабақ мақсаты:Білімділік:Асханада тақырыбына қатысты сөздерді меңгерте отырып, екеуара сөйлесуге, мәтінмен жұмыс жасауға дағдыландыру. Келер шақтың түрлерімен, жасалу жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық: Білім алушының сөздік қорын, білім, білік, дағдысын дамыту, тілін ширату.

Тәрбиелілік:Әдептілікке, адамгершілікке, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың түрі:ББД дамыту сабақ

Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау, АКТ, сатылай кешенді талдау

Сабақтың жабдығы: үлестірмелі парақшалар, компьютер, слайд

САБАҚ БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, студенттерді түгендеу, аудитория тазалығы, жаңа білім беру сабағына дайындық жүргізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Қонақ күту де өнер» тақырыбын қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:1. Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою.

IV. Бекіту кезеңі:1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін мазмұнына сұрақтар дайындаңыздар.


Асханада

Біздің оқу орнымыздың асханасы төменгі қабатта орналасқан. Біз түскі тамақты үнемі асханадан ішеміз. Асхананың тамақтары өте дәмді.Асханада:шырындар, сусындар, салаттар, қой етінен, сиыр етінен, тауық етінен,балықтан жасалған тағамдар бар. Тәтті тағамдар да көп.  Маған әсіресе балықтан пісірілген тамақтар қатты ұнайды.Міне, бүгін де достарыммен түстену үшін асханаға келдік. Мен әдеттегідей қуырылған балық, тауық сорпасын алдым. Құрбым Айнұр тәтті тағамдарды ұнатады. Ол бүгін де әдеттегісінше тәттілерді көбірек алды.Тамақтарды ұсынып жатып аспаз бізге «Астарыңыз дәмді болсын!» деді.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз?

1. Сіз асханадан қандай тамақтар аласыз?

......................................................................

2. Қандай сусындар ішесіз?

.......................................................................

3. Біріншіге не аласыз?

.......................................................................

4. Екіншіге не аласыз?

.......................................................................

3-тапсырма.Диалогты оқыңыздар. Рөлге бөліп оқыңыздар. Диалогты әңгіме түрінде жазаңыздар.


Біз түсте асханада тамақтанамыз. Бүгін де асханаға бардық. Даяшы мәзірді берді.Біз тамақ таңдай бастадық.

Даяшы: Қандай тамақ әкелейін?

Мен: Қазы, кеспе, қуырдақ, шай, шайға жет беріңіз.

Досым: Жая, сорпа, қазақша ет, шай, шайға шәкшәк әкеліңіз. 

Даяшы: Басқа ештеңе керек емес пе?

Біз: Қымыз, шұбат болса, ішер едік.

Даяшы: Қымыз да, шұбат та бар, қайсысын әкелейін?

Досым: Жая, сорпа, қазақша ет, шай, шайға шәкшәк әкеліңіз.

Даяшы: Басқа ештеңе керек емес пе?

Біз: Қымыз, шұбат болса, ішер едік.

Даяшы: Қымыз да, шұбат та бар, қайсысын әкелейін?

Мен: Маған қымыз әкеліңіз.

Досым: Маған шұбат беріңіз.

Даяшы: Қазір бәрін әкелейін, аз ғана күтіңіздер.

Лезде даяшы қымыз бен шұбат әкелді.

Мен: Мына қымыз нағыз ауылдың қымызындай дәмді екен.

Досым: Шұбат та өте жақсы.

Біз қымыз бен шұбатқа риза болып отырғанда, даяшы тамақ әкелді. Біз тамақтарымызды ішіп, ақшасын төлеп, даяшыға дәмді тамақ үшін рахмет айтып, жұмысқа кеттік.

Сөздік жұмысы

1. Жаңа сөздерді тауып, аударыңыздар.

2. Жаңа сөздерді аудармасымен бірнеше рет оқыңыздар.

3. Жаңа сөздермен сөйлем құрап жазыңыздар.

4-тапсырма. Төмендегі сөздерге фонетикалық (сатылай кешенді талдау) жасаңыздар.

Қымыз, шұбат, дәмді, асхана.

5-тапсырма.Колледжасханасының тәртібімен танысып, етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.

- Колледж асханасын үзіліс кезінде бекітілген кесте бойынша қолдану керек.

- Асханада болғанда студенттердің міндеті:

- «Асханада өзін ұстау нұсқаунамасына сәйкес» өздерін ұстау білулері керек.

- Сыртқы киіммен асханаға кіруге болмайды.

- Ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары қажет.

- Асханадан алған тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек.

- Мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынулары керек.

- Тамақты кезекпен алады .

- Тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.

- Асхана мүлігін сындырмайды.

- Асхана заттарын сыртқа алып шығуға тыйым салынады.

6-тапсырма. Біліміңізді тексеріңіз. Сөздердің аудармасын жазыңыз. Келер шақ формасындағы етістіктерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар

Сорпа _______ Тауық _______   Ірімшік ______  Қымыз _________   Картоп _______    Бал ________

Шырын _______ Балық ______ Айран _______  Көже _________      Палау ________    Тосап _________


7-тапсырма. Диалогты оқыңыз, жауап беріңіздер. Етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.

-Үсен, таңғы асқа не жедің?

- .........................................................

- Түскі асқа не ішкің келіп тұр?

- .........................................................

- Кешке не жегенді қалайсың?

- ..........................................................

8-тапсырма.Бағандағы сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңыздар. Сөйлемдеріңізді келер шақта жазыңыздар.

Сүтті шай

9-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.

1. Ас қою

2. Сусын кесу

3. Жұмыртқа жасау

4. Тамақ асу

5. Дастарханға пісіру

6. Кеспе қуыру

7. Ет ішу

Ү. Қорытынды: Кері байланыс парағын толтыру.

1. Сабақтан қандай әсер алыңыз?

2.Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?

3.Қай тапсырма орындауда қызықты болды?

4.Біліміңізді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңыз?

VI. Үй тапсырмасы:Келер шақтың түрлеріне мысалдар жазу. Асханада тақырыбына сөйлесу.

VIІ.Білімді бағалау:Студенттердің білім сапасы мен тіл байлықтарына, ой-пікірлерінің құндылықтарына, жауаптарына орай, білім деңгейін бағалау.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
1262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі