Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: "Достық айнасы“ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Для учителей
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Курчатов қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Өзін-өзі тану пәнінін мұғалімі: Шидербаева Ж.О.


Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Достық айнасы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік

Сабақтың мақсаты: адам өміріндегі достықтың маңызын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • «Дос», «достық», ұғымдары туралы түсінік беру; Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;

  • Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;

  • Жауапкершілікке , сезімталдыққ тәрбиелеу.тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды  бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Үй тапсырмасын тексеру

Дәйексөз Абай Құнанбаевтың « Адам баласынаадам баласының бәрі дос»

(«Достық негізі талғамның, көзқарастың толық үндессуінен туады», «Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа») деген қанатты сөздің мағанасын жазу.

Әңгімелесу Төмендегі сұрақтар бойынша әңгіме қозғау.

  • Достық деген не? Оны қалай түсіндіресіңдер?

  • Дос сөзінің мағанасына үңіліп көрдіңдер ме?

  • Достың көп болуы мүмкін бе?

  • Өз достарың жайлы не айтасыңдар?

Оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарымен ұсынылған Қадырбек Рыспековтың «Достықтың алтын жүлдесі»

Жана ақпарат :Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі;


Шығармашылық жұмыс. Тапсырма1,2,3 Оқулықта берілген сұрақтарды оқып, достық туралы пікірлерін ортаға салып айтады. Ондағы түйінді ойды тауып, себебін түсіндіру.

Оқулықтағы «Назар аударайық» айдарымен берілген ақпаратты мұхият қарап шығып, жадына сақтап алуды тапсырады.

Соңғы тыныштық. Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жүрек түбіне апарып, өз өмірлеріңде пайдалана біліңдер.

Үй тапсырмасы «Бабалар аманаты»алдын ала оқып келу

Жүректен жүрекке

М.Әміреевтың «Қимаймын» атты өлеңін айту.Ш. Смаханұлының «Досымның туған күнінде»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
1010
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12