|
Жалпымақсаттар
|
а) Оқушыларға
болымсыздық есімдігі туралы түсінікті тілмен өздерін қатыстыра
отырып, жан-жақты мәлімет беру, болымсыздық есімдіктерімен
таныстыру, олардың көбі екі түбірден құралған біріккен сөздер
екенін аңғарту;
ә) Әр түрлі жаттығу
жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойларын дамыту,
сөздік қорларын байыту, сауатты жазу, оқу дағдыларын
жетілдіру;
б) Ойын арқылы
оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,
оқушыларға мақал-мәтелдің мәнін ұғындыра отырып, адамгершілікке,
тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: пысықтау
сабағы
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
суретпен жұмыс, топтық жұмыс, «орныңдытап»
ойыны
Сабақтың
көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер,
кеспелер
|
|
Үй тапсырмасын
сұрау
Қызығушылықты
ояту
Мағынаны
тану
Оқулықпен
жұмыс
|
184-жаттығу.Төмендегі есімдіктерді қатыстырып, сөйлем
құраңдар.
1.«Орныңды тап»
ойыны
Тақтаға есімдік
атаулары ілінеді.(Белгісіздік және
болымсыздық.)
Берілген
сөздер: ешкім,әрқайсысы, ешбір, әрбір,
дәнеме,
әлдекім, ешқайдан, қайсыбір,
әлдеқандай, ешқайсысы,
2.«Сұрақ-жауап»
өткен тақырыптар бойынша
1.Есімдік дегеніміз
не?
2.Есімдіктің қандай
мағыналық түрлері бар?
3.Жіктеу есімдіктері
қандай сөз таптарының орнына
жүреді?
4.Сұрау
есімдіктерінің ерекшелігі
неде?
5.Өздік есімдігінің
қолдану ерекшелігі қандай?
Болымсыздық мағынаны білдіртін
есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі
деп
аталады.Болымсыздық есімдігі:
ештеңе,ештеме, ешкім,ешқандай
ешбір,ешқашан,ешқайдан,ешқайсысы,дәнеңе,
дәнеме,
Мысалы. Көнбеді ешкім сөзіме,Әдетіне
қарысып. Болымсыздық есімдіктерінің ешкім,ешқайсысы,дәнеңе,ештеңе
дегендерді үстеу немесе мезгілдік,мекендік мағынаны білдіретін
сөздердің орнына жұмсалады.
Мысалы
: Бұл жерде ешкім сырымды
білмейді,айтып не
істейін?
Болымсыздық есімдіктері
көбінесе еш сөзі мен бір,кім,қашан,қандай қайдан,қайсысы тәрізді
есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған.Сондықтан да олар бірігіп
жазылады.Ал еш сөзі басқа сөздермен тіркесіп,бөлек
жазылады.
Оқулықтағы тапсырмаларды
топтарда бөліп
орындау.
185-жаттығу.Төмендегі
сөйлемдерден болымсыздық есімдігін тауып, жасалу жолын
анықтаңдар.
186-жаттығу.Есім сөздерді (зат
есім, есімдікті) тауып, морфологиялық талдау жасаңдар.(өлшейді,
ешкімнен) сөздеріне фонетикалық талдау
жасаңдар.
|
Дәптерлерін ашып берілген
жаттығуды оқиды.
Есімдіктер жазылған
қағаздар оқушылардың қолдарына таратылады, қай есімдікке жатады сол
жаққа барып тұрады.
|