|
Пәннің
аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
|
Сабақтың атауы
|
Бұрыштардың
түрлері
|
|
Мақсаты
|
Сабақ мақсаты:
геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы түсінік
қалыптастыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыштың мәнді
белгісін айқындау.
Дамытушылық: логикалық ойлауды, зейінді дамыту
Тәрбиелік: алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ұжымдық.,
практикалық.. Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта,
презентация, тапсырмалы карточкалар..
|
|
Күтілетін нәтиже
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім
аламыз.
|
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік
тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
- Артық фигураны кім айтады? (сәуле).
Себебі?
- Ал мына қатарда қай фигура? (үшбұрыш )
- Ал мұнда ше? (Тұйықталған сызық)
- Соңғы қатарда? Сопақша
- Жарайсыңдар!
- Осы геометриялы. фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады?
- Сызықтар, көпбұрыштар
|
Жаңа сабаққа деген
қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен
кіріседі.
|
|
Мағынаны тану
|
Математикалық
диктант
а) 5 ондықтан тұратын санды жаз.
12 - ні 3 - ке арттыр.
20 – ны 2 - ге кеміт.
17 мен 3 сандарының қосындысы нешеге тең? 14 және 2 сандарының
айырмасы нешеге тең?
30 дециметрді метрге айналдыр.
1 минутта неше секунд бар?
8 бен 5 - тің қосындысы нешеге тең?
12 мен 7 - нің айырмасын жаз.
50, 15, 18, 20, 12, 3, 60, 13, 5.
СЛАЙД 5 - Ал енді өзіңді өзің бағала!
5 – қатесіз орындалған жұмыс;
4 – 1 немесе 2 қате жіберілсе;
3 – 3 немесе 4 қате жіберілсе;
2 – 5 немесе одан да көп қате жіберілсе
Оқушылар топпен
оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.
|
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі
келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
|
Ой толғаныс
|
Шығармашылық тапсырма:
Дәптерімізге бұрыш салайық. Ол үшін алдымен нүкте қоямыз.
Енді осы нүктеден екі сәуле жүргіземіз. Сәулелер бұрыштың қабырғасы
болады.
Сиқыршының сандығы
- Қандай заттардың бұрышы болады екен? Қазір оны сиқыршының
сандығын ашқанда көреміз
Бұрыштың түрлері
- Бұрыштар жөнінде қандай қорытынды жасауға болады?
«Бұрыштарға ат қою» ойыны
Бұрыштарды салыстыру
Қай бұрыш тік?
- Оны қалай анықтаймыз?
- Мынау - тік бұрыш. Ол сүйір бұрыштан үлкен бе, кіші ме? Тік
бұрышты үшбұрыш сызғыштарыңмен өлшеңдер, шынымен де солай ма? Қалай
өлшейміз? (Оқушылар тік бұрышты үшбұрыш сызғыштарымен бұрыштарды
өлшейді).
Қорытынды: Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші. Доғал бұрыш тік бұрыштан
үлкен.
Практикалық жұмыс -
Тік бұрышты салу
1. Сызғыш пен
қарындашты аламыз.
2. Мен сияқты сызғыштың сыртын жүргізіп
шығамыз
Сүйір бұрыш – тік
бұрыштан кіші.
слайд сүйір бұрышты салу
|
|
Үйге тапсырма
|
Дәптермен
жұмыс
|
Күнделіктеріне жазып
беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау
|
Бағалау парақшасын
толтырады.
|
|
Кері байланыс
|

|
Смайликтерді өзі
қалаған нұсқаға жабыстырады
|