400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары: Атомның құрамы мен құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Атомның құрамы мен құрылыс тақырыбына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оқу сабағының жоспары



__№1. Атомның құрамы мен құрылысы___

(сабақтың тақырыбы)

     


Модуль /пән атауы ___Химия____________________________     

Педагог __Жүсіп Жанар Әбдіғалымқызы___________________ дайындады

20_ жылғы "___" ____________

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: _1 курс, _________________

Сабақтың түр: Жаңа білімді меңгеру сабағы

2. Мақсаты, міндеттері: Атом құрылысы жайындағы заманауи көзқарастардың және зат пен атом бөлшектерінің маңызды сипаттамасын біліп, табиғаттағы радиоактивтіліктің және радиоактивті изотоптардың ыдрауының себебін түсіндіру. Ядролық реакциялар жағдайларын білу.

3. Күтілетін нәтижелер:

  • Атом құрылысы жайындағы заманауи көзқарастардың негізгі ережелерін атайды;

  • Протондардың, нейтрондардың, электрондардың, нуклондардың және нуклидтердің физикалық мағынасын түсінеді;

  • Изотоптар, изотондар туралы түсініктерді ашады.

  • Радиоактивтіліктің табиғатын және изотоптардың ыдырау себебін анықтайды;

  • Табиғи изотоптардың тұрақтылығын түсінеді;

  • α-сәулелер, β-сәулелер, рентген-сәулелерді ажыратады;

  • Заттардың радиоактивті ыдырау түрлерін атайды.

4. Қажетті ресурстар:

1. М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова; Химия, 10-сынып (ЖМБ),

§1, §2, §3, §4, §5

  1. А.Е.Темірболатова, Н.Н.Нұрахметов, Р. Н. Жұмаділова,С. К. Алимжанова; Химия: 10-сыныпқа арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2015ж.;

  2. https://www.okulyk.kz/wp-content/books/705/705.pdf

5. Сабақтың барысы

5.1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, топ басшысының мәлімдемесі бойынша білім алушыларды түгендеу, сабаққа назар қою.

5.2. Білім алушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:

Химия пәні бойынша өтілген тақырыптарға шолу

Миға шабуыл әдісі:

  1. Химия пәні нені оқытады?

  2. Химиялық заттар қалай жіктеледі?

  3. Химиялық теңдеулер дегеніміз не?

  4. Химиялық реакциялардың негізгі типтері?

  5. Периодтық кестеге сипаттама беріңдер?

5.3. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

«Атомның құрамы мен құрылысы»

Атом ядросындағы протон және нейтрондарды бір атпен нуклондар деп атайды, олар ядролық бөлшектер. Массалық сан – сол элементтің атомының ядросындағы нуклондардың жалпы санын көрсетеді, мысалы натрий атомының массалық саны 23 ке тең, демек натрий атомының ядросында 23 нуклон (яғни протон мен нейтрон бар) Жалпы алғанда атомды электробейтарап бөлшек деп білеміз, яғни атомның электрондық қабатындағы электрондар саны протондар санына тең. Сонымен, атом ядросы – өзара ядролық күштер арқылы байланысқан нуклондардан тұратын оң зарядты күрделі бөлшек деген қорытынды шығаруға болады.

  1. тапсырма: “Түртіп алу” әдісі

Оқулықтан тақырыпты оқып, керек мәліметтерді жазып алу.

2-тапсырма: “Көршіңмен талқыла” әдісі. Жұптық жұмыс.

Элементарлық бөлшектер сипаттамасы бойынша тапсырманы орындап, кестені толтырады.

Атом

Протондар саны

Нейтрондар саны

Электрондар саны

Na




AI




С




Р




Са




3-тапсырма: Жеке жұмыс.

Мына берілген элемент атомдарының нуклондарын анықтаңдар:

Si, P,Ca, Fe, Cr, Cu, Br

5.4. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:

4-тапсырма

Периодтық кестеден бір элементті таңдап, атом құрамын сипаттаңдар

5.5. Cабақтың қорытындысы

6. Сабақ бойынша рефлексия

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша

7. Бағалау

Оқу мақсатын талдай отырып, білім алушыларды бағалау

  1. Үй тапсырмасы:

1. “Атом құрылысы мен құрамы” тақырыбын оқу;

2. Тапсырмалар мен өзіндік жұмыстарды орындау;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
269
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі