400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Б дыбысы мен әрпі. Табиғатқа саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Саяхат

Мектеп: «Қалақол орта мектеп-бақшасы»КММ

Күні:22.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні : Бекбаева А.З.

Сынып: 1 «а»

Қатысқандар: 17

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Б дыбысы мен әрпі. Табиғатқа саяхат.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтеме)

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.

2.1 Оқу түрлерін қолдану.

1.9. Сөздерді дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау.


Оқу мақсаттары.

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін(дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.т

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті белгілерін қою.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерилері


Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. .

Әріптерді таниды және ажыратады.

Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады

Сөздік қор

Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта.ұшақпен ұшу,пойызбен бару

Құндылықтарды

дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,көркем еңбек, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , видеоролик «Бор неден жасалады?»

Тілдік құзыреттілік

Бауырсақ-колобок-kolobok

Балық-рыба-fish

Бота-верблюжонок-colt

Балапан-цыпленок-chicken

Бор-мел- chalk

Алдыңғы меңгерілген білім


5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.

Қуаныш шеңбері.

Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айтады.

Арайлап атқан таңға сәлем,

Шуағын шашқан күнге сәлем.

Білім беріп тәрбиелеген,

Ұстаздарым сіздерге сәлем.

-Балалар біздер қандай бөлімді бастадық?

-Саяхат деген не?

-Саяхатқа немен шығамыз?

-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Бүгінгі сабақта сіздер топпен бірлесіп жұмыс жасайсыңдар. Жұмбақ шешу арқылы топқа бөлеміз

Шаттық шеңбері.
























Сабақ ортасы


-Балалар, бүгін жай саяхат емес. Бүгінгі сабақта біз бірнеше кейіпкерлермен орманға саяхат жасаймыз.Оның аттарын мына жұмбақты шешсеңдер білесіңдер.

Сап-сары, доп-домалақ, Жүгіреді домалап, Жұп-жұмсақ, тәп-тәтті, Жеген адамды таңырқатты. (Бауырсақ)

Өте жақсы балалар сонымен қатар біз бүгін жаңа әріппен және дыбыспен танысамыз.

-Бауырсақ сөзі қай әріптен басталады?

Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз – Б дыбысы мен әрпі.
- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2 – 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.

-Б дыбысы қандай дыбыс?Неге?

- Б дыбысы дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады?

Б - дыбысын айтқанда еріннің бір – біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбысты белгілейтін графикалық таңба.

Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. Б - дыбысының дауыссыз екенін айту.

-Қай сөздерде б дыбысы бар?

-Бауырсақ жайлы қандай ертегі білесіңдер?

-Ендеше осы ертегіні есімізге түсірейік.

–Балалар б әрпі бар сөздерді кімдер айтады? -Балық, баға, бақа, балапан, бақбақ, бас, асқабақ, батыр, бала, бидай, бот, бұғы, биік.

–Балалар, енді Бауырсақ кейіпкері сендерге тапсырма алып келді? -Оны орындасақ, келесі кейіпкеріміздің тапсырмасын орындаймыз. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса. –бақбақ, бал, арба, білім, батыр, бесік.

–Енді балалар бір-бірімізді от шашу арқылы бағалайық.

--Қанаты жоқ ұшпайды
Су астында қыстайды. (
Балық) -Балалар балық туралы ертегі білесіңдер ме? -Алтын балық ертегісі. –Енді осы алтын балығымыздың тапсырмасын орындайық. Оқулықпен жұмыс. –Ол үшін кітабымызды ашып, 1 тапсырманы орындайық. Сөздерді оқу. Бор неден жасалады? -Өте жақсы енді сұрақтарға жауап берейік.



–Дәптермен жұмыс. –Б б дыбысын тақтаға, дәптерге жазу.

Picture 3

Сурет бойынша сұрақтар құрастыру.



Сергіту сәті.

Бақа, бақа балпақ Басың неге жалпақ, Темір телпек көп қиіп Басым содан жалпақ.

-Қайқаң қағып өр төсі,

Бүлкілдейді өркеші.

Бұла күші тасыған

Ауылдың ол еркесі. (бота) Балалар ьота туралы қандай ертегі білесіңдер? -«Дос іздеген бота» ертегісі. -(Ж) Ботаның тапсырмасын орындау. ҚБ

Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті тауып, сөзбен сәйкестендіріп сызыңыз. Сөздерді оқыңыз.

Сары ғана ол мамық. (балапан) -Балалар, балапан туралы ертегіні есімізге түсірейік? -«Ұсқынсыз балапан» ертегісі.

Енді балапанның тапсырмасын орындайық.

–(Т) Топтастыру әдісі. «Б» дыбысы бар сөздерді жазу.

Ертегі кейіпкерлерінің суреттері.































.

Смайликтермен бағалау.

«Кадр таспасы» әдісі



Оқулық.

видеоролик қарау.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі жұмысты бағдаршам әдісімен бағалау.











Қол шапалақтау әдісімен бағалау.



Топтық жұмысты бас бармақ әдісімен

бағалау

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім




Саойыны арқылыбақтың соңы

Рефлексия: «Қарлы кесек» ойыны арқылы сабақты бекіту сұрақтары:

-Бүгінгі сабаққа кімдер қонаққа келді?

-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-Бүгінгі сабақ түсінікті болды ма?

-Не түсініксіз және қандай тапсырманы орындау барысында қиындық туғызды?

Өзін-өзі бағалау. Жетістік ағашы.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Қалыптастырушы бағалау арқылы, тапсырмалар, сұрақтар арқылы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті балалар бір –біріне сұрақ қойып жауап бере алады.


Есте сақтауға байланысты тапсырмалар арқылы

Денсаулық сақтау технологиялар

Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


-Ия, сабақ мақсатына жетті.





-Ия, барлығы.









-Ия дұрыс жүргізілді.

-Ия, барлығы уақытында болды.

-Болған жоқ. Сабақ жоспар бойынша өтті.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 сәуір
470
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі