400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Дәрігер" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Дәрігер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік-оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайтып, сөйлеу тілдерін дамыту;

Дамытушылық-оқушылардың ауызша және жазбаша жұмыс түрлерін жүргізу арқылы ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін, сабаққа белсенділігін арттыру;

Тәрбиелік-оқушыларды сөйлеу мәдениетіне баулу, өз денсаулықтарын күте білуге, таза жүруге тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Әдісі: топпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөйлету, әңгімелесу.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты көрнекілік, түрлі түсті маркер, А4 қағазы

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу.

ә) Түгелдеу.

б)Тіл дамыту сәтін өткізу.

Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз,

Кітапты до оқимыз,

Суретті де саламыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру (25 бет 3 тапсырма өлең жаттау)

3.Жаңа сабақ.

3.1.Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Дәрігер». Сабақта жаңа сөздермен танысып, топпен және мәтінмен жұмыс жасап, ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындаймыз.

Күнді жазу. 

3.2.Көркем жазу минуты. 

Дд 
Дәрі, дәрігер, дәріхана. 

3.3.Сұрақ.: Балалар, біз дәрігерге неге барамыз? 

-Дұрыс, біздің бір жеріміз ауырады, сондықтан біз дәрігерге барамыз. 

3.4.Дене мүшелерінің атауларын қайталау, жазу, көрсету. 

Бас, құлақ, көз, ауыз, мұрын, шаш, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ, саусақ. 

3.5.Жаңа сөздермен жұмыс

емхана-поликлиника;

дәріхана-аптека;

тамақ- горло;

кезек-очередь;

дәрі-лекарство;

Мұғалім жаңа сөздерді оқиды, оқушылар қайталайды, оқушылар тізбектеп оқиды, сөздерді сөздік дәптерге көшіріп жазады, жаңа сөздермен сөз тіркестер және сөйлемдер құрастырады.

3.6. Оқушылар 4 оқушыдан бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа бірдей мәтін беріледі. Оқушылар мәтінді топ ішінде іштей оқиды (2 мин). Мәтін бойынша түсінген нәрсені А4 қағаз бетіне салады. Дайын болғаннан кейін кезекпен тақтаға шығып өз постерін қорғайды.

Менің тамағым ауырды. Мен емханаға келдім. Талон алдым. Дәрігерге кезекке тұрдым. Дәрігер менің тамағымды көрді. Ол дәрі жазып берді. Шешем дәріханадан дәрі сатып әкелді. Мен дәріні іштім.

Сергіту сәті: 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосамыз.

Алақанды ашамыз.

Диалог бойынша оқушыларды бір-бірімен сөйлету.

- Сәлеметсіз бе? 
- Сәлеметсің бе? Кел, кір орындыққа отыр 
- Рахмет. 
- Қай жерің ауырды? 
- Тамағым. 
- Қашаннан бері ? 
- Кешеден. 
- Дәрі іштің бе? 
- Жоқ. 
- Мен саған дәрі жазып берейін, соны алып іш. 
- Рахмет, сау болыңыз. 
- Сау бол. 

Балалар, денсаулықты сақтау үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

  • Дұрыс тамақтану керек.

  • Шыңығу керек.

  • Спортпен айналысу керек.

  • Денесін шынықтыру керек. –Денені таза ұстау керек.

Бекіту. «Дәрігер» тақырыбына кластер құрастыру.

Көмекші сұрақтар: -Дәрігер не істейді? -Дәрігер қандай адам? -Дәрігер қайда жұмыс істейді? -Науқас қатты ауырып жатса, дәрігер не істеуге міндетті? - Дәрігердің борышы кімді емдеу?

Үй тапсырмасы: сөзжұмбақ құрастыру, сөздерді жаттау

Бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1116
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі