Сабақ жоспары "Баланың жеке гигиенасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Баланың жеке гигиенасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баланың жеке гигиенасы

Балаларды күн тәртібіне денені шынықтыруына, жеке гигенаға көңіл бөлуіне дағдыландыру әдептілік пен ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

К: «Дұрыс отыру» «Дұрыс отырмау» суреттер

Денсаулық жайлы ширма, қиынды суреттер.

Коркем сөз:

Анау бала,бетін кара,

Жуынбапты-ау масқара.

Тырнағы өскен, шашы коптен,

Алынбапты-ау маскара.

С.Б:Балалардысабақөқа дайындығын ұйымдастыру.

Т. Балалар қазір жылдын қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі

-Дұрыс айтасындар балалар.

-Қазір жылдың куз мезгілі.

-Күз келді, кун суытты, кұстар жылы жаққа ұшты, жапырақтар сарғайып жерге түсті.

Балалар, аптада неше күн бар?

Бүгін аптанын нешінші куні?

Бүгін аптаның сәрсенбі куні.

Дұрыс айтасын

Ал енді біздің бүгінгі сабағымыз баланың жеке гигиенасы деп аталады. Гигиена міндетті, мақсаты біздердің қоршаған ортамен озара байланысын зерттеу, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету, және аурудыңалдын алу. «Жаны-саудың дені сау», - деп аталарымыз тегін айтпаса керек.

Енді біз сендермен кун тәртібіне тоқталайық.

Б:Сен бүгін қалай киініп келдің?

Б:-Жылы киініп келдім.

Т:-Ал,өз киімдеріндіқалай шешесің?

-Б:-Өз шкрфыма шешемін.

Енді балалар бәріміз бой сергіту жасайық.


Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояық.

Оңға,солға бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.


-Жақсы балалар мен әрқайсысының қалай отырып,тұрғандарыңды байқадымбарлығын тік түзу отырыңдар.

Қандай әдемі көрінеді.

-Ал біздің Ернұрдың отырысына қараңдаршы, әдемі отыр ма?

- Жоқ..

Мына суретке қараңдаршы бала қалай түзу отыр.

Денесін тік, иықты көтере отырса сол бала жақсы еркін тыныс алады, және денесі де тік әдемі, қисық болмай өседі.

-Ал, қисық отырса ше?

Онда мына суреттегідей дене қисық өседі.

Дене әдемі сұлу болып көрінбейді.

(осы кезде Айболит ішке кіріп келеді)

  • Ой бүлдіршіндер! Мен қайда келдім?

-Саламатсыз ба? Сіз №5 мектептің мектепалды даярлық тобына келдіңіз.

- Балалар бізге кім қонаққа келді?

Бізге дәргер Айболит келді.

-Қымбатты дәргер, балалардың қуанышында шек жоқ.... Келіңіз өте тамаша болды.

Дәргер; - А, солай-ма балалар, сендер не істеп отырсыңдар?

  • Дәргер апай біз жеке гигеналық талаптарды дұрыс орындау жайлы сабақ өтіп жатырмыз.

Д; -Е, дұрыс онда ендеше мен сендердің қалай білетіндеріңді білгім-ақ келіп тұр.

Ойын; «Кім бірінші табады»?

О М; Балаларды шапшаңдыққа ептілікке, тапқырлыққа баулу.

О Ш; Екі топтан бір-бір ойыншы ортаға шығып, үстел үстіндегі әртүрлі суреттен және сандардан өз орындарының орамалдарының суретімен сан нөмірін табу керек.

Д; - Өте керемет,

Балалар, сендер өз нөмірлеріңді дұрыс таптыңдар.

Санды жақсы біледі екенсіңдер.

-Дәргер апай біздің балалар сізге санамақ айтсақ дейді.

Д; Жарайды айта қойыңдар.

Санамақ:: Бір, таңертең тұр.

Екі, шынығып бекі.

Үш, тазала тіс.

Төрт, сабындап жу бет,

Бес, сүртін тез.

Д; -О жарайсыңдар, ал айта қойшы, неге сендерде жеке орамал бар?

  • Себебі, біз өз бойымызды тазалыққа үйретуіміз қажет.

  • Ал менің тіс тазалағышым да бөлек. Әркімнің тіс тазалағышы бөлек болуы керек. Бұл да гигиеналық талаптың бірі.

Д: -Жарайсыңдар сендер жақсы біледі екенсіңдер. Менің қайтатын уақытым болды, ормандағы кейбір жалқау аңдарды барып үйретейін тазалыққа. Ал сау болыңдар. Тазалықты жақсы ұстаңдар. (дәргер шығып кетеді)

Қ; Балалар көрдіңдер медәрігер Айболиттің өзі де бізге тазалыққа ұқыпты болыңдар деп кетті. Әрқайсымыз гигиеналық талапты сақтауымыз керек. Ал оған не кіруші еді?

  • Жеке сүлгі ол өз орнында тұруы керек, жеке тіс тазалағыш болуы керек.

  • Таңертеңгілік шынықтыруды жасау керек.

  • Түзу отыру керек.

Бүгін сабаққа бәрің жақсы қатыстыңдар.

Үнемі осы талапты орындап жүріңдер. Тазалықты сақтаңдар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.01.2019
1033
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі