400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Б б дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауаташу пәнінен сабақ жоспарын әріп пен дыбысты өткенде көмекші құрал ретінде ұсынып отырмын.Бастауыш сыныпта сабақтың жоспарын құрғанда міндетті түрде ойын түрінде құрастырған жөн.Жаңартылған бағдарламада әрбір сабақтың өзіне тән ерекшелігі бар.Сабаққа керек ресурстарды қолжетімді етіп алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.АКТ-ны (аудио жазба,видио жазба т.б.)сабаққа тиімді пайдалану керек.Тапсырмаларды оқушының білім деңгейіне қарай дайындаған дұрыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатқа саяхат

Мектеп: Торғай орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Молдагулова Б.К.

Сынып: 1сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Б б дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Жаңа білімді меңгереді.Б әрпін

таниды,дыбыспен сәйкестендіреді.Буындап,кейбір

сөздерді тұтас оқиды.

Көптеген оқушылар:Тақырыпты түсініп,тыңдап,

жетекші сұрақтар арқылы талдайды.

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Бағалау

критерийлері

Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

Түсініп оқиды.

Тілдік мақсаттар


Балық-рыба,бор-мел,бақа-лягушка


Құндылықтарды

дарыту

Бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық, татулық


Пәнаралық

байланыстар

көркем еңбек, дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым

Бастапқы білім


П дыбысы мен әрпінің дыбысталуы мен жазылуы, буын, сөздер, сөйлемдер, мәтінді түсініп оқиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3мин









2мин










Қызығушылықтарын ояту: «Қолшатыр» ойынын ойнату.

Ойынның шарты: Жаңбырдан тығылу үшін балапандар қолшатырдың астына тығылады. Қолшатырдың астында 1,2,3-пен тамшыларда сандар жазылып тұрады. Оқушылар өзіне ұнаған түсті алады. Сосын сол түстер бойынша «бота», «балық», «көбелек» топтарына бөлінеді.

Өткен сабақта өткен «п»дыбысы мен әрпіне берілген тапсырмаларды қайталау.

Жұмбақ шешу: Бұл не?

Қызықтырып әркімді-ақ,

Суда жүзер жалтылдап.

«Б» әрпінен басталған

Сол жүзгіштің атын тап.(топтардың жауаптарын тыңдау)

Балық деген сөзді тақтадан көрсеткенде, қандай дыбыс таныс емес екенін оқушылар өздері табу.

Т. Б әрпін алдарындағы таратылып берілген заттардан құрастырып берулерін сұраймын.

Қолшатыр,

Тамшыларда

жазылған

сандар




Бота,балық,

көбелектің суреті







Сіреңкенің шиі,

қарындаш,

сызғыш

Сабақтың ортасы


10мин



























2мин













10мин






2мин



1мин









Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Балалар, мен сендерге шағын әңгіме айтып берейін.

Суда жүзіп жүрген балық бақаны кездестіреді.

-Сәлем, бақа!

- Сәлем,балық!

-Судың жағасында не істеп жүрсің?

-Күнге қыздырынып,дем алып жатырмын.

-Жарайсың,бақа!-дейді де,балық су түбіне жоқ болып кетеді.

- Балалар,бақа қандай дыбыс шығарады?(оқушылар дауысын келтіреді)

Бб дыбысының баспа,жазба түрлерімен таныстыру.

Б дыбысын ауада жазғызу.

Б дыбысының артикуляциясын ұғындыру.

Б-дауыссыз дыбыс екенін өздері дәлелдеу.

Дауыссыз дыбыс болса, қандай белгімен белгілейміз?

Оны қандай үйшікке кіргіземіз?

Балық сөзіне дыбыстық талдау жасау.

«Ойлан, тап» ойыны..Өздері тақтада ілулі тұрған суреттердің біреуін таңдап тапсырмаларын топпен орындау.

1-топ.Балта сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

2-топ:Балға сөзіне сөйлем құрастырады.

3-топ: Б дыбысы бар сөздер тауып айтады.

№1.Оқылым.Оқулықтағы мәтінді оқу.

№2.Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжау.

Жж.Диалогті сыныптасыңмен рөлге бөліп оқу.

Сергіту сәті: «Бақа» (қимылмен жасайды)

Бақа,бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

Бақа,бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

Су ішінде көп жүріп,

Көзім содан тостақ.

Бақа,бақа балпақ,

Аяғың неге талтақ?

Су бетінде көп жүзіп,

Аяғым содан талтақ.

Дәптермен жұмыс.№2 үлгі дәптері.22бет,116 сабақ

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемілеп жазайық.

«Моншақ тіз!»ойыны

Т..Шашылып берілген әріптерден сөздер құрастыру.

1топ: балта

2топ: балға

3топ: банан

Ұ. Жұмбақ әріпті табу.

Сөз басында «Б» болса,

Бас киімің боламын.

Сөз басында «Ө» болса,

Жазда пісіп толамын.

(Бөрік-өрік)




аудиожазба










Бб баспа, жазба түрі



Балта, балға, бақаның суреттері





















Жазу үлгісі№2





әріптер





Керекті әріптер




Бөріктің,өріктің суреттері



Сабақтың соңы


3мин












2мин

«Допты қағып ал!» ойыны.

Оқушылар допты бір-біріне лақтыру арқылы жаңа сабаққты байланысты сөздер тауып айтады.

Тапсырма.

Сөздерді оқыңыз және сәйкес суреттермен байланыстырып сызыңыз.

ба-қа бо-та бал-та бал-ға бақ-бақ кө-бе-лек




Рефлексия:

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Ол дауысты ма.,дауыссыз ба?

-Біз жаңа дыбысты қай үйшікке кіргіземіз?Неге?

-Сендерге сабақ ұнады ма?Бүгінгі қойған мақсатымызға жете алдық па?





Доп




сюжетті суреттер









кеменің суреті салынған сурет



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1961
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі