Материалдар / Сабақ жоспары Балалық шақ мейрамы 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Балалық шақ мейрамы 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабаққа дайын жоспар ретінде қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
913
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: № 60 ЖББОМ

Күні: 20-21.05.2021 ж

: 33

Мұғалімі: Изгалиева Н.А

Сыныбы: 3 «А,Б,Ж,З,И,К»

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Балалық шақ мейрамы.

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға балалық шақ адам өмірінің ең маңызы кезеңдерінің бірі екенін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айтуға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №32 – сабақ.4 – тапсырманы орындау.

2. №33, «Бақыт деген немене» өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Адам не үшін еңбек етеді?

3. Арманға қалай жетуге болады?

4. Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?

5. Сенің мақсатың қандай?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Бакытты болғын келсе, ізгі істерге бойыңды үйрет, жаман өдеттен каш»

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. Өз бойыңнан кандай жаксы қасиеттерді көргің келеді?
2. Достарыңа кандай кеңес берер едің?

3. Дәйексөзден не түсіндің?

Балалар, өр адам өмірде бақытты болғысы келеді. Ал бакыт
дегеніміз - бізді баска адамдардың жақсы көруі, аялауы, қүрметтеуі
жөне айналамызбен сыйласымды емір сүру емес пе? Ал осы бакытқа қол жеткізу ү тін ізгі істерге бойымызды үйретіп, жаман үнамсыз істерден бойымызды аулақ үстауымыз керек.


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Балалар елін бағындыру

Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады. Ол патшалықтың аты – Ойын екен.Айнала айқай-шу, дыр-думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні – тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай Ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақрұм қалуға айналады. Есіл-дертін Ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала, тіпті, тамақ ішіп, бір ауық жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен.Ата-аналар әрлі-берлі ақылдасып, енді Еңбекті шақыртыпты. Сол-ақ екен, Балалар елінің тіршілігі жаңадан жанданып қоя беріпті дейді. Балалар бір уақ ойнаса, бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Нанның дәмін сезіпті, оның дастарқанға қалай келетінін түсініпті. Ата-ананың қадіріне жетіпті. Бұл – ел өміріндегі өзінше жақсы кезең болған екен…

Осылайша уақыт өте беріпті. Бірақ, сонда да, ел тіршілігінде бірдеңе жетіспейтін сияқты болады да тұрады. Ата-аналар әрі ақылдасып, бері ақылдасып, ол жетіспейтін нәрсенің атын Оқу деп тауыпты.

Өйткені балалар Ойын ойнап шынығып, Еңбек етіп өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Табиғат құпиясын білмейді. Сонымен енді көмекке Оқу келіпті.

Ойын мен Еңбекке жіберетін уақыттың біразын балалар енді оқу оқып, білім алуға жұмсапты. Сол-ақ екен, балалар өмірі тіпті қызықты бола түсіпті.

Өмірдің құпия сырын меңгеріп, біліммен қаруланған олар ересектер шаруасына да араласыпты. Мұнан кейін күні бойы сабақ оқып, қажыған баланы сергіту үшін тағы бір мейірбан жан жәрдемге келеді. Оның аты Спорт екен.

Спортпен тұрақты айналысқан баланың денсаулығы мықты, көңіл күйі сергек, денесі сымбатты болыпты. Оны көріп, Өнер есімді сұлу бойжеткен де жас ұланды баулуға белсене араласып кетеді. Әр жерде ән шырқаған, күй шертіп, би билеген Балалар еліндей ел, әй, дүние жүзінде болмаған шығар…

Оқудың Кітап деген атасы бар екен. Өзі – бір көзәйнек таққан қайырымды қарт көрінеді. Тыным таппай елді аралап жүрген оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында өмір тіпті қызықты бола түсіпті.

Бұл бір Балалар елінің кемеліне келіп, гүлденген дәуірі екен. Өйткені Ойын, Еңбек, Оқу, Өнер, Спорт, Кітап – алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп, тек жақсылыққа қарай жетелейді де отырады.

Бұл алтауы елдің ең сүйікті адамдарына айналады.

Олар да балалардыкереметжақсыкөредіекен. Кейде, тіпті «мен алам», «жоқ, енді мен алам» депөзараталасыпқалып та жүреді.

Сұрақтар:

1. Ойын мен Еңбектің айырмашылығы неде, деп ойлайсыңдар?

2. Балалар еліне Спорт пен Өнердің қандай пайдасы болды?

3. Неліктен Оқу мен Кітап «Балалар елінің» өмірін жақсарта түсті деп ойлайсыңдар?

4. Өздерің «Балалар елінде» болып көрдіңдер ме?


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Мұғалім оқушыларға тапсырма жазылған қагаздарды таратып береді, оқушылар ойлана отырып, сол тапсырманы шешеді.

1 – топ:

1-тапсырма: Өздеріңнің ізетті екендеріңді әдепті сөздер айту ар­қылы білдіріңдер.

2 -тапсырма: Адамның сыпайылығын көрсететін көрініс жасаңдар.

2 – топ:

1-тапсырма: Табиғатты сүйетіндінтеріңді қандай іс-өрекеттермен дәлелдейсіңдер?

2 -тапсырма: Үлкенді кұрметтеп сыйлау, тыңдау үшін не істер едіңдер?

3 – топ:

1-тапсырма: Жауапкершілігі бар бала атану үшін не істеу керек?

2-тапсырма: Үлкендерді, достарыңды өзіңнің жақсы көретініңді қалай жеткізуге болады?


5. Топпен ән айту.

Бала тілегі
Сөзін жазған С. Молдасаұлы 
Әнін жазған Ф. Лұқпанова
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, өндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан-байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2рет)


  1. Үйге тапсырма

1. №33 – сабақ.Сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.

Мені жақсы көретін адам – ол ................

Менің жақсы қасиетім – ол ...............

Менің жақсы көретін сөзім – ол ...............

Менің жақсы көретін ойыным – ол ................

Менің жақсы көретін ісім – ол ....................

Менің мақсатым - .................

Менің арманым – ол .....................

2. Келесі сабақ. №34, «Ең құнды не ұлым?» өлеңін оқып келу.


7. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!