Алматы облысы Қарасай
ауданы Шамалған ауылы
«Бота» балабақшасының тәрбиешісі: Авталив
Ақерке.
Ұйымдастырылған оқу
қызыметі.
Топ: «Тоты» ересек тобы.
Білім беру саласы:Коммуникация.
Бөлім:Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Бақыт кілті еңбекте»
Тәжірибелік жұмыс: Бидай отырғызу.
Мақсаты:Көктем мезгілі туралы
түсініктерін кеңейту.
Білімділігі:Көктем мезгіліндегі табиғат
өзгерістері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Дыбыстарды анық айтуға , сөздік қорын
молайту,салыстыру арқылы ойларын қортындылай
білуге қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Табиғатты қорғауға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Билингвальд компонент:табиғат-природа, жыл мезгілі-время года,
құм-песок.
Технологиялық қамтамасыз ету:Көктем мезгілінің суреті,
бидай, құм, ыдыстар, бейне таспа.
Жылулық шеңбері
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші аялап.
-Балалар мен қазір оқу қызыметін бастамас бұрын,сендерге
бір шумақ өлең жолын оқып берейін,ал сендер қай мезгіл екенін
табыңдар!
Бұлтты айдай желдеткен
Нөсерменен селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Біз өткенде қандай мерекені атап өттік?
Ұлыс күнін қалай тойлаттық?
Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып береді.
Көктем сәні не деп ойлайсыңдар?
Ол үшін мына үстел үстінен әр бала бір-бір күлтелерден алып,
тақтаға гүл құрастырсын.
-Қандай гүл пайда болды? Түймедақ гүлі.
Әр күлтешеде көктем мезгілінің ерекшеліктері жазылған.
Бұл күлтешелерде, жылылық, ашық аспан, хош иіс, гүл шаттық,
шалқыған көңіл, жасыл желек,мөлдір су, жіге , еңбек.
Осы сөздердің ішінен, еңбек деген сөзді таңдап аламыз.
Көктем мезгілінде еңбектеніп жатқан адамдар жайында бейне жазба
көрсетемін.
-Осы еңбекке байланысты балалар мақал-мәтел айтады.
«Көз қорқақ ,қол батыр» «Еңбек ырыс бұлағы, еңбек ырыс шырағы»
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» «еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны
тәтті».
Осы еңбекке байланысты «Қайдан келдің бауырсақ» атты шағын қойылым
көрсетеміз.
Тіл ұстарту.
Са-са-са-сана
Су-су-су-суық
Се-се-се-кесе.
Сергіту сәті
Ал келіңдер тұрайық,
Жаттығулар жасайық.
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
Аяқтармен топ басып,
Орнымызды табайық.
Балалар тәжірибе жасап , құмга бидай егеді.
Салыстыруды ойын арқылы қортындылаймыз.
Күн сары домалақ,гүл сияқты.
Күн домалақ доп сияқты.
Күн мейірімді ана сияқты.
ұйымдастырылған оқу қызыметінде
балаларды мадақтап, жұлдызша тарату.
Күтілетін нәтижелер:
Білуі:Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Игередіі:Өз қалауымен тәжірибе жасауды.
Менгереді:Бастаған істі аяқтауды,табиғатты
қорғауды.