400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Циклдік алгоритмдерді программалау" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары "Циклдік алгоритмдерді программалау" 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән Информатика сынып 8 Күні 14.12.16 ж.

сабақ №: 14

Тақырып: Циклдік алгоритмдерді программалау

Мақсат: Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын орындалуын және құрылымын көрсету

Білімділік – Циклдік алгоритмдерді программалау тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру

Дамытушылық – оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК-лер, дәптерлер, оқулықтар, видео, интерактивті тақта, easyQuizzy, Free Pascal, бағдарламалары.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

2 мин

Оқушылармен амандасу. Сыныпта Психологиялық ахуал тудыру. «Шырайлы шеңбер» тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге, сабаққа тілек айту ұсынылады

Амандасады. «шырайлы шеңбер» жасап бір-біріне тілектер айтады


ІІ. Үй тапсырмасын

сұрау

10 мин

ДК-де easyQuizzy бағдарламасын ашып, тест тапсырмасын орындайды.


Тест

  1. Цикл командаларын орындау жалғаса береді, егер:

А. цикл шарты ақиқат болса*

В. Оң аргументке ие болса

С. Цикл есептегіші оң болса

D. Цикл есептегіші теріс болмас

2. Циклдік алгоритмді қандай жағдайда қолдануға болады?

А. Көрсетілген командалар тізбегін бірнеше рет қайталау талап етілгенде*

В. Жекелеген командаларды жиі қайталауға тура келгенде

С. Үлкен дәлдікпен есептеуді орындау талап етілгенде

D. программа аяқталғанша орындау талап етілгенде

3. Цикл командаларын орындау жалғаса береді, егер:

А. цикл шарты ақиқат болса*

В. Оң аргументке ие болса

С. Цикл есептегіші оң болса

D. Цикл есептегіші теріс болмаса

4. Енгізу операторы…

  1. PRINT;

  2. BINPUT;

  3. READ.*

  4. LET;

5. Шығару операторы …

  1. WRITE;*

  2. INPUT;

  3. LET;

  4. REM.

6. Программа соңын анықтайтын оператор …

  1. INPUT;

  2. LET;

  3. END.*

  4. PRINT;

7. RUN командасы орындалғаннан кейін қандай процесс жүргізіледі?

  1. Программаның орындалуы*

  2. Программаның орындалуын уақытша тоқтату;

  3. Программа тізімі шығарылады.

  4. Экранды тазарту;

8. Нақты тип қалай сипатталады?

  1. real;*

  2. array(1 . . n) of real;

  3. array(1 . . n) of integer;

  4. integer;

9. Символдық тип қалай сипатталады?

  1. real;

  2. array(1 . . n) of real;

  3. array(1 . . n) of integer;

  4. char;*

10. Айнымалыларды сипаттау операторы қалай жазылады?

  1. Var айнымалы: тип;*

  2. Var анймалылар тізімі;

  3. Var тип;

  4. Var const, айнымалы;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

7 мин










Pascal тілінде алдын ала қайталау саны белгісіз болса және шартты соңында тексеру қажет болса, repeat..until.. операторы қолданылады. Тексерілетін шарт жалған болу керек, егер шарт ақиқат болса, циклдің орындалуы аяқталады.

Соңында тексерілетін шарты бар циклдің блок-сұлбасы төмендегідей болады

(25-сурет):

25-сурет. Соңында тексерілетін шарты бар циклдің блок-сұлбасы

Оператордың жалпы түрі:

repeat

<1-оператор>;

<2-оператор>;

<n-оператор>;

until <шарт>.

Алдыңғы параграфқа оралып, repeat операторын қолданып, s = 1 + 1,5 + 2 + 2,5 + ... + 5 сандардың қосындысын есептейік.

Циклдік repeat...until.. операторын қолдансақ, шарт мынадай түрді қабылдайды: n>5. Осы шарт орындалған жағдайда, циклден шығу жүзеге асырылады.

Программа мынадай түрде болады:

uses crt;

var

s,n:real;

begin

clrscr;

n:=l; s:=0;

repeat

s:=s+n;

n:=n+0.5;

until n>5;

writeln('summa=', s:2:2);

readkey;

end.

Түйін

  • Pascal тілінде алдын ала қайталау саны белгісіз болса және шартты соңында тексеру қажет болса, repeat операто­ры қолданылады.

  • Соңынан берілген шарты бар циклдің денесі бір рет болса да орындалады.

  • Циклдің шарты жалған болғанға дейін, цикл орындалады.

  • Соңынан берілген шарты бар циклдерді ұйымдастыру кезінде міндетті түрде:

  1. цикл параметрінің бастапқы мәнін;

  2. шарттың орындалу кезінде цикл денесінің орындалуы тоқтағанын;

  3. цикл денесінде цикл параметрінің өзгеруін көрсету керек.

Оқулықпен жұмыс жасайды, өз беттерімен жаңа тақырыпты меңгереді.

V. Сергіту сәті

2 мин

Көзге арналған жаттығуларды орындау

Экранға қарап, көзге арналған жаттығуларды орындайды.

VI. Практикалық жұмыс

10 мин

ДК-де FreePascal бағдарламасында программаны енгізіп нәтижесін шығарады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

A деңгейі

  1. Repeat операторын қолданып, 20-дан бастап 99-ға дейінгі натурал сандардың қосындысын есептейтін программа құрыңдар.

  2. Көлденең орналасқан қиылысқан шеңберлерді салатын программаны құрыңдар. (26-сурет). While немесе repeat операторын қолданыңдар.

26-сурет. А деңгейінің 2-тапсырмасының мысалы

В деңгейі

  1. Repeat операторын қолданып, 1+ + + + ... сандарының қосындысын есептейтін программа құрыңдар.

  2. Балалар пирамидасын салатын программа құрыңдар: тік орналасқан, әртүрлі түстермен толтырылған бес эллипс (27-сурет). While немесе repeat операторын қолданыңдар.

27-сурет. В деңгейінің 2-тапсырмасының мысалы

С деңгейі

  1. Repeat операторын қолданып, сандарының қосындысын есептейтін программа құрыңдар.

  2. «Желпуішті» салатын программа құрыңдар: While немесе repeat операторын қолданып, бір нүктеден шығатын түрлі түсті сызықтарды салыңдар (28-сурет).

28-сурет. С деңгейінің 2-тапсырмасының мысалы

VII. Бекіту

8 мин

Оқулықпен жұмыс, 100-101 б.б., бақылау сұрақтарына ауызша жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Repeat операторын қолдану кезінде, циклдің денесі бір рет me орындалмауы мүмкін бе?

  2. Repeat циклдік операторының жалпы түрін жазыңдар.

  3. Соңынан берілген шарты бар, 1, 2, .... 10 сандарының көбейтіндісін есептейтін алгоритмніц блок-сұлбасын салыңдар.

  4. Программа фрагменттеріндегі қателерді түзетіңдер:

n:=1 ;

begin

repeat

write('n=', n:5);

until n<=10

end;

  1. Программаның келесі фрагмента орындалғаннан кейінгі х айнымалының мәнін анықтаңдар:

х:=10;

у:=1;

f:=true;

repeat

х:=х div 3;

у:=у+1;

if х+у=4 then f:=false

until (х=0) or not f;

VIIІ. Рефлексия

2 мин

«Ашық хат» Оқушыларға кестелер таратылып беріледі, оқушылар сабақ бойынша өз ойларын жазады.

Бүгін мен не үйрендім?

Маған не ұнады?

Маған не ұнамады?





IX. Бағалау

2 мин

Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

Х.Үй жұмысы

2 мин

§17 оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі