жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары: "Батылдық пен өжеттік". Өзін -өзі тану", 4сынып
ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Мектеп : «Өзін-өзі тану»
Мерзiмі:22.01.2021ж
Сынып : 4 «А
Мұғалiм : Юлдашева Малика
Жетекші: Тұрсынова С.Ш
Тақырып: Батылдық пен өжеттік
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: батылдық, өжеттік, отансүйгіштік
Сабақтың мақсаты: оқушыларға батылдық пен өжеттіктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға «батылдық», «өжеттік», «отансүйгіштік» ұғымдарының мәнін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушыларды өзіндік шешім қабылдай білу іскерліктеріне үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
оқулық, дәптер, пенал, күнделік, пос-тер, плакаттар,маркер.
Өзін-өзі тану оқулығы
4-сынып, 96 - 98 бет
Өзін-өзі тану. «Бөбек» басылымы, аңыздар жинағы 75-76 бет, 2016 ж.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Қош келдіңіздер!
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
- Кәнеки, күндей күлімдеп, аппақ қардай таза көңілмен сабағымызды бастайық.
Оқушылардың құрал -жабдықтарын түгендеу.
- Ал балалар, қазір 3 топқа бөлініп алайық!
Оқушыларды 3 топқа бөлу.(кездейсоқ бөлу арқылы)
Қызыл гүл-батыл, мықты, ойын ашық айтатын топ.
Ақ гүл - шыншыл, өжет, әділ, қарым-қатынасқа жақсы түсетін топ.
Көк гүл – адалдықты, тазалықты, тыныштықты, қайсарлықты сүйетін топ.
1-топ- «Батылдар» тобы
2-топ - «Өжеттер» тобы
3-топ- «Қайсарлар»тобы
5 «Т» ережесін еске түсіру.
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
- Тәртіп бар жерде, талап болады, талап бар жерде, өзіңде және айналаңда тыныштық болады, тыныштық бар жерде тазалық та болады, тазалық болған жерде татулық та болады.
(барлығы хормен айтады)
Мұғалім: бүгінгі сабақта ішкі тыныштығымызды сақтап, татулықпен жұмыс істейміз деп сенемін.
Жағымды көңіл күйге келу.
Тыныс алуға зейін қою
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды түзу ұстаймыз, қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Деее м ал..., ш ы ғ а р... немесе 1... 2... деп айтуға болады (жаймен 4-5 рет қайталанады).
Қорытынды: олай болса, балалар, біз әрқашан бір-бірімізге риясыз сүйіспеншілікпен тілектер тілеп, дұрыс әрекет жасап, жан дүниеміз нұрлана түссін.
Түрлі гүлдер
Үнтаспа
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын пысықтап алайық.Үйге қандай тапсырма берілді?
(96-бет «Қойшы Қаһарман» ертегісін рөлге бөліп ойнау, сұрақтар арқылы талдау) Бағалау «Отшашу»
Талқылау сұрақтары:
Қаһарманның ержүректілігін қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?
Қаһарман батырдың тағы қандай қасиеттері туралы айта аласыңдар?
Өздеріңнің батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
Түйіндеме жасау.
- Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз:
« Батылдық пен өжеттік» деп аталады.
Әр топ өз аттарын қорғайды.
- Батылдық дегеніміз не?
- Өжеттік дегеніміз не?
- Қайсарлық дегеніміз не?
Батылдық – адам бойындағы ержүректі, қайсарлықты, турашылдықты, еркіндікті білдіретін ізгі қасиет. Уақытында шешім қабылдай алу, қауіп-қатерге қарсы тұра білу, қиындықтан қорықпау т.б. әрекеттер.
Батылдық елі мен туған жері үшін күрескен отаншылдықты, қысылғанда топқа түсер өжетті, ептілікті байқатады.
Өжеттілік – ерлік дастаны. Өжеттілік - бұл азаматтың ұлы белгісі. Өжеттік – балалардың бойымен дарыған өр мінез. Өжет мінез әр адамның бойына туа біткен ерлік, батылдық мінез.
Қайсарлық – адамның асыл қасиеттерінің бірі, кісілік сипаты. Алған бетінен қайтпайтын, өмір жолында кездескен қиыншылықтарға мойымайтын өршіл мінезді танытады. Қайсарлық көбіне кісінің ерік-жігеріне, болмыс-бітіміне, қажыр-қайратына, төзімділігіне, шыдамдылығына байланысты.
- Ал, балалар, қалай ойлайсыңдар? Батылдық пен өжеттік тақырыбы қандай құндылыққа сәйкес келеді?
- Дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыруға болады.
- Дұрыс әрекет құндылығының қандай қасиеттерін білесіңдер?
- Иә, бүгінгі тақырып дұрыс әрекет құндылығына негізделеді. Бүгін осы тақырыпты толығымен аша алсақ, өзіміздің бойымызға батылдық, өжеттік, қайсарлық қасиеттерін жинай аламыз.
Өзін-өзі тану оқулығы
4-сынып, 96 - 98 бет
Смайлик
Өзін-өзі тану оқулығы
4-сынып, 96 - 98 бет
3.Дәйексөз.
«Батыл болсаң, батыр да боласың.»
Халық даналығы
Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі оқып береді.
Сосын балаларға бірге дауыстап айтуды ұсынады.
Келесі кезекте ұл балалар қайталап оқиды.
Содан соң, қыз балалар қайталап айтады.
Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.
Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.
Сергіту сәті
Адам бойында батылдықтың қалыптасуына дене жаттығуларының да әсері бар.Ендеше, сергіту сәтін жасайық.
Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)
Жаттығуды бастаймыз.(Қолдарын бүйірлеріне қояды)
Бір, екі,үш,(Қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бір, екі,үш,(Қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бойымызға
жинап күш! (Қолдарын
ішке бүгеді)
4.
Әңгiмелеу.
Патша мен құмырсқа
Аңыз әңгіме
Бір күні Абылай ханнан былай деп сұрапты:
Сіз қарапайым сарбаз болып жүріп, қалай патша болдыңыз?
Абылай хан жауабында:
Ешқашан үмітсіз болған емеспін. Қаншама қиыншылықтарға душар болсам да жасымадым. Менің көздеген мақсатыма жетуіме кішкентай құмырсқа себеп болды.
Бірде жаудан қашып келе жатып, ескі бір тамға келіп жасырындым. Өмірден үмітімді үзген уақытымда көз алдымнан құмырсқаны байқап қалдым. Ол құмырсқа өзінен үлкен бір түйір бидайды құлаған тамның төмпешіктерінен өткізе алмай әлек болып жатты. Бірақ тасыған заты өзінен әлдеқайда үлкен болғандықтан, жиі-жиі түсіріп алып қайта сүйрей бастады. Қайта-қайта домалатып алған бидайды қайта арқалап жылжыта бастады. Бұл әрекет елу рет қайталанғанда да құмырсқа жасыған жоқ.
Талқылау сұрақтары:
1. Құмырсқа патшаны неліктен таң қалдырды?
2. Патша құмырсқаның қандай әрекетінен сабақ алды?
3. Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
4. Қалай ойлайсыңдар, батыл болу әр адамның қолынан келетін іс пе?
5. Батыл адамның бойында қандай қасиеттер болады?
6. Осы қасиеттер қай құндылықтың көрінісі?
7. Өзіңнің батылдық жасаған кезің болды ма? Айтып бер.
8.Қазіргі заман батырлары туралы не білеміз?
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:
Бағалау
«Бөбек» басылымы, аңыздар жинағы 75-76 бет, 2016 ж.
Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.
Баяу музыка қойылады.
Әр топқа тапсырма шарты түсіндіріледі.
3 минут уақыт беріледі.
Топтық жұмысты жариялау.
1-топ- «Батылдар» тобы: батыл адамдардың бойында болатын дұрыс әрекет құндылығының көрінісі болып табылатын қасиеттерді жазып, постер қорғау.Бағалау
2-топ - «Өжеттер» тобы: сөзжұмбақты шешу. Бағалау
3-топ- «Қайсарлар» тобы: суреттерге мұқият қарап, батылдық пен орынсыз қылықты ажыратып айтып беру.
Барлық топқа ортақ тапсырма:
«Синквейн». 4 жол өлең құрастыру.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау,бағалау
(«Ерлік» төсбелгілерімен оқушыларды марапаттау)
Қорытындылау.
Дәптер, үнтаспа, сюжетті суреттер, маркер, төс белгілер (медаль).
Топпен ән айту.
Ұлы дала ұланымыз
Сөзі: Арасанбай Естенов,
Әні: Айсұлу Тани
Бабамыздан бақ дарыған
От намысты, шат-шадыман
Асқақтаған жыр-әніміз.
Алашымдай сүйікті елде,
Қанат қаққан биіктерге
Тәуелсіз ел ұланымыз.
Қайырмасы:
Елін сүйген ұлы – дана,
Әні – дара, жыры – жаңа
Қазақстан – алтын бесік,
Отанымыз – ұлы дала.
Қайта түлер, жаңғырып ер,
Алаш елім – мәңгілік ел
Алтын тұғыр-тұрағымыз.
Арай төккен зеңгір көктен
Көк байрағын желбіреткен
Ұлы дала ұланымыз.
Қайырмасы.
7. Үй тапсырмасы.
1. Оқулықтағы 101-беттегі «Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегісін мазмұндау.
2. Дәптердің 30-бетіне халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазу.
Сабақтың қорытынды сәтi.
Баяу әуен қойылады.
Мұғалімнің сөзі:
Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, дұрыс іс-әрекет жасайық!
Айналамызға шексіз сүйіспеншілік сыйлайық!
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген