400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Бейнелеу өнері Импрессионист суретшілер туындыларымен танысу 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ХІХ ғасырдың аяғында француз суретшілері ашық табиғат аясында отырып пейзаж жаза бастаған. Әрине, бұл табиғат көріністерін ұзақ бақылаудың және аспан астындағы әр алуан құбылыстарды талдаудың нәтижесі. Жарық жаңа кескіндеме өнерінің негізгі элементіне айналады. Табиғатты тікелей тамашалап, түстердің өзгеше тұстарын көрсете отырып, суретшілер өз жұмыстарына ерекше әсерлікке –жаңашылдыққа қол жеткізді. Суретшілер түстер мен реңдердің байлығын, түстер мен жарықтың құбылуын, сонымен қатар өздерінің алған әсерін көрсетуге ұмтылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:   Импрессионист суретшілер туындыларымен танысу    

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:                        Оқушыларға тақырып бойынша төменгі сыныптарда алған білімдерін қосымша мәліметтермен толықтыру; білімдерін арттыру..

Дамытушылығы:        практикалық сабақ барысында бейнелеу өнерінің түрлеріне эскиздер жасау, сурет салуларын ұйымдастыру.

Тәрбиелілігі:                     Оқушылардың   сабақ барысында ұқыпты әрі таза отырып, сабаққа белсенді атсалысуларын,  қалыптастыру.

Көрнекілігі:                       кітап, иллюстрациялық материалдар.

Сабақтың түрі:                дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:               баяндау, сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

А) оқушыларды түгелделдеу

Б) оқу құралдарын тексеру

В) өткен материалдарды қортындылау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

 

Жаңа сабақ   ХІХ ғасырдың аяғында француз суретшілері ашық табиғат аясында отырып пейзаж жаза бастаған. Әрине, бұл табиғат көріністерін ұзақ бақылаудың және аспан астындағы әр алуан құбылыстарды талдаудың нәтижесі. Жарық жаңа кескіндеме өнерінің негізгі элементіне айналады. Табиғатты тікелей тамашалап, түстердің өзгеше тұстарын көрсете отырып, суретшілер өз жұмыстарына ерекше әсерлікке –жаңашылдыққа қол жеткізді. Суретшілер түстер мен реңдердің байлығын, түстер мен жарықтың құбылуын, сонымен қатар өздерінің алған әсерін көрсетуге ұмтылды. Фрацуздық   Эдуард Мане, Эдгар Дега, Клод Моне, Огюст Ренуар, Альфред Сислей, Камиль Писсарро, Берта Моризо импресионист-суретшілер деген атақа ие болды. Уақыттың өтуімен импрессионистердің еңбектеріне лайықты бағасын берді. Импрессионистердің өнерін бағалай білетіндер олардың туындыларын жарық пен түстен тоқылған кескіндеме деп аталады. Бұл импрессионистер өнерінің мазмұны мен көңіл күйін дәл білдіретін анақтама еді. Клод Моненің «Көгалдағы таңғы ас» жұмысы күннің шұғыласына шомылғандай. Күннің сәулелері шөпте, жапырақтарда, ағаш қабығында, бикештердің көйлектерінде шағылысады.

 

Қортындылау

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдеріне ауызша сұрақ беру арқылы әрі алғашқы нобайларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма:  Тақырып бойынша басталған жобаны аяқтау, нобайлар жасау





















































Тақырыбы: Түстердің жарыққа тәуелділігі.
Сабақтың тақырыбы:
Түстердің жарыққа тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін
кеңейту.
ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,
дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық
жұмыс жасауға баулу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Импрессионизм бағытының негізін қалаушылардың бірі – Камиль Писсарроның Париждегі Монмартр алаңын бейнелеген, құрылымы
бірдей үш туындысын көріп тұрсыңдар. Алайда жұмыстардың әрқайсысы
түрлі әсер береді және түстер гаммасы да әр түрлі. Өзің де байқаған боларсың, суретші бірінші құрылымда қапырық тал түсті,
екіншісінде - түнгі Парижді, ал үшіншісінде таң сәріні бейнелеген.
Мына фотосуреттерден Алматы қаласында бой көтерген ғимаратты көріп тұрсың. Фотосуреттер тәуліктің әр мезгілінде жасалынған. Әрбір фотосуреттің қай мезгілде түсірілгенін анықтап көр.
Таң сәріде, күн ұясынан әлі шықпаған кезде айнала жарық болғанымен барлық заттар қанықпаған бозғылт көгілдір түске боялады. Күн шыққан соң барлық заттар қаныққан ашық түске айналады. Ал көлеңкеде заттардың түсі қанықпаған қою түске боялады. Кешке қарай күн батар кезде жарық та азаяды, түстер канық реңін жоғалтып, анағүрлым күңгірт тартып, суық реңктерге ауыса бастайды.
Ал түнде түстер реңін мүлде жоғалтып, пейзажда тек қою, қара реңкті түстер ғана қалады. Демек тәулік мезгілі мен ауа райының әр түрлі жағдайларында заттардың түсі өзгеретініне көзіміз жетті. Ағаштар таңертеңгі ашық жасыл түстен түнге қарай қара түске айналған. Үйлер мен аспан да сондай. Мүмкін, өзің де байқаған боларсың, заттардың бояуы оларға түскен жарықтың мөлшеріне қарай өзгереді. Заттарға жарық аз түскен сайын олардың түстері де қоюлана бастайды -қызыл күрең қызылға, көгілдір қою көк түске, ашық жасыл қою жасыл түске айналады. Жарық неғүрлым мол түссе, кез келген заттың түсі ашық, айшықты болып көрінеді. Бұл құбылысты табиғат аясында бақылауға болады.
Заттардың түсі тәулік мезгіліне байланысты ғана өзгеріп коймайды екен. Мына суретте Римнің басты алаңы бейнеленген. Алаң мен ғимараттардың жартысына күн түсіп, жартысы көлеңкеде тұр. Олардың түсінің көлеңке мен күн көзі түскенде қалай өзгеретіні анық байқалады.
Тіпті бір ғана заттың түсінің өзі жарық қай тұсынан түскеніне байланысты әр түрлі болып көрінеді. Көлеңкеде ол қанықпаған қою, ал жарық жақсы түскенде қаныққан ашық түске боялады. Өзіңді қоршаған дүниені байқампаздықпен бақыласаң, бұған көз жеткізесің. Заттардың түс қанықтылығына қарап жарықтың қай жақтан түсіп тұрғанын ешқандай қиындықсыз байқауға болады. Жоғарыдағы екі натюрморттағы заттарға жарық қай жағынан түсіп тұрғанын анықта.
Оқушыларға тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар беремін.
1. Таң сәріні бейнелеу үшін сен қандай түстік гамманы таңдайсың (жылы не суық, қанық немесе қанықпаған)?
2. Тал түсті бейнелеу үшін қандай түстік гамманы таңдайсың?
3. Қас қарайған ымыртты бейнелеу үшін сен қандай түстік гамманы таңдайсың?
4. Мына жапырақтардың қайсысына күн көзі молырақ түсіп тұр?
5. Заттардың түсі жарық түскен жағында канық бола ма, әлде көлеңкеде ме?
6. Мына үш жиынтықтың қайсысына жарық көп түскен? Әрбір түстік гаммаға сипаттама бер.
Үйге тапсырма беру: Жылы және суық реңдерге арнап сурет салу

















































Сабақтың тақырыбы: Пейзаждағы кеңістік перспективасы.
Білімділік: Перспектива турала түсінік беру. Перспектива заңдылықтарына сүйене отырып сурет салу
Тәрбиелік: Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет салу.
Көрнекілігі: Слайдтар «И.И Шишкин шығармалары».
Құрал – жабдықтар: Альбом, қарындаштар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Сәлемдесу, оқушыларды тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Бекіту.
5. Сурет салу.
6. Қорытындылау, бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.
Жаңа сабақты баяндау
Айналадағы қоршаған ортадағы заттар мен бұйымдарды мұқият бақылаған әрбір адам заттардың бізден қашықтаған сайын кішірейе түсетінін жақсы біледі. Сурет салғанда алыстан көрінген заттарды жақындағымен салыстырғанда кішірейтіп көрсету ғана маңызды емес, сонымен қатар ол қағаз бетінде үлкен де, кіші де болмауы керек. Міне осындай кейбір қызғылықты жағдайларға перспектива ұғымы толық мағлұмат береді.

Жалпы перспектива латынның "Perspicio" қазақша "арғы - бергі жақты айқын көру" деген ұғымды білдіреді. Ертеде итальян және неміс суретшілері өз туындыларында перспективалық заңдылықтарды қарастырған. Мысалы, Леонарда Да Винчи, Паоло Учелло, Альбрехт Дюрер т. б. Соның ішінде перспектива заңдылығын зерттеуге кезінде неміс суретшісі Альбрехт Дюрер зор үлес қосқан. Перспектива заңдылықтарын бейнелеу өнерінің барлық сабақ түрінде кездестіруге болады. Перспектива - сызықтық, ауа және жарық пен көлеңке перспективасы болып бірнеше топқа бөлінеді. Қай суретті салсақ та ең алдымен көкжиек сызығын немесе көру деңгейін анықтауымыз қажет. Ауа перспективасында көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айқын, ал алыстағының түстері солғын түрінде қабылданады. Суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, алыстағылар бұлыңғыр, яғни шамалы көрінеді. Ауа перспективасындағы бейнеленген көркем шығарманы 3 кезеңге бөліп қарауға болады.

Мысалы: алдыңғы қатар, ортаңғы қатар және артқы қатар деген ұғымдар пайдаланылады.
Оқулықтағы 59- бетті ашып, кеңістіктің 6 заңдылығын слайдтар арқылы түсіндіру.
4. Перспектива не үшін қажет?
Перспективаның түрлерін ата.
Кеңістік перспективасына түсінік бер.
5. Оқушыларға « Менің жүргім келетін жолым» тақырыбына сурет салуға тапсырма беріледі. Алдымен осы тақырып төңірегінде оқушылардың ойын тыңдау. Сен қалада тұрсаң ауылдың қара жолмен, шалғынмен немесе өзен жағасымен жүргің келе ме? Ал, ауылда тұрсаң қандай жолмен жүргің келеді, ауылда болашақ та қандай жол болғанын қалайсың?
6. Жақсы идеямен орындалған суреттерді бағалау.
7. Суретті акварельмен кеңістік перспективасы заңдылығы бойынша жазып келу.



Сабақ тақырыбы:

Ауа және сызықтық перспектива

Мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі – перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру. Перспектива заңдылықтары арқылы коршаған ортаны, табиғатты танып білуі.

Дамытушылық: Білімдерін кеңейту, дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін, эмоциялық сезімдерін, танымдық куштерін, ой-өрісін, қиялын, оқуға өнерге қызығушылықтарын дамыту, эстетикалық талғамдары мен қажеттіліктеріне қарай бейнелеу іс-әрекетіне машықтандыру.

Тәрбиелік:Туған ел табиғаты, оның сұлулығымен көркемдігін бағалауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Перспектива заңдылықтарының негізгі ерекшеліктерімен танысады. Перспектива арқылы қоршаған ортаны табиғатты танып біледі.

Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау, «Топ басшысы бағалау»,Қол шапалақтау арқылы. Жиынтық бағалау

Қажетті ресурстар:

Перспективалық көрініс суреттері, сызбалар, слайттар т.б.

Сабақ барысы

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(4-5 мин)

Оқушылармен сәлемдесу, оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру. Оқушы назарын сабаққа аудару.

Ынтымақтастық атмосферанын қалыптастыру:

«Досым cаған тілерім» тренингі

Сиқырлы дорба. (топқа бөлу)

Сабақтың мақсаты мен бағалау туралы түсінік беремін.

Мұғаліммен амандасады, кезекші сыныптағы жоқ оқушыны айтады.

Мұғалім мен оқушылар шенберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады. Мысалы: Ермек досым саған тілегім БАҚЫТТЫ БОЛ... Сабаққа жақсы қатысуларына сәттілік тілейді

Сиқырлы дорбадан алынған асықтардағы сандарға байланысты топтарға бөлінді.

Оқушылар топ басшысын сайлайды.

Топ басшының басына беретка кигізіледі.

Топ басышысы бағалау парағын алады.

Маркер, стикер, слайд, бағалау парақшасы, оқушыларды топқа бөлу, оқушыларға топқа бөлу парақшасын үлестіреді.

Үй тапсырмасын тексеру

(7 мин)

Үй тапсырмасы:

Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру:

1.Бейнелеу өнері жанрларын сәйкестендіру.

2. Өткен сабаққа шолу жасау, қайталау.

3. Экспресс-тест алу (слайт)

4.Суретшілерді тап.

Берілген сұрақтарды топта талдайды. Сұрақ- жауап береді.

Интербелсенді тақта

Суретшілер портреттері

Сергіту сәті

(2 мин)

Есте сақта

Оқушылар тақтада жазылған сөздерді есте сақтап қағаз паракшаларына жазады.

Жаңа сабақ

(15 мин)

"Перспектива" тақырыбы бойынша тұсаукесер көрсету.

Топтарға тапсырмалар беріледі.

Топтық жұмысты қорғауға топ топ мүшелерін шақырады.

Тұсаукесерді тамашалайды.

Берілген тапсырмалар бойынша топтар тапсырмалар нобайын салады.

1-топ. Табиғат көрінісі

2-топ. Мектеп кабинеттері (интерер)

3-топ Темір жолмен электр бағандары

4-топ Қала көшелері

Топтар постерді қорғауға бір-екі оқушыдан шығады, қорғайды. Салынған суреттерді перспективаның қай түріне жататының , сурет салыну жолдарын түсіндіріп өтеді.

Интербелсенді тақта

Қара қарындаш, оқулық,

А3 пішімі,

бояу карындаштар

Диалог арқылы сабақты қортындылау.

(5 -6мин)

Жаңа сабақта түсінгендері жайлы диалог құру. Оқушыларға сұрақ-жауап арқылы және суретшілер туындыларын көрсету арқылы қортындылау.

Жаңа сабақ жайлы өз ойларын айтады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, суретшілер туындаларын талдауға белсенді ат салысады.

Суретші шығармалары

Бағалау

(5-6 мин)

Топтарды және жекелей оқушыларды қолпаштау сөздерімен. Жиынтық бағалау.

Топ басшысы өз топ мүшелерінде белсенді болған оқушыларды атап өтеді. Басқа топтардың жұмыстарын бағалау парағы арқылы бағалайды. Тұрып бағаларын айтып өтеді.

Бағалау парақшасы

Рефлексия

(2 мин)

"Екі жұлдыз,бір тілек"

Оқушыларға стикерлер тарату.

Стикерлерге cынып оқушыларына, мектепке тілек жазады. Сабақ туралы, түсінгендері жайлы өз ойларын білдіреді.

Үйге тапсырма

(2 мин)

Өз болмемізді бейнелеп келу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Алған бағаларын қойдырады


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі