Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Биотехнология саласындағы жаңалықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Биотехнология саласындағы жаңалықтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

6-бөлім. Биотехнология және гендік инженерия келешегі.
Синтаксис

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

04.04.2024ж.

Сынып: 9 «Ә»

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Биотехнология саласындағы жаңалықтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Екі мәтінді салыстыра отырып, тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдау;

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолдану.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут






Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Күн энергиясы» әдісі

Әр топқа 3 күннің сұлбасы беріліп, топтар бір-біріне жарқыраған күндей жылы лебізін білдіреді. Әр күннің шуағын бір-бірлеп алып, бойларына энергия толтырады.

Әр күннің шуағында топ құрамындағы оқушылардың белсенді іс-әрекет жасауына байланысты кім екендігі жазылып тұрады.

Топ басшысы - ұйымдастырушы

Зерттеуші 1-тапсырма

Саралаушы 2-тапсырма

Талқылаушы 3-тапсырма

Бағалаушы – баға беруші


Алдыңғы білімді тексеру.

Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары қандай болады?

Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді, оларды ата. (2б)



Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

«Ой шақыру» әдісі арқылы заттардың атауын, қолданылуын айтып, жаңа тақырыпты болжау.

Бөлме өсімдігі – Био (гр. bіos — тіршілік, өмір)

Микроскоп – технология

Әлеуметтік желі – жаңалықтар

Жаңа сабақтың тақырыбы: Биотехнология саласындағы жаңалықтар

Сәлемдесу.

Кітап құралдарын, дәптерлерін, қаламдарын дайындыққа келтіру



Үй тапсырмасын айтады, қосымша сұрақтарға жауап береді.



Суреттен не түсінгендіктерін айтады. Өз ойларымен бөліседі.











Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушылар бағаланады.











9-сынып «Қазақ тілі» оқулығы

Бөлме өсімдігі

Микроскоп















Сабақтың ортасы

30 минут

1-тапсырма. Жұптық жұмыс. Екі мәтінді мұқият оқып, салыстыра талдаңдар.

А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы

Есту мүшеміз – баға жетпес қазынамыз

Дене күйігі

Қызметі

Жаңа құралдың көмегі туралы және құрылымы бойынша ақпарат беру, түсіндіру

Жасанды терінің денеге әсер етуі туралы ақпарат беру, жариялау, таныстыру

Идеясы

Адам мүшесін өсіріп шығарудың сипатын жеткізу.

Жасанды терінің медициналық зерттеудегі нәтижесі

Тілдік ерекшелігі мен құрылымы

Тілдік ерекшелігінде термин, кәсіби сөздер кездеседі. (пациент, «EBioMedicine», жасуша т.б.)

Құрылымы кіріспе, негізгі бөлімнен тұрады.

Қысқарған, термин сөздер (ҚР БҒМ, биотехнология т.б.)

Мәтін құрылымы сұхбат түрінде берілген.

Дескриптор:

Білім алушы

- мәтінді оқиды;

- тақырыбы мен қызметін анықтайды;

- идеясы, тілдік ерекшелігі мен құрылымын жазады. (3б)


Тілдік бағдар

2-тапсырма. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді толықтырып жазыңдар. Тақырыпқа қатысты бірнеше сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңдар.

1.Жапония жаңа биотехнологиялық әдістерді қолдану жағынан әлемде алдыңғы қатарда болса да, ... ( жер ресурстарын өндіруден соңғы орында.)

2.Гендік модификацияланған өнімдердің зияны жоқ десек те, ... . (шамадан тыс тұтыну ауруға алып келеді.)

3.Әлемде трансгендік өнімдер туралы неше түрлі пікір айтылып жүргенмен, ... . (әр өнімнің белгілі бір пайдалы тұсы бар.)

4. Бұл өнімдер жылдан жылға көбеймесе, ... . (елдің ішкі экономикалық жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін.)

5. Ғалымдар мұны халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің негізгі жолы деп санағанмен, ... . (қарапайым халықтың теріс пікірді ұстанатындары аз емес.)

Дескриптор

Білім алушы:

- қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді толықтырып жазады;

- сабақтас құрмалас өйлем құрастырады, түрін ажыратады. (3б)



3-тапсырма.

Әр топтағы бағалау бойынша жинаған пазлдар арқылы шыққан сурет бойынша өз ойын топтық тапсырма болып ортаға салады.

Биотехнолог мамандығының сұранысы

Адам денесінің түзелуі-биотехнология жетістігі

Биотехнология – болашақтың ғылымы

Дескриптор

Білім алушы:

-тақырып бойынша өз ойын жүйелі айтады;

-оқылым мәтінін түсінеді. (2б)

Екі мәтінді кесте бойынша салыстыра талдайды.











































Тілдік бағдарды түсінеді.









Тақырыпқа қатысты сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазады. Қай сабақтастың түрі екендігін әр топ айтады.





























Оқушылар ойларымен бөлісіп, суретті сөйлетіп, пікір алмасады.







Оқушыларға номерлі суреттер беріліп отырады.

Екі тапсырмадан жинаған пазлдарды құрастыру арқылы толық суретті құрау керек.

































































































































Мұғалімнің бағалауы



ҚБ: «Бәрекелді! Әттеген-ай!»























Мәтін 139-бет

Оқулық, дәптер









Презентация, мәтінді парақ, кесте











Кітап, презентация, плакат















Тест парақтары



























Сабақтың соңы

5-минут

Үйге тапсырма: 7-тапсырма, 140-бет

Рефлексия.

Сабаққа кері байланыс береді.



Стикерлер













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2024
163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12