400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары «Ботқа дайындау» 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінің мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 6 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №2. «Ботқа дайындау».

«Өндіріс-экономикажемісінің көзі.»

Сабақтың мақсаты:- Қыз балаларға тамақ әзірлеудің жолдарын түсіндіре отырып, ас мәзірінің ерекшелігі, тағамдық маңызын,өндірістер туралы түсініктер беру.

- Ботқаның тағамдық құндылығы туралы түсінігін, дүниетанымын қалыптастыру.

- Оқушыларға икемділікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сарамандық;

Сабақтың әдісі: аралас, топпен жұмыс;

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

өткен сабаққа шолу;

жаңа сабақты хабарлау;

жаңа сабақты түсіндіру;

практикалық бөлім.

Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа назарын аудара отырып, өткен сабаққа шолу жасау:

қыздырып өңдеудің әдісі?

жоғарғы температураның тағамға әсері?

Сабақтың барысы:

Оқушыларға тақырып хабарланып, қысқаша мағлұмат беріледі.

-Жармадан су,сүт,сорпа қосып ботқалар дайындайды. Ботқалар үгілмелі, қою, сұйық, болып бөлінеді. Үгілмелі ботқаларды күріштен, қарақұмықтан, арпа, жармасынан жасайды. Қою және сұйық ботқаларды кез келген жармадан пісіреді. Жармаларды, бұршатылар мен макарондық бұйымдарды пісіргенде олардың салмағы мен көлемі ұлғаяды. Мысалы, бұршақтылар мен макарондардың салмағы 2.5-3 есе өседі.

Практикалық бөлім: Күріш ботқасын дайындау. Дайындалу жолын түсіндіру. Оқушыларға нұсқау беру.

Оқушылардың жұмысын тексеру, өзара талқылау.

Экономика бөлімі. Экономика адамның жеңіл, қызықты өмір сүруіне бағытталған. Бізге керекті нәрсенің барлығын (азық -түлікті,үйлерді,тұрмыстық заттарды) қайдан аламыз? Әрине мұның барлығын жасау керек,яғни өндіру керек.Қажет заттарсыз,азық -түліксіз адам өмір сүре алмайды. Материалдық игілік қайдан шығады?Өндірістен. Қолмен ұстауға болатын игіліктер зауыттарда,фабрикаларда, фермерлік шаруашылықтарда өндіріледі. Бұлар - материалдық өндіріс.

Бірақ көптеген адамдар денсаулық сақтау,ағарту,сауда салаларында жұмыс істеп,бізді емдейді,оқытады,бізге қажетті тамақ, киім сатады. Бұл -қызмет көрсету.

Экономистер қазіргі кезде қызмет көрсетулерді материалдық емес өндіріс деп есептейді.

Адам тек жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар,демалы, емделуі, өзін -өзі дамытуы керек. Бұл үшін театрлар,мұражайлар,кітаптар, көркемөнер, ғылыми еңбектер және көптеген тағы басқалар керек. Бұлардың барлығы рухани байлықты құрайды.

Рухани орта материалдық өндірістің дамуы үшін де маңызды. Білім, ақыл -ой, қиял адам игілігі үшін жаңалықтыа іздеп, туғызады.

Өндіріс-материалдық игілік пен қызмет көрсетулер жасау процесі.

Өндіріс -адамдардың қажеттілігін өндіруге қажет материалдық игіліктерді құру процесі.

Өндіруші- өнім өндіріп,қызмет көрсететін адам.

Бағалау.

Сабақтың қорытындылау: оқушыларға ботқаның балалар тағамы ғана емес, диеталық ас ретінде әр түрлі ауруларға ұсынылатыны айтылады. Үйге тапсырма: ботқа түрлерінен рецепт.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі