400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Астрономиялық белгілер бойынша бағдарлау. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: «Cәулет өнері»

Күні: 23.12.19

Сынып: 3 «б»

Мектеп: «Матай орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Байдильданова Б.Б.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Астрономиялық белгілер бойынша қалай бағдарлауға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқубағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1. астрономиялық белгілерге қарап көкжиек тұстарын анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:астрономиялық белгілерге қарап көкжиек тұстарын анықтау;
Көптеген оқушылар жасай алады:Күнге, Темірқазық жұлдызы мен Айға қарап көкжиек тұстарын анықтайтын болады;

Кейбірі оқушылар жасай алады: Күн сағатарын жасауға тәжірибе жүргізетін болады;

Бағалау критерийлері

  • Күнге қарап көкжиек тұстарын анықтай алады;

  • Темірқазыққа қарап көкжиек тұстарын анықтай алады;

  • Алынған ақпараттарды өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология: Бағдар алу, Күн, Ай, жұлдыздар

Талқылауға арналған сұрақтар:

Астрономия дегеніміз не?

Бағдарлау дегеніміз не?

Қай жұлдыздар жол көрсеткіш жұлдыздар?

Неліктен?

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, әдебиеттік оқу.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Жергілікті жердің белгілеріне қарап және тұсбағдардың көмегімен көкжиек тұстарын анықтай алу дағдылары бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал орнату:

Мұғалім: - Балалар, бүгін сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер?
- Бүгінгі ашық сабағымызға қонақтармыз да келген екен, ал ендеше әуелі амандасып алайық.
Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Қайырлы таң, достым,

Қайырлы күн болсын.

Дүйсенбінің күні ,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

– Балалар, сендердің жылы жүздеріңді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымызда өте қызықты, өте пайдалы деректер айтылатын болады. Мұқият тыңдап, тапсырманы бірлесе, белсенді түрде орындайтын болсақ, көп нәтижелерге жететін боламыз. Сонымен сабағымызды бастаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау: Сөз жұмбақ.


М

А

С

Ш

Т

А

Б








П

Л

А

Н







Б

А

Ғ

Ы

Т





С

А

У

Д

А








Қ

А

Л

А




Т

А

У

А

Р







А

У

Ы

Л









Б

А

Қ








С

у

Р

Е

Т

Сұрақтары:

  1. Жер бетіндегі өлшенген қашықты қағазға түсіргендегі кішірейтілгендегі бөлшек сан.

  2. Барлық затты жоғарыдан қарағандағыдай кішірейтілген түрде бейнелейтін сызбаны ата.

  3. Тұсбағдар арқылы нені анықтайды?

  4. Экономика салаларының бірі.

  5. 12 мыңнан астам адам тұратын елді мекенді ата.

  6. Сатуға арналған еңбек өнімін не дейміз?

  7. Елді мекен қалалық және .........дық болып бөлінеді

  8. Ненің шартты белгісі?

  9. Барлық заттың кескінін сол қалпында бейнелеуді не дейміз?

ҚБ: Бағалау парағы : Бейджикпен марапаттау

Мұғалім:

Шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Арты да жоқ, алды да жоқ,
Жасың да, кәрің де біледі,

Өте үлкен шар сөз жоқ. (Жер ғаламшары)


Ол жазда да, қыста да,

Жер мен көктің арасында,

Өмір бойы жүре берсең де,

Таң қаласың жете алмайтыныңа. (Көкжиек)


Көп моншақты үй үстіне қойдым шашып,

Қарасам толып жатыр көзін ашып.

Үйіме сәулеленіп түссе жарық

Кетеді әлгі моншақтың бәрі қашып. (Жұлдыз)


Кейде орта, кейде толы бір тегене,
Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,
Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,
Балалар, ойлап қара, бұл немене? (Ай)

Ақ сандығым ашылды,
Қызарып жалын шашылды. (Күн)

Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтейді жолыңды,

Батысқа болсын мейлі шығысқа. (Тұсбағдар)

Тірек сөздерді қолдану арқылы тақырыпты ашу.

Жұлдыз, күн, ай, бағдарлау.

Тақырып:

Астрономиялық белгілер бойынша бағдарлау.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты: аспан денелеріне қарап көкжиек тұстарын анықтауды үйренетін боламыз.

Мақсатты сұрау

Жаңа тақырыпқа шолу.

Мұғалім:

«Бағдарлау» орыс тілінде «ориентирование» деп аталады. «Ориентирование» сөзі латынның

«oriens» – «шығыс» деген сөзінен шыққан. Ерте замандардан бері әлемнің шығыс тұсы қасиетті болып саналған. Себебі, шығыстан Күн шығады. Күн – тіршіліктің көзі.

Жергілікті жерді бағдарлау дегеніміз өзіңнің орналасқан жеріңді, қозғалыстың бағытын, көкжиектің тұстарын, жергілікті жердің бедерін, анықтау дегенді білдіреді.

Аспан денелеріне не жатады?

Топтастыру. Әдіс. «Сурет арқылы»(Марс, Юпитер, Сатурн, Уран)

Мұғалім
1 тапсырма . Әдіс. «Жұлдыз аулау» Топтық жұмыс.

  • Телескоп дегеніміз не?

(Жұлдыздар мен аспан денелерін бақылайтын құрал.)

  • Тұсбағдар не үшін қажет?

(Бағдарлау.)

  • Тұсбағдарды қай кезде қолданады?

(Бағдарлау үшін)

  • Көкжиек тұстарын ата.

(шығыс,батыс, оңтүстік, солтүстік)

  • Қандай жұлдыздарды білесің? (Шолпан, Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер т.б.)

  • Тұсбағдардың қызыл тілі қай тұсты көрсетеді? (Оңтүстікті)

  • Тұсбағдардың көк тілі қай тұсты бағдарлайды? (Солтүстікті)

  • Тұсбағдардың оң және сол жағы қай тұсты көрсетеді? (оң – шығыс, сол- батыс)

ҚБ: Бағалау парағы (Күн)
























Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары




Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

































































Оқушыларды топтастыру арналған суреттер.














Сабақтың ортасы

2-тапсырма.

«Күн жүйесі» бейнематериал

Бағалау критерийі

  1. Ақпаратты топпен талдайды

  1. Күн жүйесіндегі Күн мен Жердің орынын анықтап, жаз.

  2. Күн жүйесіне кіретін планеталарды жаз.

  3. 1 -Сұрақ құрастырады.

ҚБ: Бағалау парағы (Ақылды Үкі)

Сергіту сәті.


3-тапсырма.

А- Көкжиекті жұлдыздар арқылы анықтау.

А- Күн арқылы анықтайды.

С- Күн сағатын жасау, қолдануын түсіндіру.

В - «Оқиға картасы» қызықты әңгімелер байқауы

Жетіқарақшы жұлдызы туралы аңыз.

Жетіқарақшы Үркердің Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркерліктер түнде Жетіқарақшыларға жетуге тырысады екен, бірақ жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді дейді.
Ең жарқырап тұрғанын қарақшылардың бастығы, жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екеуі жақындағанда таң бозара бастайды.


Атауы


Shape2


Кейіпкер


Shape3


Ахуал жағдай


Shape4

Шешім

Shape5

Проблема

Shape6


Оқиға

ҚБ: Бағалау парағы. (жұлдыз)



Жеке жұмыс


Тыңдалым

Жазылым









Топтық жұмыс


Тәжірибе


Оқылым

Айтылым





Жазылым










Сабақтың соңы

Қорытынды:

Әдісі: «Ақиқат» немесе «Жалған»

Тәсілі: Деректі сөйлемдер.

  1. Астрономия – аспан денелерін зерттейтін ғылым.

  2. Тұсбағдар -аспан денелері мен жұлдыздарды бақылайтын құрал.

  3. Темірқазық жұлдызы әрдайым солтүстікті нұсқайды.

  4. Күн жүйесін 8 планета айналады.

Рефлексия

Әдісі: «Нысана»




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілетіжоғарыоқушыларға қандайміндетқоюдыжоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
















Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?















А- Көкжиекті жұлдыздар арқылы анықтау.



Shape10 Shape9 Shape8 Shape7


Темірқазық жұлдызы әрдайым солтүстік бағытты нұсқайды. Темірқазық жұлдызын түнгі аспаннантабу қиын емес. Нобайы шалқасынан жатқан шөміш тәрізді Үлкен Жетіқарақшы жарқыраған, жеті жұлдыздан тұрады. Үлкен Жетіқарақшының екі неткі жұлдызын ойша жүргізілген сызықпен қос. Осы екі жұлдыздың арақашықтығын жоғары қарай – сол бағытымен бес есе созсаң, Кіші жетіқарақшының шеткі ең жарық жұлдызына тіреледі.

Ол – Темірқазық.















А- Көкжиек тұстарын күн арқылы анықтау.



Shape11 Shape13 Shape14 Shape12



Күнге қарап бағдарлау. Күн шығыстан шығып, батыстан батады. Талтүсте Күн оңтүстікте болады.

Егер талтүсте күнге арқаңды беріп тұрсаң, онда көлеңкең солтүстік тұсты бағыттайды. Арқа жағың оңтүстікті, оң жағың шығыс, сол жағың батысты бағыттайды.

Күннің шығар тұсы шығысты, батар тұсы батысты көрсетеді.






















С- Күн сағатын жасау, қолдануын түсіндіру.




Күн сағаттары — күн сәулесі арқылы уақыт анықтауға қолданылатын аспап. Ол ортасында дүние осіне параллель бағытта қозғалмайтын етіп бекітілген өзекшесі мен пластинкасы бар тең бөліктерге бөлінген циферблаттан тұрады. Алғашқы күн сағатын орта ғасыр астрономия және математика ғалымы Жабир ибн Әфлаһ ойлап тапқан. Күн сағаты қашан және қай жерде пайда болғаның нақты айтуға қиын, алайда зерттеушілер күн сағаты Мысырда пайда болғандығын айтады. Бірінші қалалық күн сағаты Күн құдайдың (Ра) құрметіне арнап ескерткіш ретінде Мысыр қалаларында салынған.

Өзекшенің циферблатқа түскен көлеңкесі өзінің әр уақыттағы тұрған қалпымен күннің тура уақытын көрсетіп тұрады. Әдетте күн сағаттарының дәлдігі бірнеше минуттан аспайды.

Астанадағы күн сағат жобасының авторы сәулетші Антон Максимов. Сағаттың тілінде маңызды тарихи күндер бейнеленген. Автордың идеясы бойынша сағатқа маңызды тарихи оқиғалар мен әйгілі тұлғалардың туған күндері жазылған. Сонымен қатар, сағаттың төменгі жағында келешек ұрпақтың маңызды даталарын жазатын арнайы орын қалдырылған.

Күн сағатты жасаудан бұрын шеберлер отандық обсерваториялардың мамандарынан кеңес алған. Нәтижеде – циферблаттың ортасындағы металдан жасалған өзекше дәл уақытты көрсетеді. Сағаттың дәл қанша болғанын білу үшін өзекшеден түскен көлеңкеге мұқият қарау керек. Циферблаттарда 6,9,12,15 және 18-00 сандары жазылған, көлеңке осы сандарға түскенде сағаттың неше болғанын білуге болады.





















В . «Оқиға картасы» қызықты әңгімелер байқауы (топтық жұмыс)


№1

«Балалар орманға саңырауқұлақ теруге барып, жолдан адасып қалды. Олар үйге қайтар жолды қалай таба алады?»

№2

«Досыңа көкжиектің тұстарын күнге қарап анықтауға көмектес»

№3

«Сен кеменің капитаны екеніңді елестет. Саған түнгі жұлдызды аспан үйге барар жолды табуға көмектесе ала ма?»

№4

«Руслан көкжиектің тұстарын құмырсқа илеуімен анықтады. Ол мұны қалай жасады?»































Shape15

3 «Б»








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
2125
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі