ҰОҚ-ның
ортасы
ІІІ. Тақырып
бойынша жұмыс
6-28
минут
|
(Ұ,
Ө) Педагог жұмбақ
жасырады
Бар екен бір терезе
ғажап үйде
Кино болар терезеден
күнде-күнде. (Теледидар)
Шыр-шыр
етеді,
Ұстап қалсам, сөйлеп
кетеді. (Телефон)
Жазуы бар ақ парақ
қанат қақты,
Жеткізеді әлемдегі
жаңалықты. (Балалар бұл жұмбақты шеше алмай қиналуы мүмкін. Сол
кезде сұрақтар қою арқылы жұмбақтың шешуін тапқызуға
болады).
- Алыс жердегі
адамдар бір-бірімен қалай хабарласады?
(Газет)
- Хатты қалай
жібереміз?
- Пошта арқылы.
Байланыс құралдары: телеграф,
телефон
- Әлемде болып
жатқан оқиғаларды қалай
білеміз?
-Ақпараттық құралдар
арқылы. Олар: теледидар, радио, газет,
ғаламтор.
(Ө, Т)
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма
Суреттен тек
байланыс құралдарын белгілету және оларды бояту (телефон, факс,
ұялы телефон, хат, компьютер, құттықтау
хаттар).
Телефон, хат,
құттықтау хаттар, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс
қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте
қажет. Компьютер де байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады.
Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады
және жіберіледі. Қазіргі кезде мектептер компьютермен толық
қамтамасыз етілген. Пошта – хат, телеграм, ақша, газет-журнал,
сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен
айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкерлері – хат,
телеграма сияқты т.б. қабылдаушы-операторлар, хат тасушылар жұмыс
істедй. Адам өміріне өте қажетті байланыс құралдары: теледидар,
ұялы телефон, компьютер, ғаламтор кең
таралған.
Күнделікті
жаңалықтарды – өзіміздің мемлекетімізде, тіпті шетелдерде болып
жатқан оқиғалар туралы естіп, ақпарат
аламыз.
2-тапсырма. Артық суретті белгіле. Себебін
түсіндір. Сурет арқылы балалардан сұрақ-жауап
алады.
-Балалар, бұрынғы
заманда телефон, телеграф жоқ болған кезде адамдар бір-бірімен
қалай хабарласқан?
(суретті қарап,
байланыс құралдарын атап
береді).
-Ақпараттық
құралдарға нелер жатады?
(Газет, радио,
теледидар, компьютер).
-Ежелгі байланыс
құралы қай қатарда тұр? (Поштаны көгершіндер арқылы, арнайы
шабарман арқылы жіберген).
-Компьютер желісінің
қандай пайдасы бар?
-Компьютердегі
ғаламтор желісі – ақпараттың және байланыс
құралы.
Балалар ғаламторды
пайдаланып көрген болса, қалай пайдаланғандарын
айтады.
-Ғаламтор деген
не?
-Ғаламторды
пайдаланып көрдіңдер ме?
-Ғаламтор арқылы
адамдар бір-бірімен хабарласа ала
ма?
-Ғаламтор арқылы
әлемдегі жаңалықтарды білуге бола
ма?
(Ұ) Педагог балаларды шеңбер
құрғызып тұрғызады. Педагог тәрбиеленушілерге дөңгелене
отырғызып, «Сымсыз
телефон» ойынын
ұйымдастырады.
Ойын
шарты: педагог бір баланың құлағына
бір сөз айтады, ол бала жанындағы балаға сыбырлап, басқаларға
естіртпей жеткізуі керек. Осылай сөзді өзгертпей келесі балаға
айтады. Сөзді кім өзгертсе, сол бала айыпты болады. Айыбын тақпақ,
не өлең айтып өтейді.
(Ұ) Сергіту сәті:
«Телефон»
Әй, телефон,
телефон,
Апам келіп
бұраса,
Кім керегін
сұраса,
Тез шақырып
келесің,
Айтқанына
көнесің.
Әй, телефон,
телефон,
Көкем келіп
бұраса
Кім керегін
сұраса,
Тез шақырып
келесің,
Айтқанына
көнесің.
(Т, Ө)
3-тапсырма: Хаттың иесіне келу жолын
ретімен жаз.
-
Хат жазып отырған
бала.
-
Хатты поштаның
жәшігіне салып жатыр.
-
Пошта, пойыз, ұшақ,
мәшине.
-
Пошташы хатты апарып
беріп жатыр
-
Иесі хатты оқып
жатыр
«Хат тасушы» өлеңін
оқу
Ол жатқа біледі
қаланы,
Бар көше, бар үйге
барады,
Біздің де қораны
табады,
Күнде кеп есікті
қағады.
Ағама, тәтеме,
атама, әжеме,
Көкеме,
апама
Көп-көп хат келеді
алыстан,
Достардан, тумадан,
таныстан.
(Т) Ойын: «Хат
тасушы»
Ойын
шарты: балалар екі топқа бөлінеді.
Олар екі тізбекке тұрады. Ең соңғы бала хатты алдында тұрған балаға
береді. Екі топ осылайша
жарысады.
|
Жұмбақтар
жинағы.
Суреттер
Әліппе-дәптер
Ойындар
жинағы
Әліппе-дәптердегі
суреттер
Өлеңдер
жинағы
Ойындар
жинағы
|