400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары «Бояумен бізге күз келді» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

«Бояумен бізге күз келді»

Мақсаты:


  • бояулармен (гуашь, акварель), оларға тән қасиеттермен таныстыру;

  • негізгі және құрамдас түстер, түстік оралым мен кемпірқосақ түсінігін беру қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояутақтаны дұрыс пайдалану дағдысына баулу, сурет салуға құштарлықтарын арттыру.

Қажетті заттар:

ақ қағаз, жіңішке қылқалам, акварель бояуы, бояу-тақта, су құятын құты, орамал, акварель және гуашьпен салынған суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару.


Сабақ барысы


Мұғалім : – Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Балалар амандасып, шаттық шеңберіне тұрып «Амандасу рәсімін» айтады:

Балаларға сабаққа Суретші Құтының келгенін айту. Балалар Құтыны қарсы алады амандасады. Құтының әңгімесін мұқият тындайды.Суретші Құтының әңгімесін әңгімелеп беру. Балаларды бояулармен таныстыру. Гуашь пен акварель бояулар туралы айту.Гуашь қорап үйлерде тұрады. Гуашьтың пәтері банкілер және олардың қақпақ есіктері бар. Барлық қақпақтарды ашайық.

Мұғалім : - Олар қандай?

Акварель бояулар бір-бірімен қатарда көрші тұрады. Олар суда ериді. Суды қатты ұнатады.

Мұғалім :-Балалар сендер қанша түс білесіңдер?

Балалар: - Қызыл, сары, көк т.б.

Мұғалім : -Иә, олар негізгі түстер. Олар бір-бірімен араласа алады. Олар бояутақтада кездеседі. (Бояулардың араласқанын көрсету: қызыл+сары- қызғылт сары, қызыл+көк- сия көк.)

Балаларға жылы және суық түстер жайлы айтып кету.

Балалардың сурет салу барысында қылқаламмен жұмыс істеудің негізгі ережелерін түсіндіремін:

  1. Қылқаламды суда қалдыруға болмайды.

  2. Сурет салып болған соң, қылқаламды жуып,тазалап қою керек.

  3. Қылқаламды орнына қойғанда қылы бар жағын жоғары қаратып орналастыру керек

Сергіту сәті

Балалар сергіту сәтін жасайды. Балалар жұмысқа кірісер алдында саусақ жаттығуын жасайды https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Балалар жұмысқа кіріседі.

Балаларға Құтының қызықты нәрселерді айтып бергенін және бейнелеу материалдарын қолдана отырып өз беттерінше сурет салуларын айту.

Жұмыс барысында түстік шеңберді қолдана отырып, бояутақтада бояуларды қалай дұрыс араластыру керектігін балалардың есіне салу.

Балалардың жұмыстарын талдау.Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – қылқалам мен қарындаштың маңызымен,сызықтар мен сүйкей жағу ұғымдармен танысады;

Түсінеді: – сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығын тудыру;

Қолданады:-қалқаламды дұрыс ұстап, бояутақтаны пайдалана біледі, қылқаламды бояуға батырып,қағаз бетіне сүйкей жағу тәсілдерін пайдаланады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
827
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі