400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары балабақшаға

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қаратұма орта мектебі және балабақша» КММ-сі



Бекітемін:

Мектеп директоры: Л.А.Чушекова







«Үй жануарлары»

«Аяла» тобы









Орындаған: С.К.Маханова









2019-2020 оқу жылы

Білім беру саласы: Көркем әдебиет, қоршаған орта, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:

Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту. 
Дамытушылық: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Жұмбақ шешу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, интерактивті тақтадан көрсету.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, интерактивті тақта.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: Тәрбиешінің іс-әрекеті

- Балалар, сабағымыздың тақырыбы үй жануарлар туралы. Өздерің білетіндей үй жануарлары ауылды жерлерде өседі. Сондықтан осы сабағымызды ауылға саяхат ретінде өткіземіз.

1. Ауылға саяхатқа бару.

- Жолда көңілді болу үшін «Қошақаным» әнін айтамыз (шеңбер бойымен жүреді)

- Міне, балалар, біз ауылға келдік.

Ауылда үй жануарлары тіршілік етеді.

- Қандай үй жануарларын білесіңдер.(балалар жауап береді).

Тыңдап қарасақ, олардың дыбыстары естіледі.

1. Жануарлардың дауыстарын тыңдап, қай жануар екенін айтады, интерактивті тақтада сол жануардың суреті шығады слайд бойынша.

- Қане, мынау ненің дыбысы? ( балалар жауап береді, әрі қарай жалғастыру)

2. Жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші. 

1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.   (қой)                      

2. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

3.Басында екі таяғы бар, 

Төрт аяғы,сақалы бар.   (ешкі)                             

4.Өріске ерте өреді,

 Біздерге сүт береді.  (сиыр)

3.«Төлдерін, балаларын ата» ойыны; 

Тәрбиеші: Балалар, үй жануарларының төлдерін білесіңдер ме? Кім айтады?
Сиыр - бұзау
Жылқы – құлын
Қой – қозы
Ешкі – лақ
Түйе – бота
Есек – қодық
Ит – күшік
Мысық –марғау
Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.

4. «Не артық?» ойыны ойналады.
Балалардың алдына үй жануарлары мен жабайы аңдар аралас қойылады, балалар жабайы аңдарды алып тастау керек. Қалған жануарларды бір бірден сипаттайды.

- Адамдарға қандай пайдасы бар?

Сиыр – сүт, қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құрт жасаймыз
Жылқы – жүк тасиды, қымыз, ет, терісінен киім тігеді.
Қой – жүнінен киім тоқиды, ет.
Ешкі – түбітінен киім тоқиды, ет.

Түйе – жүк тасиды, шұбат, жүнінен киім тоқиды, ет.
Есек – жүк тасиды.
Ит – үйімізді, малымызды күзетеді.
Мысық – тышқан аулайды.

5. "Ненің көлеңкесі" ойыны.

Қорытынды:

- Енді, балалар, осы үй жануарларға айтылатын тыйым сөздер бар.

- Қане, тыйым сөздерді айтайық:

- Малды аяқпен тебуге болмайды;

- Таяқпен маңдайына ұруға болмайды;

- Малдың сүтіне түкіруге болмайды;

- Қане, балалар ауылдан шығып, балабақшамызға барайық. Шеңбер бойымен жүріп,тақпағын айтады.
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Үй жануарлрының аттарын, төлдерін білу.    

Меңгеруі тиіс: Әр жануардың өзіне тән ерекшелігі мен берер пайдасын;

Үйренуі тиіс: Тақырыпқа сай жұмбақтар, әндер.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі