400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары "Ауладағы құстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы ортаңғы топ тәрбиешілеріне арналған үй құстары туралы сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру аймағы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Ауладағы құстар

Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту. Оларды бір-бірінен айыра білуге үйрету. Үй құстарына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Полингвальді компонент: қаз-гусь-гус, үйрек-утка-дак,

тауық-курица-хен, әтеш-петух-кок.

Құрал-жабдықтар: үй құстарының суреттері, қима суреттер, құстардың дыбысы жазылған үнтаспа.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Амандасу, келген қонақтармен амандасу.

Шаттық шеңбері.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанады достарым,

Арайлап атқан таңға.

Ал, енді балалар бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді мен айтамын, ал сендер қайталайсыңдар.

Қаз, үйрек, тауық, әтеш, балапан, жұмыртқа, жем, су.

Жарайсыңдар балалар. Енді орындарыңа отыра қойыңдар.

Қараңдаршы балалар сендердің алдарыңда қима суреттер жатыр.



Осы қима суреттерді құрастыра қойыңдар. Ненің суреттері шықты? (балаларға суреттегі құстардың атауларын айтқызу)

-Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Тақтадағы суреттерге балалардың назарларын аудару. Үй құстарының атауын үш тілде айтқызу.

Полингвальді компонент: қаз – гусь - гус, үйрек – утка - дак,

тауық – курица - хен, әтеш – петух - кок.

Сұрақ-жауап:

-Оларды неге үй құстары деп атаймыз?

-Олардың қандай пайдасы бар?

-Үй құстары немен қоректенеді?

Тілдік қимылдық жаттығу:

Ауыл маңы саз-саз-саз

Жайылады қаз-қаз-қаз,

Жем шашсаң мәз-мәз-мәз.

Тоймай қалса қаз-қаз-қаз,

Шашқан дәнің аз-аз-аз.

Ойын: «Дауысынан таны»

Үнтаспадан үй құстарының дыбыстарын тыңдатып, балалардан қандай құс екенін тауып айтқызу.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Екі қолды созамыз.

Құс қанатын қағамыз

Бір отырып, бір тұрып.

Орнымызды табамыз.

Алдарында үй құстарының суреттері қойылған.

Тақтада дәл сондай суреттер ілініп тұр. Қазір сендерге 10 секунд уақыт беріледі сол уақыттың ішінде осы суреттерді естеріңе сақтап рет-ретімен қоюларың керек.

Екінші суретпен де дәл сондай жұмыс жүргізіледі.

Сұрақ жауап арқылы сабақты қорыту.

Орындайды: суреттен үй құстарын айыра біледі.

Түсінеді: Үй құстарының пайдасын.

Қолданады: жаңа сөздерден сөйлемдер құрастырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
2680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі