жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Бесік жыры.Зат есім"
|
Пән: Қазақ тілі |
Мектеп: А.Косарев атындағы № 9 орта мектебі |
|
|
Күні: 16.02 |
Мұғалімнің аты-жөні: Серикберген Кенжегул |
|
|
Сынып: 2 «Ә» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Салт дәстүр және ауыз әдебиеті |
|
|
Бесік жыры.Зат есім |
|
|
Сабақтың оқыту мақсаттары |
2.4.2.1 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату. 2.4.2.2 көптік жалғауларын дұрыс қолдану. |
|
|
Күті Күтілетін нәтиже |
Оқушылардың бәрі: тапсырманы орындайды, түсінеді, бағалауға қатысады. |
|
|
Оқушылардың көпшілігі: зат есімді біледі, барлық тапсырманы өз бетінше орындайды,зат есімнен сөйлем құрай алады. |
||
|
Кейбір оқушылар: зат есімді біледі, сөзге сұрақ қойып,зат есімді ажырата алады |
||
|
Құндылық |
- құрмет; - ынтымақтастық |
|
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу,көркем еңбек |
|
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|
|
Алдыңғы білім |
Сөз таптары |
|
Сабақтың барысы
|
Уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2 минут 3 минут |
І. Психологиялық ахуал. Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру.Өмір бойы білім алуға бағыттау. Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.
(МК, Ұ) Видеожазбаны көру Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру -Балалар, біз қандай бөлімді бастадық? -Қандай салт-дәстүрлермен таныстық? -Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі сабақта тағы бір салт-дәстүр түрімен танысамыз? - Қандай салт- дәстүр көрсетілген екен? « Бесік жыры » мәлімет беру. |
Слайд Видеожазбаны |
||||||||||||||||||||||||||||
|
2 минут Сабақтың ортасы
5 минут
15 минут 2 минут |
(Ө,ҚБ)Өткенді қайталау Мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіріп, пысықтау. «Дұрыс», «Бұрыс» ойыны
Бағалау: Оқушылардың жауаптары тексеріледі.Оқушылар бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды Жұмбақ жасыру арқылы,сабақ тақырыбын ашу. Иесі оның сәби, Бала,бала деп, Әрі төсек,әрі үй Түнде шошып оянған. Бұл не? ( Бесік) Түн ұйқысын төрт бөліп, Мұздай бесік таянған Бұл кім? ( Ана) -Кім? Не? Сұрақтарының қай затқа қатысты қойылатынын талдау. Зат есімнің ережесін еске түсіру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. -Қалай ойлайсыңдар, қандай жетістіктерге жетеміз? Оқушылардың жауаптарын критерийлер ретінде тақтаға жазамын. -Жетістік баспалдағына шығарып,тақырып туралы білетіндерін білу. (Ө,ҚБ) Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс Жазылым Мақсаты: Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін пысықтау. Тапсырма: Мақалдарды тыңдай отырып,зат есімдерді жаз. а)Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер. ә) Қойшы көп болса, Қой арам өлер. Бағалау: Өзін – өзі бағалауды ұйымдастыру. (Т,ҚБ) Топтық жұмыс. Кім? Не ? Кімдер ? Нелер ?сұрағына мысал келтіру арқылы топқа бөлу. Мақсаты: Зат есімге байланысты,білімдерін кеңейту Топ ережесін еске түсіру. Мақсаты: Зат есімге байланысты,білімдерін кеңейту. 1-топ: Кім? тобы .Суреттегі заттарға сұрақ қойып, сөйлем құрастыру. 2-топ: Кімдер ?тобы.Өлеңді оқып,зат есімдерді тауып , сөз құрамына талдау. 3-топ: Не ?тобы.Күн сәулесінде берілген сөздерді кестеге орналастыру. 4-топ: Нелер ?Сөздерді зат есімге айналдырып ,көптік жалғауын жалғап жазу. Сергіту сәті: «Мен қазақпын » әні. |
Кесте Суретпен жұмыс Жетістік баспалдағы Жұмыс дәптері Топ ережесі Суреттер,күн сәулесіндегі тапсырмалар,бұлт тамшыларныдағы тапсырмалар. Видеожазба көру Қимылды би орындау. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
(Т,ҚБ) «Сиқырлы табақ » әдісі Сұрақтар жазып , топтар алмаса отырып сұраққа жауап беру. Мақсаты: (ҚБ) Тапсырмасын орындау. |
Сиқырлы табақ Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Қорытынды. -Бүгінгі сабақтан не білдіңдер? -Сендер үшін не маңызды болды? -Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе? Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына тұрады. Үй тапсырмасы: 9 –жаттығу, 44-бет |
Жетістік баспалдағы |
Қосымша мағлұматтар
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|
Топтарға бөліп, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беру: 1. Суреттегі заттарға сұрақ қояды. 2. Сөздерге сұрақ қою арқылы кестеге орналастыра алады. 3.Өлеңнен зат есімді таба алады. 4.Зат есімді қатыстырып сөйлем құрастыра алады. |
Топтық жұмыс барысында зат есімге сұрақ қойып,көптік жалғауын дұрыс қолдана білуін,зат есімдерден сөйлем құрасытра алу қабілеттерін; Зат есімді тауып,сөз құрамына талдай білуін; Заттың атын,санын,сынын білдіретін сөздерге сұрақ қоя алуын бағалаймын. |
Дене шынықтыру. Жаттығуды орындау: иілу,отырып-тұру, айналу |
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
|
|
|
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты): 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты): 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
||
Ақмола облысы
Степногорск қаласы
А.Косарев атындағы № 9 орта мектебі
2 «Ә» сыныбы,бастауыш сынып мұғалімі
Пән:Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Бесік жыры.Зат есім»





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген