400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. Деректер форматы. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Деректердің типін жіктеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Тапсырмаларды электрондық кесте көмегімен шешу.

Мектеп: Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Б. Жұмалиев атындағы жалпы орта мектеп КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Асқарова Айнұр Асқарқызы

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Деректер форматы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.1 Деректердің типін жіктеу

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану


Сабақтың мақсаты

  • Электрондық кестедегі деректер форматымен танысу;

  • Электрондық кестеде деректер типімен жұмыс жасауды үйрену;

  • Электрондық кестеде есептеулер жүргізуді қолдану;


Бағалау критерийі

Ms Excel - де деректер форматының қолданылуын біледі;

Электрондық кестеде деректер типімен жұмыс жасай алады;

Ms Excel электрондық кестеде есептеулер жүргізуді қолданады;


Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: Терминмен жұмыс жасайды.

Деректер типтері – Типы данных – Data types

Жалпы-общий-general

Ақшалай-денежный-ln money terms

Пайыздық-процентный-percent

Сандық-числовой-numeric

Пішім-Формат-format

Дата пішімі-дата формат-date format

Ұяшық- ячейка- cell

Формула-формула- formula

Кесте-таблица- table

Кітап-книга-Book

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, жауапкершілік, ұжыммен қарым-қатынас жасау қабілеті, бір-біріне деген құрмет көрсету дағдыларын білім беру, жұптық және топтық жұмыс арқылы дамыту.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, математика

Алдыңғы білім

Электрондық кесте элементтерін форматтау.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру: амандасу, оқушыларды түгендеу.

Жағымды психологиялық ахуал орнату.

«Жүректен - жүрекке» - оқушылар шеңбер жасап тұрады. Жүрекше пішінді шарды сыныптас достарына ақ тілек, ізгі ниеттерін айтып ұсынады.


Топқа бөлу: «Атомдар және молекулалар» әдісі бойынша оқушыларды екі топқа бөлу.

1 – топ: Дерек

2 – топ: Пайыз


Өткенге шолу:

«Менен сұрақ, сенен жауап» әдісі арқылы өткен сабақта алған білімдерін қорытып, пікір алмасады.

  • Электрондық кестедегі форматтау деген не?

  • Ұяшықтар қандай команда арқылы бірігеді?

  • Қаріптің түсін қалай өзгертуге болады?

  • Мәтіндік процессордағы кестеден электрондық кестенің қандай айырмашылығы бар?

Сабақтаң ортасы

5 минут




















2 – минут

























10 минут






















15 минут














































Сабақтың соңы

3 минут


«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісін қолдана отырып жаңа тақырып бойынша үш терминді

Ақшалай (денежный)

Пайыздық (процентный)

Сандық (числовой)

тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға ауызша жауап беру тапсырылады:

  1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

  3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашады. (Деректер форматы).


Деректер форматы

Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.


1 – тапсырма Топтық жұмыс

А деңгейі

«Кім жылдам» әдісі арқылы алдын - ала дайындалған дидактикалық карточкалардағы тапсырма орындалады.

«Ақпараттық диктант»

Дерек тобы:

... – ағымдағы формат болып табылады.

... – бүтін немесе нақты сандарды көрсету форматы.

... – сандарды ақша бірлігінде көрсету форматы.

Пайыз тобы:

... – нақты сандарды пайыз түрінде көрсету форматы.

... – нақты сандардың бөлшек түрінде берілу форматы.

... – санды күні/уақыт бірліктерінде көрсету форматы.


Дескриптор:

Ms Excel – дегі деректер типінің жіктелуін біледі;

Берілген сипаттамаға сәйкес термин сөздерді анықтайды.


ҚБ: Дескрипторға сүйене отырып топтар бірін-бірі

«3 - шапалақ» әдісімен бағалайды.

1 - шапалақ (толық емес)

2 – шапалақ (жартылай)

3 – шапалақ (толық)

СТ: Қарқын



2 – тапсырма Жұптық жұмыс

В деңгейі. «Ойлан – жұптас - орында» әдісі

Дерек тобы:

Берілген ондық сандар үшін «сандық» форматын қолданып, разрядтар тобын бөлуші (Разделитель групп разрядов) аумағына белгіше қоя отырып, разрядтар тобына бөліңдер. Бөлшек форматына түрлендір.

Дәстүрлі формат

Сандық формат

Бөлшек форматы

8,5



27,9



58,4



Дескриптор:

  • Берілген сандар үшін сандық форматын орнатады;

  • Берілген сандар үшін бөлшек форматын орнатады;

ҚБ: «Бутерброд » әдісі арқылы бағаланады.






1 бөлік – не ұнады;

2 бөлік – не нәрсені жақсарту керек;

3 бөлік– маған ұнады, бірақ келесі жолы...

СТ: Тапсырма, қарқын


3 – тапсырма Жеке жұмыс

С деңгейі. «Тапсырмалар шебері» әдісі арқылы алған білімдерін практикада қолдану.


«Қоймадағы тауар» кестесі

1. А1-ден Е1-ге дейінгі ұяшықтарды біріктіріңдер.

2. «Қоймадағы тауар» сөзін біріктірілген ұяшыққа жазыңдар.

3. А2, В2, С2, D2 және Е2 ұяшықтарына №, «Тауардың аты», «Саны», «Бағасы», «Жалпы құны» деп енгізіңдер.

4. А6 – дан D6 – ға дейінгі ұяшықтарды біріктіріңдер.

5. Біріктірілген ұяшыққа «Барлығы» сөзін жазыңдар.

6. С3:С5 ұяшықтарына сандық форматы енгізіңдер.

7. D3:D5 ұяшықтарына ақша форматын және Қазақстандық валюта белгісін орнатыңдар.

8. Е3:Е6 ұяшықтарына сандық форматты енгізіңдер.

9. А, В, С, D бағандарын мәліметтермен толтырыңдар.

10. Е3 ұяшығын белгілеңдер. Формула жолына «=» таңбасын енгізіп, одан кейін С3 *D3 ұяшықтарының мәндерін көбейтеміз. Осылай Е4, Е5 ұяшықтарын есептейміз.

11. Е6 ұяшығына Е3+Е4+Е5 мәнін шығарамыз.

Қоймадағы тауар

№

Тауардың аты

Саны

Бағасы

Жалпы құны
















Барлығы:



Дескриптор:

  • Берілген санға сандық форматты орнатады;

  • Электрондық кестеге енгізілген мәліметтерга ақша форматын орнатады:

  • Рубльдік валютаны теңгелік валютаға ауыстырады;

  • Ms Excel-де есептеу жүргізуді қолданады;

Кері байланыс: «Егер 5 минутыңыз болса...»

Оқушылардан қосымша 5 минут берілсе, жұмысты қалай жақсартатындығын сұраймын.

ҚБ:Дескрипторға сүйене отырып, «Медальондар» әдісімен бағалау.

«Білімді» медальоны – толық, ғылыми негізделген тапсырма;

«Креативті» медальоны – шығармашылық қамтылған орта деңгейде орындалған;

«Ізденімпаз» медальоны – әлі де толықтыруды, талдауды қажет ететін толық емес тапсырма;

СТ: Тапсырма, диалог және қолдау көрсету.


«Үш сөйлеммен түйіндеу» әдісі.

Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін Үш сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бағалау.


Рефлексия

Сабақ соңында «Ақылды көбелек» арқылы рефлекция жүргізіледі. Көбелектің оң жақ қанатына сабақта түсінгенін, сол жақ қанатына түсінбеген тұстарын жазады. Жұлдызшаларды бояу арқылы өздеріне баға береді.



















Карточкалар

Рисунок 1








Ms Excel

Мұхамбетжанова С.Т., Тен А.С., Исаева Д.Н., Сербин В.В.

Информатика 7

(68 бет)































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1038
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі