Сабақ жоспары. "Бұл - малдың төлі" 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. "Бұл - малдың төлі" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сіздерге ұсынып отырған сабақ жоспарымның тақырыбы "Бұл - малдың төлі". Қазақ тілі пәнінен,3-сыныпқа арналған. Сабақ жоспарында қазақтың төрт тұлік малының төлдерінің атауларын оқушыларға меңгерту қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: 38 ЖОББМЛ


Мұғалім: Бахтина Айнур Нурбековна

Сабақ тақырыбы

Бұл - малдың төлі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1 анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

  1. Тыңдаған мәтінді түсініп, нұсқауларды орындау

  2. Тақырып бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру

  3. Сөздерге септік және тәуелдік жалғауларды жалғау

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтінді түсінеді, сұраққа жауап береді

Оқушылардың көпшілігі: түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды, сұрақтар қояды, жалғауларды дұрыс қолданады

Оқушылардың кейбірі: сөйлемді сауатты құрайды, тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша диалогқа қатысады.

Сөздерді дұрыс байланыстырады.

Лексикалық минимум

төл, құлын, бота, бұзау, қозы

Грамматикалық минимум

Септік жалғауы, тәуелдік жалғау

Қойдың қозысы, сиырдың бұзауы, малдың төлі

Құндылықтарды дарыту


Төрт түлік малға қамқорлық, еңбек адамын құрметтеу

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

http://bala.soyle.kz/picture/collection?id=8 сайтындағы жаттығуларды орындайды

Бастапқы білім


Үй жануарлары – жанды табиғат

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


«Комплимент»

Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Кез келген қатысушы бір жағымды комплимент айтады. Шеңберде отырған оқушылар бұл комплименттің кімге арналғанын табуы керек. Комплимент алған оқушы ойынды әрі қарай жалғастырады.

Өткен тақырыпты еске түсіру.

«Қарлы кесек» ойыны

Оқушылар шеңберге тұрады. Ойын бастаушы қағаздан жасалған домалақ қарды кез келген оқушыға лақтырады да, өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді.

Сабақ мақсатымен таныстыру

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.

Сөздерді дұрыс байланыстырамын.


Сабақтың ортасы


(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту

Құлын, бота, бұзау, қозы, лақ

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру

Сүйкімді құлын. Құлын – жылқының төлі.

Екі бота. Бота- түйенің төлі.

(Ө, Ж) Тыңдалым

Тыңдалы мәтіні

-Сен төрт түлік малды білесің бе?

-Иә, білемін.

-Атап шықшы.

-Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкі.

-Түйенің төлі не?

-Түйенің төлі –бота.

-Сиырдың төлі не?

-Сиырдың төлі –бұзау.

-Қойдың төлі не?

-Қойдың төлі –қозы.

-Жылқының төлі не?

-Жылқының төлі –құлын.

-Ешкінің төлі не?

-Ешкінің төлі –лақ.

Мәтінді тыңдайды. Әр оқушы өздігінен тапсырманы орындайды да, көршісіне суретті пайдаланып, малдардың төлдерін көрсетеді және атайды. Бірі –сөйлейді, екіншісі- тыңдайды. Содан кейін рөлдерімен ауысады. Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.



(Ө) Жазылым. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны жалғап жазады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөз тіркестерімен сөйлемдер құрайды.

Үлгі: Ешкінің лағы. Ешкінің лағы тастан секірді.


Қой...

-дың

-нің

-ның

қозы...

-сы

Ешкі...

лақ...

Жылқы...

құлын...

Түйе...

бота...

Сиыр...

бұзау...


Тапсырманы орындап болған соң, тақтадан дұрыс нұсқа көрсетіледі.

«Өзін-өзі бағалау баспалдағы» арқылы өзін-өзі бағалайды.

МЕН ІСТЕДІМ, ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ

МЕН ІСТЕЙМІН

МЕН ІСТЕЙ АЛАМЫН

МЕН ТЫРЫСЫП КӨРЕМІН

МЕН ҚАЛАЙ ІСТЕЙМІН?

МЕНІҢ ІСТЕГІМ КЕЛЕДІ

МЕНІҢ ІСТЕГІМ КЕЛМЕЙДІ

МЕН ІСТЕМЕЙМІН


Сергіту сәті «Белгісіз басшы»

Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.


(Ж) Оқылым.

Мәтін мазмұнымен танысады. Мәтін мазмұны бойынша 3-4 сұрақ құрастырады. Жұптар бір-бірінің сұрақтарымен ауысады да, басқа жұптардың дайындаған сұрақтарына жауап береді.

Үлгі: Әлібекке не ұнайды? Ол ненің төлі? Ол не істейді?

Оқылым мәтіні

Біз малдың төлдерін жақсы көреміз. Маған құлын ұнайды. Ал ағама бота ұнайды. Қарындасым қозыны жақсы көреді. Ініме бұзау мен лақ ұнайды.

Төлдер әдемі, сүйкімді. Олар шөп жейді, ойнайды.

Жұптар бір-бірінің жауаптарын бағалайды.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады

(3-5 сұрақ).

  • Сұрақтарға жауап береді.

) «Кім жылдам?» ойыны. http://bala.soyle.kz/picture/collection?id=8 сайтындағы жаттығуларды орындайды

1. Сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.

2. Берілген әріптерден сөздер құрап, жануардың атын жазады.



Сабақтың соңы

Үй жұмысы:

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.

Әлібекке ... ұнайды. Ол -... төлі. Ағасына ... ұнайды. Ол - ... төлі. Қарындасына ... ұнайды. Ол - ... төлі. Інісіне ... мен ... ұнайды. Олар- ... ... төлдері. Төлдер де ... табиғатқа жатады.

Рефлексия




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2019
3866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі