жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: Досыма сыйлық таңдаймын 8 орыс сыныбы
|
Қысқа мерзімді жоспар |
||||||||||||||||
|
Пән: Қазақ тілі Т2 Күні: 21.09.2023 Сынып: 8 Б |
Бөлім: II. Сауда жасай білесің бе? Педагогтің аты-жөні: Ильясова Х.Н. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
1. Досыма сыйлық таңдаймын |
|||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары |
8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру 8.5.1.1 бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану |
|||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береді. Бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады. |
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Қанша? Қаншадан? |
|||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы 7 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Ой шебері» әдісі орындалады. Оқушылар есте қалған қанатты, нақыл сөздерді ретімен айтып шығады |
слайд
Суреттер |
||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 30 минут |
Сөздікпен жұмыс: Жаңа сөздер: сыйлық, назар, арзан, тым, уақытылы, кәдесый, қаражат 1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; |
Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды. Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады. |
Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
|
Оқулық 30 бет
сөздік слайд |
||||||||||||
|
|
1-тапсырма. Жазылым. Төмендегі мақал-мәтелдерді қажетті сөздермен толықтырып жаз.
Қажетті сөздер: базары, сақал, достық, ақшаң, әркім. 1.Саудада ... жоқ. 2.Сауда .... сипағанша. 3..... жақын байымас. 4.Базарға ..... барар, өзіне керегін алар. 5.Базарда бәрі бар, ... болса, әрі бар. |
Оқушылар жазылым тапсырмасын орындайды. Мақал-мәтелдерді қажетте сөздермен толыөтырып жазады. |
Дескриптор: -мақал-мәтелдерді толықтырып жазады; -қажетті сөздерді пайдаланады; |
Оқулық 30 бет
Оқулық 31 бет
|
||||||||||||
|
2-тапсырма. Оқылым. Айтылым. Сұраққа жауап бер. Сен қандай сыйлықты жақсы көресің? Өзің қандай сыйлық бергенді ұнатасың? Сыйлықты қолдан жасай аласың ба? Ең алғашқы қолдан жасаған сыйлығың қандай? Оны кімге сыйлап едің? |
Оқушылар оқылым, айтылым тапсырмаларын орындайды. |
«Бес бармақ» әдісі арқылы бағалау |
||||||||||||||
|
3-тапсырма. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқы. Түсінгеніңді баянда. Біз бүгін досым екеуміз Айзеренің туған күніне барамыз. Жинаған азын-аулақ қаражатымыз бар. Оған қандай сыйлық алатынымызды әлі шешкен жоқпыз. Маған ұнаған сыйлық досыма ұнамады, оған ұнаған сыйлық маған ұнамады. Екеуміз бір шешімге келе алмадық. Мен сыйлық таңдаудың қиын екенін білмеппін. Анама осы жайды баяндап бердім. Анам сыйлық таңдаудың ережесі барын айтты. Сендерді де осы ережемен таныстырайын: Сыйлық берген кезде төмендегі нәрселерді назарға алған жөн: -туған күнге бүкіл отбасы емес, туған күн иесінің өзі ғана қолданатын зат сыйла; -сыйлық не кәдесыйды туған күн өткеннен кейін сыйлауға болмайды, сондықтан сыйлығыңды алдын ала беріп қой; -сыйлық ретінде ақша сыйлаған дұрыс емес, ол адам сен үшін шынайы қымбат болса, уақытыңды бөліп, оны қуантатаындай сыйлық таңда; -өте қымбат сыйлық бермеген жөн, қымбат сыйлық адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы ықтимал. Өте арзан сыйлық, оған ұнамауы мұкін, сондықтан оның көңілінен шығатындай сыйлық ал; -сыйлықтың безендірілуіне мән бер; -өзіңе сыйлаған сыйлықты беруге болмайтыын жадыңда сақта; -күшік, мысық, тотықұс және т.б. сыйлықтарды сол үйдің отбасы мүшелерінің рұқсатымен сыйлау керектігін ескер; -сыйлықты кіреберістер беруге болмайды, оны қонақбөлмеде асықпаы, жылы лебізіңді айтып сыйлауды дәстүрге айналдар; -сыйлығың тосынсый болса, туған күн иесі қатты қуанышқа бөленетінін ескер; -ақшалай сыйлықты конвертке салып бер; -тым нашар сыйлық бергеннен гөрі бермеген дұрыс; Осы ережелерді жадыңда ұстасаң, сыйлық беру мерекеге айналары сөзсіз. |
Оқушылар тыңдалым, оқылым тапсырмасын орындайды. Мәтінді оқиды. Түсінгенін баяндайды. |
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау |
Оқулық 31 бет
|
|||||||||||||
|
Сергіту сәті. 4-тапсырма. Оқылым. Айтылым. Мәтін мазмұны туралы пікіріңді «Төрт сөйлем» құрылымына салып жаз. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз. |
Сергіту сәтін орындайды Оқушылар оқылым, айтылым тапсырмасын орындайды. |
Дескриптор: -мәтін мазмұны туралы пікір білідеріді; -өз пікірін дәлелдейді; -мысал келтіреді; -қорытындылайды; |
Оқулық 32 бет |
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия «СМС» әдісі: Кері байланыс Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смс арқылы білдіреді. |
|
||||||||||||||
|
3 минут |
Үй тапсырмасы: 5 тапсырма 32 бет Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. |
|||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген