Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары "Бірлігі жарасқан халықпыз" 3 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітілді:
Мектеп: Б.Нысанбаев орта мектебі
Мерзiм: 14.10.2016ж.
Сабақ: 7
Тақырып: Бірлігі жарасқан халықпыз
Құндылық: «Қиянат жасамау»
Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық, жанашырлық
Мұғалiм: А.Борашова
Сынып: 3 «ә» Оқушылар саны: 21
Сабақтың
мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік»,
«халық» туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Қиянат жасамау»
құндылығының мәнін ашу. Білімділігі:
халықтар
достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін
қалыптастыру. |
Ресурстар: үнтаспа, оқулық, дәптер, дәйексөз, стикер, смайлик, А4, бояу карандаштар |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.
Тыныштық сәті Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет. Сұрақтар: 1.Қандай сезімде болдыңыздар? 2.Жаттығу сіздерге қалай әсер етті? Үй тапсырмасын тексеру. Ә.Табылдиевтің «Ата өсиеті» әңгімесін түсініп оқып, мазмұнын айту |
Сабақ барысын талқылау:
|
Дәйексөз.
«Бірлігі жоқ ел тозады, Мақал (Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын түсіндіреді) Сұрақ: «Бірлік», «татулық» туралы не білесіңдер? «Бірлігі жарасқан халықпыз» дегенді қалай түсінесіңдер? Қорытынды: Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай, барлығы да бір – бірімен тең құқықта қарым – қатынас жасай алады, бірдей білім алады, бірдей еңбек етеді. Тіпті олардың арман – тілектері де бірдей, өйткені бәрінің де жүрегі туған өз отаны Қазақстан деп соғады. |
|
Әңгімелеу «Туысқан ел» Сұрақ:
Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар? Қорытынды: Қазақстанда көп ұлт тұрады. Олардың бәрі бір – бірімен дос, жолдас және тату – тәтті өмір сүруде. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны – Қазақстан. Осындай халқы бар біздің Отан бақытты. |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Сөзжұмбақ
сұрақтары: Көрініс Қорытынды: Біздің Отанымыз Қазақстан елін бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Мұнда тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге, Тәуелсіздікке Қазақстанда мекендеген ұлттардың бірлігі арқылы қол жеткіздік. |
|
Топпен ән айту. КӨГЕРШІН Әні А.Жұбановтікі Сөзі Н.Баймұхамедовтікі Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің, Бар, кезіп қайт ел үшін, Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан Бақыт болып қоншы деп, Ұшырамын қолымнан. Қайырмасы: Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды, Ақ ниетті бар адам. Ақ қанатың талмайды, Әділеттен жаралған. Тыныш – бейбіт өмірдің, Белгісі боп қанат қақ. Әлемге ортақ көңілдің, Қайт шыңына қонақтап. Қайырмасы. |
|
Үй тапсырмасы. Ж.Жабаевтың «Туысқан ел» өлеңін жаттау. «Менің елім бақытты» әңгіме құрастыру. |
|
Соңғы тыныштық сәтi. Балалар ішкі тыныштығымызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет етіп, отбасымызды, бүкіл адамзатты риясыз сүйіспеншілікке бөлейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық. Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. |
|