Материалдар / Сабақ жоспары Білім алудағы әлеуметтік теңсіздік 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары Білім алудағы әлеуметтік теңсіздік 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән атауы - Қазақ тілі мен әдебиет. Қысқа мерзімді сабақ жоспары оқытуы екінші тіл 10-сыныпқа арналады. ҚМЖ іс-әрекетті зерттеу жүргізу мақсатымен құрастырылды. Сабақта қарастырылатын мәселе - оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту. Көзделетін мақсат - О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2022
2360
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек.

Мұғалімнің аты-жөні: Исина А.Б.

Күні:

Сынып: 10D (Т2)

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

5-сабақ: Білім алудағы әлеуметтік теңсіздік

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

Сабақтың мақсаты

10.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру.

Бағалау критерийі

  • мәселені салыстырады;

  • өз көзқарасын білдіреді;

  • қорытынды жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: тақырыпқа қатысты сөздік бірліктер мен тіркестерді сөздерді қолданады.

Пән лексикасы және терминология: ауқатты, кедей, бай, жарлы, жұмыспен қамту, білім алу...

Монолог үшін қажетті сөз тіркестер:  менің ойымша, меніңше, кейбір деректерге сүйенсек, мамандардың айтуынша ...

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Тарихты, халықтың өткені мен барын бағалау

АКТ-ны қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады

Өмірмен байланыс

Экономикамен байланыстыру

Пәнаралық байланыс

География, экономика

Алдыңғы білім

Құқық және салдар

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

3 мин






2 мин






Ұйымдастыру кезеңі:

1. Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс. «Ой шақыру» стратегиясы

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өз гипотезасын айтады.

Қазақстанның білім саласында теңсіздік мәселесі бар ма? Жауабыңызды дәлелдейтін қандай мысал келтіре аласыз?



2. Сабақтың мақсатын белгілеу.

Мұғалім: Оқу мақсатын ұсынады

Оқушы: Оқу мақсатына негіздеп, бағалау критерийлерін құрастырады.

Мұғалім/оқушы: Күтілетін нәтижені белгілейді.

слайд

Сабақтың ортасы

30 мин

5 мин











8 мин

(4 мин оқу,

2 мин белгілеу,

2 мин бағалу)




















































































1 мин



17 мин

(7 мин дайындалу,

10 мин рөлге)




























2 мин

Мағынаны тану кезеңі:

Оқылымалды тапсырмасы.

Жұптық жұмыс. «Ой толғау» стратегиясы

2 минуттық бейнебаянды тамашалап, мәселеге қатысты ақпаратты «INSERT» әдісі бойынша дәптерге түртіп алады. Мәліметтерге сүйене отыра, өзара оймен бөліседі.

Дескрипторы:

мәселені анықтайды:

өз ойымен бөліседі.

Бағалау: Жұптық (бірін бірі) бағалау

Кері байланыс:

Қалай ойлайсыз ой толғау несімен пайдалы болды?


Оқылым тапсырмасы.

Жеке жұмыс. Емтиханға дайындық

Тұжырымдарды мәтін бөліктерімен сәйкестендіреді.


А мәтіні: Ерекше талғаммен жасалған Террасет мектебі Вирджиния штатының Рестон қаласында орналасқан. 70 жылдары салынған ғимараттың білім ордасына айналғанына 40 жылға жуық уақыт болды. Естеріңізде болса, 70 жылдары Америкада үлкен дағдарыс болған еді. Бұл оқиға өзін-өзі жылытатын, энергияны үнемдейтін мектептің ашылуына тікелей әсер етті. Жер астында орналасқан бұл мектеп, өзін жылытып қана қоймай, суыта да алады. Ал осы мектепте оқитын балаларды «Жер асты оқушылары» деп атауға болады. Бұл жерге туристердің көп келетініне қарамастан, сабақтар өз уақытымен өтеді.


Ә мәтіні: Келесі экзотикалық мектеп Камбоджадағы Тонлесап өзенінің үстінде орналасқан Кампонг Луонг мектебі жайында болады. Бұл аймақтағы дүкен, үй, ғимарат атауысының барлығы дерлік судың үстінде орналасқандықтан, жүзетін мектепке тұрғындар таң қалмайды. Бұл мектепте 60 оқушы бар. Оның қырығы әке-шешесі балық аулау кезінде суға батып кеткендіктен, жетім қалған. Мектептің ішінде бір ғана сынып бар. Ол жерде оқушылар сабақ оқып, бос уақытын өткізеді. Ал мектепке кір жуатын кіршімен жүзіп барады. Туристер жетім балаларға киім-кешек, тәтті тағамдар апарып беретіндіктен, ата-аналарының жоқтығы аса байқалмайды.


Б мәтіні: Бұл мектепті заманауи өнер туындысы деп атауға болады. Әдеттегі мектептен тек ғимаратымен ғана емес, білім сапасымен де ерекшеленеді. Ғимараттың ішінде әр сыныпты бөліп тұратын қабырғалар жоқ. Мектептің жүрегі әрі төрт қабатты біріктіруші – баспалдақтар ғана. Баспалдақтан өзге оқушылар демалып, үй тапсырмасын орындайтын дивандар жайғасқан. Мектеп оқушылары «Біздің арамызды бөліп тұратын керегелер жоқ, әрі шаңырағымыз биік» дейді. Бұл сөздердің астарында үлкен философиялық мән жатыр. Оқушылар электронды кітаптар мен интернет мәліметтерін еркін пайдаланады. «Мектеп – жас ұрпақтың арманы мен мақсаттары өмір сүретін шеберхана, егер болашақта ел болам десең, осы шеберхананы мықтап ұста» деген Анри Барбюстің сөзі еске түседі.


В мәтіні: Гуйчжоу провинциясының тұрғындары өте қарапайым. Осы қарапайымдылықтарының салдарынан ұзақ уақыт бойы білім ала алмай жүрген еді. Ең алғашқы мектептері 1984 жылы ашылған болатын. Заманауи мектеп ашуға қаражаттары болмағандықтан, оны үңгірден жасаған. Мұнда сынып, спорт алаңы және демалыс бағы бар. Ашылар кезде бір ғана сынып болады деп жоспарланған мектепте 186 бала оқиды. Әр бала мектепке 6 сағат бойы жол жүріп келеді. Осы сәтте армяндардың «Көп өмір сүрген білмейді, көп жүрген біледі» деген мақалдары еріксіз еске түседі. Мектеп қандай үлгіде салынса да, бірінші орында оның оқушыларға бере алатын тәрбиесі тұрады.


1. Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды...

2. Шәкірттерге қойылған лақап ат білім ошағының орналасу жеріне байласты болды.

3. Білім алушыларды ортақтастырған ауыр тағдыр еді.

4. Мектеп – ел ертеңі.

5. Сырттағы келіп-кетушілер оқу үдерісіне еш кедергі жасамайды.

6. Нәтижесінде өзін-өзі қамтамасыз ететін мектеп салынды.

7. Сәулетімен де, оқушылардың оқу үлгерімімен де мақтанарлық мектептің бірі.

8. Саяхатшылардың созған қол ұшы өмірдің ащы тұстарын білдіртпеді.

9. Білім нәрін сусындаушылар заманауи өнертабыстарды қысылмай қолданады.

10. Бәрі бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір кешеді.

Дескрипторы:

мәтін мазмұнын түсінеді:

тұжырымдарды дұрыс сәйкестендіреді.

Бағалау: Кілттер арқылы өздігінен бағалау

(әр дұрыс жауапқа 1 балл)

Жауап кілттері:

1-B 6-А

2-A 7-Б

3-Ә 8-Ә

4-Б 9-Б

5-А 10-Б


Кері байланыс:

Толық балл жинақтауға не септігін тигізді/тигізбеді? Неге?


Қорытынды кезең:

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Топтық жұмыс. Дифференциациялық тапсырма

  • Оқушылар 2 топқа өзара (көшбасшы таңдайды) бөлінеді.

  • Топ ішінде оқушылар рөлді өзара бөліседі.

Қазақстан және әлем елдері білім саласындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесін салыстыра отырып, өз көзқарасын білдіреді. Қорытынды жасайды.

1-рөл: Суретші – кесте, диаграмма, т.б. құрастырады

2-рөл: Сарапшы – ақпаратқа сараптама жасайды

3-рөл: Сыншы – ақпаратқа өз көзқарасын білдіреді

4-рөл: Қорытушы – ақпаратқа қорытынды жасайды

5-рөл: Бағалаушы – екінші топтың жауабын бағалайды

Рөл

Баға (1-3 балл)

1-жауап толық емес

2-жауап толықтыруды қажет етеді

3-жауап толық берілді

1. Суретші


2. Сарапшы


3. Сыншы


4. Қорытушы


5. Бағалаушы


Дескрипторы:

мәселені салыстырады;

өз көзқарасын білдіреді;

қорытынды жасайды.

Бағалау: Кесте бойынша топтық бағалау


Кері байланыс:

Ұжымдық. «Бір плюс, бір минус» стратегиясы.

Тапсырмаларды орындау барысында сәтті шыққан бір кезең, сәтсіз шыққан бір кезең туралы айтады.

слайд

https://www.youtube.com/watch?v=KNBtU-hHugk

Асхат Аймағамбетов: Білім саласындағы теңсіздікті жоюымыз керек / ASHYQ ALAŃ (Ашық алаң)


























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!