Сабақ жоспары: Ауа. Ауаның құрамы 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Ауа. Ауаның құрамы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
АУА РАЙЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2В Ауа. Жану реакциясы

(2 с.)


Мектеп:Қ.Дамитов атындағы орта мектебі

Үлкен Нарын ауылы Катонқарағай ауданы


Мұғалімнің аты-жөні:Копжасарова.Е.М

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ауа. Ауаның құрамы



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1 ауа құрамын білу

7.3.1.2 атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

Ауаның сандық және сапалық құрамын білу

Көптеген оқушылар білу керек:

Жану процесінің түзілу өнімдерін анықтау

Кейбір оқушылар білу керек:

Ауаның ластанудан сақтану жолдарын ұсыну


Бағалау критерийлері

- Ауаның сапалық және сандық құрамын біледі

- Жану процесіне оттек газы қатысатынын түсінеді

- Жану процесінің түзілу өнімдерін анықтайды

- Атмосфералық ауаның ластануын талдайды


Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Пәнгеқатыстыарнайы лексиканыңкөмегімен ауада жану сынақнәтижелерінауызша сипаттайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ауа, ауа құрамы, азот, оттек, көмірқышқыл газы, инертті газдар, көмірсутек, су буы, жалын, күйе, жану, жану өнімдері.

Диалогқа пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • Ауа құрамы .... газдардан тұрады.

  • ..... жанған кезде ..... өнімдер түзіледі.

..... бірден өшпейді, ...... тікелей өшер алдында сары түске еніп ......түзіледі, бұл жағдайда стаканның ішкі бөлігі .......... бөленеді.

Құндылыққа баулу




Топтық жұмыс нәтижесінде бір-біріне деген сыйластық,өмір бойы оқуға баулу.Сабақтың мазмұны арқылы жауапкершіліккебаулу

Пәнаралық байланыстар

География-жер қабықтары,биология-фотосинтез процесі

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта,презентация

Бастапқы білім


Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5-сынып)

5.2Ауа (Ғылымға кіріспе 1-4 сыныптар)

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)
































Ұйымдастыру кезеңі: «Көршінің суреті» Бір парақ қағазға бір-бірінің суретін салып береді

Топқа бөлу:«Түрлі-түсті ленталар» арқылы:Оқушылардың қолындағы лентасы екі түсті болады. Оқушылар түсті ажырата отырып топқа бөлінеді:

1-топ: Қызыл «Оттек» тобы

2-топ: Көк «Азот» тобы

Үй тапсырмасын сұрау:

1-топ:

1- тапсырма:

1-тапсырма

Элементтердің атомдарындағы электрон, протон, нейтрон сандарын, салыстырмалы атомдық массасын, аталуын анықтаңыз: а) B b) F

Дескриптор: элементтердің атауын, құрылымын және қасиетін анықтайды

«Бағалау» -«Шапалақ»



2-топ: 2 тапсырма:

Кестегі элементтердің элементар бөлшектерін дұрыс жазып,атаңыз және кестені толтырыңыңыз

Дескриптор:-Элементтің таңбасын жазады

-элементтің атауын атайды

- элементтің протон санын көрсетеді

- элементтің нейтрон санын көрсетеді

- элементтің электрон санын көрсетеді

«Бағалау» -«Шапалақ»

Жаңа сабаққа кіріспе:Ширату жаттығулары: «Көрінбейтін сиқыршы» Жер бетінде көзге көрінбейтін сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалап жүргенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың.

Сені үнемі қоршап тұрады,

Сенімен бірге жүреді.

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

(Ж):«Шын-жалған» әдісі (Т,F карточкасын көрсетеді)

1-тапсырма:«Кіріспе сұрақтар» арқылы

1.Ауа иіссіз

2.Ауаның құрамында аздап темір кездеседі

3. Ауасыз тіршілік болмайды

4.Ауа бір ғана заттан тұрады

5. Ауа бірнеше газдар қоспасынан тұрады

6. Ауаның 3 агрегаттық күйі бар

Б)Бағалау: Өзара бағалау(дұрыс емес түсті көтерген оқушыны түзету) - қызыл, жасыл карточкалар арқылы сөйлемнің дұрыс – қателігін ажыратады

Оқу бағдарламасы

Оқу жоспары









Түрлі-түсті қағаздар













































Үлестірме қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы

(25 мин)















































1 топ: (Т) «Постер құру» әдісі арқылы "жеке-жұп-топ-сынып" схемасы арқылы бойынша жүзеге асырылады -Оқулықпен жұмыс

(Т)Ауа құрамының диаграммасын құру

Дескриптор:

1.Ауаның газдар қоспасынан тұратынын түсіндіреді

2.Ауаның құрамындағы газдардың пайыздық мөлшерін түсіндіреді

3. Ауаның құрамына кіретін асыл газдарды атайды

(Б)Бағалау:Өзара бағалау-смайликтер Shape1

Сергіту сәті: «Шаттық шеңбері»

2 топ:

(Т) «Постер құру» әдісі арқылы "жеке-жұп-топ-сынып" схемасы арқылы бойынша жүзеге асырылады -Оқулықпен жұмыс

Дескриптор:

-Ауаның ластану себептерін түсінеді

-Зиянды газдар қоспасын айта алады

-Ауаның ластанудан сақтану жолдарын қорытындылайды

(Б)Бағалау: «Бағалаудың қанағаттандыру индесі»



«Досыма SMSжазу» әдісі арқылы топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

1 топ:

Инертті газдарды атаңдар?

Азот пен оттектің мөлшері қанша?

2 топ:

1.Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында елімізде қандай бағдарлама қабылданды?

2.Біздің ауылда қандай жағдайда ауаны ластануда?

Топтық бағалау:«Екі жұлдыз,бір тілек» топтар бір-біріне айтады

Оқулықпен жұмыс




























































Сабақтыңсоңы

(10 минут)


5-тапсырма:(жж)Т кестесі әдісі:

Shape2

Shape3

Ауаны ластаушылар Қорғау жолдары




Дескрипторлар:

  • Ауаның ластану түрлерін атайды

  • Ластанудың алдын алу және қорғау жолдарын ұсынады

Бағалау: «Бүгінгі сабақта...» ауызша өз ойларын айтады

Көрініс:«Нағашы мен жиеннің әңгімесі»

Нағашы:Ассалаумағалейкум

Жиен: Уағалейкум,нағашы

Н: Уа,қайдан келесің,Жиенжан? Ауыл-аймақ аман сау ма?

Ж: Ой нағашы,қайдағы амандықты сұрап тұрсыз.Немене газет,теледидар көрмейсіз бе?

Н: Не болып қалды?

Ж: Қазақстанда 3 млн. Тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді.200 млн тоннадант астам қалдық қоқысқа лақтырады.Ойбай-ау,тіпті мына Ертістің маңайында Ерназар ағамның жылқысы қырылып қалды ем ес пе?

Н: Ей,балам,малдан адам артық қой.Өзіміздің облыс орталығында Өскеменде тыныс жолдары,аллергиялық т.б аурулардың түрлері көбйіп барады деген ақпараттарды айтуда.Осы атам қазақ көзін тырнап ашқалы ел,жер туралы өсиет қалдырған,соны біздің орындауымыз парыз деп деп ойлаймын.Адамзатты экологиялық сауаттылыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу керек деп ойлаймын.

Ж: Ендеше, Нағашы, мына балалардың құлағында қалсын,екеуіміз біраз шешендік сөз жарыстырып көрейік

Н: Ал,ендеше мен бастайын:

«Орман ,тоғай-жер сыны

Бетеге,жусан-бел сыны

Ж:Көкорай шалғын-көл сыны

Ебелек ермен-жол сыны

Н:Дуадағы болмаса,шөлдің көркі бола ма?

Ж: Орман,тауы болмаса,жердің көркі бола ма?

Н: Ел ағасыз болмаса

Ж: Тон жағасыз болмас

Н:Егеменді туымыз болсынІ

Ж:Ел ағасы өз ұлымыз болсын!

Бірге: Алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!!!

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз білімдерін «Алты қалпақ» әдісі арқылы өз ойларын жинақтап,сабақты қорытындылады

Бағалау: «Блоб ағашын толтыру»

(Жж)«Тазалық» әдісі бойынша жинақтады:

Shape5

Үй тапсырмасы:

Ауа құрамын оқу

Тақырып бойынша ашық тест құрастыру

«Таза ауа-жанға дауа» тақырыбына шағын шығарма жазу





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2017
908
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі