Технологиялық
карта
Күні: 26.10.2016 ж.
Бекітемін:
Білім беру саласы: Жаратылыстану
Бөлімі:
Таным
Тақырыбы: Бөлме
өсімдігі деген не?
Мақсаты: Балаларға
бөлме өсімдіктері туралы түсініктерін
қалыптастыру.
1. Бөлме өсімдіктерін
көбейту жоларын түсіндіру.
2. Өсімдіктердің бір –
бірінен айырмашылықтары туралы ой - өрісін
дамыту.
3. Өсімдіктерді
өсіруге,табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер
Сөздік жұмыс: бөлме өсімдігі – комнатное растение - houseplant
Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру.
|
Оқу - қызмет
бөлімдері
|
Педагогтің
қызметі
|
Балалардың іс -
әрекеті
|
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Шаттық шеңберін
ұйымдастыру.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті,ақыл ойларың
Өсті, міне, бойларың.
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп
өсеміз.
|
Өлең жолдарын қайталап,
сәлемдеседі.
|
|
Негізгі бөлім
Түсіндіру
Сергіту сәті
Дәптермен
жұмыс
|
Балалар табиғатымыздың
әсемдігі
жайлы білдік енді біздер сендермен үйде де өсімдіктерді
өсіріп баптауға болатынын білеміз, өсімдіктер бөлменің ауасын
тазартып тұрады Бізге қуаныш сыйлайды,,көңіліміз көтеріңкі болады
екен.Олардың көптеген түрлері бар.Кактус, алоэ, Қазтамақ тағы басқа
да көптеген бөлме өсімдіктері бар.
Ал, мына алоэ деген өсімдік жапырақтары тікенді болып
келеді,бірақ тікендері қолымызға кірмейді.Алоэның емдік қасиеттері
бар.Егер жарақат алған жағдайда осы алоэның кескінін кесіп алып
жарақаттанған жерге таңып қойсаң жазылады екен тез.Енді гүлдің сырт
келбетімен танысайық.
Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі
.
Балалар осы біздер айтып отырған гүлдер біздің бөлмемізде
бар ма?Мұқият қарайықшы, кім көрді?
Сергіту сәтін өткізу.
Кәне, кәне, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене тұрайық.
Әліппе дәптермен жұмыс:
Әліппе дәптеріміздегі суреттерге қарай отырып бөлме
өсімдігі жайлы білеміз.
Бөлме өсімдігінің көбейту жолдарының ретін көрсет.Әңгімелеп
бер, суретке қарай отырып ретін санмен
көрсет.
|
Балалар тапсырманы мұқият таңдап түсініп
алады
Тыңдайды
Өлеңді мазмұнына қарай қимылдар
жасайды
Тапсырманы ынтамен
орындайды
|
|
Қорытындылау
|
-Балалар бүгін сендермен не жайында әңгімелесіп біліп,
үйрендік?
-Әліппе дәптеріміздің шетінде тұрған гүлдің атауын білеміз
бе?
-Бұл гүлдің атауы Қоңыраугүл, келіңдер енді сол гүлді бояп
қояйық.
- Әліппе дәптер шетіне өзіңнің тапсырманы қалай
орындағаныңды өзің бағала.
|
Балалар тапсырманы
орындайды
Өздерін
бағалайды
|
Күтілетін
нәтиже:
Білді: Бөлме өсімдігі
не қажет екенін біледі.
Игерді: Бөлме өсімдігін
отырғызу жолдарын игереді.
Меңгерді: Өсімдіктердің
бір – бірінен айырмашылықтарының бар екенін
меңгереді.
Картаны толтырған
тәрбиеші: