400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Дүниежүзі халқының діни құрамы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Әлеуметтік география

Мектеп: «Бәйтерек АББ-нің Володар ЖОББМ»КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Дәулет Тілек Серікбайұлы

Күні:

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзі халқының діни құрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

7.4.1.2 – дүниежүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды.

7.1.1.3 – географиялық дереккөздермен (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер,) жұмыс істейді.

Сабақтың мақсаты

  • дүниежүзі халықының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтау;

  • дүниежүзі халқының діни құрамы мен таралуы аймақтарына сипаттама беру;

  • әлемдік діндердің таралу себептері мен ерекшеліктерін анықтау.

Бағалау критерийі

  • Дүниежүзі халықтының діни құрамын және діндердің таралуын анықтайды

  • Дүниежүзі халықтының діни құрамы мен таралу аймақтарын картадан анықтап, сипаттайды;

  • Әлемдік діндердің таралу себептерін анықтайды;

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты: оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып діндердін таралу аймақтарын анықтайды, сипаттайды.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Дін, діни қызмет, діни бірлестік,ислам, христиан, буддизм, самауй, иудаизм, синтоизм, индуизм, ру-тайпалық, шаманизм;

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Барлық мұсылмандардың құлшылық орны______;

Пайда болу уақыты жағынан _______ діні екінші орында;

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары (Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы) арқылы Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, топтардағы жұмыс арқылы бір-біріне құрмет, ынтымақтастық қалыптастыру, еңбек пен шығармашылыққа, ашықтық және өмір бойы оқып-үйренуге баулу;

Пəнаралық байланыс

Тарих, Дінтану;

Алдыңғы білім

Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы


10 минут







  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, жақсы атмосфера қалыптастыру. Оқушылар түгелденеді. Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

  2. Сурет қиындылары арқылы топқа бөлінеді:

1-топ:Ислам діні

2-топ: Христиан діні

3-топ: Буддизм діні

  1. Үй тапсырмасын тексеру: «Білімді озар бәйгеден» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.

  1. Қандай тілді ана тілі деп атайды?

  2. Дүниежүзінде ең көп таралған тіл әулеті

  3. Қазақтар қай тіл іулетіне жатады?

  4. Қытай-Тибет тіл әулетіне қандай тілдер жатады?

  5. Дүниежүзінде қанша тіл әулеті бар?

  6. Бірде-бір тіл әулеттеріне жатпайтын тілдерді атаңыздар

Бағалау: Мұғалім мадақтамасы арқылы бағалау

Суретпен жұмыс әдісі: «Мылқау сызба» суреті.

Берілген суреттер мен сұрақтар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып, сабақ мақсаттарын таныстыру.

Бейнематериал көрсетілімі

  1. Интерактивті тақтадағы суреттерден нені анықтауға болады?

  2. Суреттердің байланысы барма?

  3. Берілген суреттерге байланысты бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Бүгінгі сабақты түсіндіру.





Интерактивті тақта,


Сабақтың ортасы





5 минут































10 минут






























10 минут

«Инсерт» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

  1. Тапсырма. (ДЖ)«Кесте сөйлейді» әдісі.

Берілген ресурстарды пайдаланып дүниежүзі халықтарының діни құрамын анықтап, таралу аймақтарын кестеге толтырыңыз.

Дін түрлері

Әлемдік

Ұлттық

Дәстүрлі

Діндердің құрамы




Діндердің таралу аймақтары





Бағалау критерийі

Дескриптор

Дүниежүзі халықтының діни құрамын және діндердің таралуын анықтайды


  • Дін түрлерінің құрамын анықтайды;

  • Дүниежүзі халықтарының таралу аймақтарын анықтайды;

Бағалау: « Дәптер алмасу» әдісі арқылы бағалау

Дайын жауап тақтадан көрсетіледі.

Саралау: дереккоз,қарқын,диалог және қолдау.


Қосымша тапсырма

Әлемдік діндерден басқа, жекелеген халықтар ұстанатын ұлттық діндер бар. Осы ұлттық діндер қай мемлекеттерде кеңінен таралғанын анықтаңыздар?

Ұлтық діндер

Кең таралған елдер

Индуизм


Конфуциандық


Синтоизм


Иудаизм


Дескриптор: Ұлттық діндердің қай елдерде кең таралғанын анықтайды.

  1. Тапсырма (Тж) «Бірлесе үйрену» әдісі

Оқулықтағы мәтінді, дереккөздерді пайдаланып, постер құрастырыңыз.

  1. Топ: Ислам діні

  2. Топ: Христиан діні

  3. Топ: Буддизм діні

Тапсырманың жоспары

  • Дін атауы

  • Шығу тарихы

  • Тармақтары немесе бағыттары

  • Таралған аумағы немесе қай аймақтарда кездеседі

  • Діни мерекелері

  • Сипаттама (әр топ топқа берілген діндерге сипаттама береді)

Бағалау критерийі

Дескриптор

Дүниежүзі халықтының діни құрамы мен таралу аймақтарын картадан анықтап, сипаттайды;


- Шығу тарихын анықтайды;

- тармақтары немесе бағыттарын анықтайды;

- тарлаған аймақтарын анықтайды;

- Діни мерекелерін анықтайды;

- Өзіне ғана тән ерекшеліктерін, белгілерін сипаттайды

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» топтар бірін-бірі бағалайды

Саралау: тапсырма,диалог және қолдау.


  1. Тапсырма (ЖЖ)«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

Қазақстанда аумағында таралған әлемдік діндерді анықтап атаңыз. Картадан көрсетіңіздер. Қазақстан аумағында таралған әлемдік діндердің 3-4-ін кескін картаға түсіріңіз.

  • Таралу себебін түсіндіріңіз.

  • Тұрғындары әртүрлі діндерді ұстанатын елдерді ата. Себебі түсіндіріңіз.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Әлемдік діндердің таралу себептерін анықтайды.

  • тақырыптық картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағында таралған әлемдік діндерді анықтайды;

  • кескін картаға түсіреді

  • таралу себептерін түсіндіреді

  • тақырыптық картаны пайдалана отырып, тұрғындары әртүрлі діндерді уағыздайтын елдерді анықтайды;

  • әртүрлі діндердің уағыздау себебін түсіндіреді.

Бағалау: «Минуттық шешім» әдісі арқылы өзара бағалайды

Саралау:дереккоз,тапсырма,диалог және қолдау,қорытынды.


Георафия 7 сынып «Атамұра» 2017

А.Егорина , С.Нүркенова, Е.Шимина


















Тақырыпттық карта Атлас 7 сынып






















Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

География

7-сынып


Сабақтың соңы




5 минут

Сабақты қорытындылау. «Ия,жоқ» әдісі

1. Ислам діні - әлемдегі ең жас дін.

2. Барлық мұсылмандардың құлшылық орны мешіт.

3.Буддизм діні - дінге сенушілердің саны бойынша ең үлкен дін.

4. Христиан діні - әлемдегі ең кең таралған дін.

5. Қазақстан Республикасы - көп дінді мемлекет

6. Дін - мәдениеттің бір түрі

7. Буддизм діні - таурат кітабы бойынша құлшылық жасайды

8. Дәстүрлі дінге пұтқа табыну, фокус, табиғат күштеріне табыну жатады

Кері байланыс. "Үш С" әдісі арқылы Оқушылар сабақ барысында жақсы орын алған үш сәтті атау ұсынылады және келесі сабақта өзінің жұмысын жақсартатын бір әрекетті ұсыну ұсынылады.

Үй тапсырмасы: Қазақстан аумағында таралған әлемдік діндерді кескін картаға түсіріп, аяқтап келу.











«Үш С» әдісі

Саралау – Сіз оқушыларға қандай тəсілмен көмектесесіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пəнаралық байланыстар.

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқушылардың оқу деігейлерін ескере отырып, оқу және сабақ мақсаттарына қол жеткізуге арналған сараланған тапсырмалар беремін. Оқу және сабақ мақсаттарына жетуге арналған тапсырмаларды орындауға мәтіндер, дереккөздер беріледі. Бұл тапсырмаларда оқушылар дүниежүзі халықтарының діни құрамы тақырыбы бойынша дін түрлерін, таралу аймақтарын саралап, диалог және қолдау көрсету арқылы бағалау жүзеге асады.

Оқушыларға сабақ барысында оқу және сабақ мақсаттарына жету үшін қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрі қолданылады. Қалыптастырушы бағалау кезінде бағалау критерийлеріне сәйкес дескрипторлар арқылы, оқушылар өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, топ жұмысын бағалау жүзеге асады. «Мұғалім мадақтамасы» арқылы оқушыларды жекелей бағаланады; «Дәптер алмасу» арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды; «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы топ жұмысын бағалайды; «Минуттық шешім» арқылы өзара бағалайды, критерий арқылы бағалау жүзеге асады. Сабақты бекіту «Ия,жоқ» әдісі арқылы жүзеге асады; Сабақтың Аяқталғанға дейін мұғалімнің мадақтауы, қолпаштауы жүреді. Кері байланыс «Үш С» әдісі бойынша жүзеге асады. Таңдап алған бағалау формалары мен әдістерім оқушының көңіл-күйлерін көтеріп, білімі мен танымдылығы қай деңгейде екендігін біліп, оны әрқашан дамытып отыруға, сабақ мақсаттарына жетуге көмектеседі, білімнің сапасын айқындауға мүмкіндік береді.

Пән аралық байланыс Тарих және дінтану пәндерімен байланыс арқылы жүреді. Оқушылардың денсаулығына қолайлы әсер ету үшін және жұмыс өнімділігін арттыру үшін бөлмені желдету, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдану, интербелсенді тақтаны 10-15 минуттан артық қоспау жүзеге асырылады.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы жəне қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма?



Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: <Бейнематериал

2: «Үш С» әдісі

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Дербес жұмыс

2: Топтық жұмыс

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
2384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі