400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: "Балалық шаққа саяхат" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Мәтінді оқи отырып, жанрын анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі: Сөйлеу барысында түрлі кестелер мен көрнекі құралдарды пайдаланып, дәлелді түрде сөйлей алады. Кейбір оқушылар: Шығармаларды оқи отырып, оларға қатысты нақыл сөздер мен мақалдарды қолданып, мәтіннің негізгі идеясын анықтай алады. Мәтіннің негізгі кейіпкерін анықтап, автордың ойын түсіне алады. Ұқсас деректер таба алады. Мәтіннен батырдың балалық шағы мен оның өмір сүрген ортасы туралы түсінеді. Әке тәрбиесіндегі құндылықтар туралы ұғынады. Батырдың шығармашылығына шолу жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



3-ТАРАУ «УАҚЫТ»

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ

Мерзімі

Мұғалімнің тегі, аты: Қалықова Г.Е.

3-сынып

Қатысып отырған оқушылардың саны

Қатыспаған оқушылардың саны

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар

3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

3.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/фотосурет/суреттер қолдану

3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқи отырып, жанрын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөйлеу барысында түрлі кестелер мен көрнекі құралдарды пайдаланып, дәлелді түрде сөйлей алады.

Кейбір оқушылар:

Шығармаларды оқи отырып, оларға қатысты нақыл сөздер мен мақалдарды қолданып, мәтіннің негізгі идеясын анықтай алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәтіннің негізгі кейіпкерін анықтап, автордың ойын түсіне алады. Ұқсас деректер таба алады.

Күтілетін нәтижелер

Мәтіннен батырдың балалық шағы мен оның өмір сүрген ортасы туралы түсінеді. Әке тәрбиесіндегі құндылықтар туралы ұғынады. Батырдың шығармашылығына шолу жасайды.

Сабақтың барысы

Уақыт

Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс мазмұны

Ресурстар

Қызығушылықтарын ояту

1-10 минут

(Ұ) Жеті атаңды білесің бе?

Осы сұрақты қою арқылы оқушылардың жеті атасы туралы білетіндерін сұрап, оны неге жеті ата деп айтатынына түсінік бере кеткені дұрыс. (Оқушылар білсе, жеті аталарын айтып берсе де артық емес).

  • Аталар да бала болды дегенге сенеміз бе?

  • Олай болса, оқулықтағы суретке қарап, автордың не айтқысы келгенін әңгімелеп көрейік.

  • 4 топқа 4 фотоны бөліп беріп, әр топ өздеріне қатысты фото бойынша өз ойларын жеткізіп көреді.

  • Мәселен, бірінші фото туралы «Мен еліктейтін Алпамыс батыр» (батырлар да бір кезде бала болған).

  • Менің атам.

  • Менің ұстазым.

  • Ғарышкермен кездесу.

  • Қалай ойлайсыңдар, ғарышкер де, ұстаз да, батыр да бұрын кім болды?

Оқушылар өзара берілген суреттер бойынша өз ойларын ортаға салып, үлкендер мен өзінің жұбына қандай сұрақтар қоятынын сұрап көру.





10-30

минут

Мағынаны тану




(Ұ) «Тұлғаны таны» әдісі арқылы Б. Момышұлының өмірімен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізіледі. Суретке қарап, әңгіменің желісі не туралы болатынын болжау арқылы айтып көрулерін ұсыныңыз.

  • Суреттегі кішкентай бала кім болуы мүмкін?

Мәтінмен танысу.

Мәтінді мұғалімнің оқуында оқушылар тыңдайды.

Оқушылардың өздері оқып шығуына уақыт беріледі.

«Елші» әдісі арқылы оқыған мәтінді түсінгендерін жинақтау мақсатында топтық жұмыс жасалады.

Жұмыс алгоритмі. Әр топқа оқулықтағы тапсырмаларды ыңғайлап бөліп беру.

1-топқа. Суреттегі әңгіменің қай сәті бейнеленгенін салыстыру. (Жазбаша)

2-топқа. Кейіпкердің өз өмірінің қай кезі туралы әңгімелегенін (дәлелімен). Оның балалық шағына деген қандай сезімі қандай? (Жазбаша)

3-топқа.

Мәтінді оқып болған соң ойыма келген сұрақ.

Мәтіндегі өзіме ерекше әсер еткен, үлгі болатын сөз.



4-топқа. Әңгімеде қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы айтылған? Амандасу түрлері туралы не айтасың?

5-топқа. Басқа елдердің амандасуы туралы не айтар едің? (Жазбаша топтастыру жұмысын орындайды.)

Топтан бір-бір елші шығып, барлық топты аралап шығады. Қолында қағазы болған дұрыс. Әр топтан алған мәліметті тобына келіп айтып беруі керек.

(Ж) Әңгімеде қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы айтылған? Бұл дәстүрлер қазіргі отбасында байқала ма?







Оқулық пен жұмыс дәптерлері




Сызба кестелер







30-45 минут

Ойтолғаныс



(Ж) «Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушылар кестедегі амандасу сөздері кімге лайық екенін табуы керек. Оқушылар жұптарымен мәнді рөлге бөліп оқиды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс жасату.

Қай жұп рөлге бөліп оқуда үздік бола алды?

Қай топ белсенділік таныта алды?

Өзің қандай деңгейде сабаққа қатыса алдың?

Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі негізгі ой қайсысы деп ойлайсың? Белгіле.



Уақыт өтсе де, жақсы тәрбие жалғасып, ұмытылмайтыны туралы ой.


Қазақ отбасына қонақ көп келетіні жайлы ой.









Мәтіндегі негізгі ойды белгілеп, оған түсінік беру.

Әр оқушы смайликтер арқылы өзінің мектепке келгендегі алғашқы көңіл күйін белгілейді. Төмендегі смайликтердің бірін таңда.

Оқулық, жұмыс дәптерлері


Үйге тапсырма.

Б. Момышұлының өсиет сөздерін оқып кел. Жеті атасын жаттау.

Қосымша мәліметтер. Диалог сөзіне түсініктеме беру.

Диалог – грек сөзі. Әдеби шығармаларда екі немесе бірнеше адамның бір-бірімен сөйлескен сөздерін диалог деп атайды. Дәптерде диалогте әр адамның сөзі жаңа жолдан басталып жазылады. Алдына сызықша қойылады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі