жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары дүниетану 1сынып Көліктер
Пәні : Дүниетану |
Мектеп № 2 ЖББМ |
|||||||||
Күні :11.10.19 |
Мұғалімнің аты жөні: ,Бейсенқұл Ж |
|||||||||
Сынып : 2 |
Қатысқандар: Қатыспағандар : |
|||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қандай көлік түрлері бар? |
|||||||||
Оқу мақсаттары |
2.1.4.3 Көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату |
|||||||||
Сабақ мақсаттары SMART |
Барлық оқушылар: Көлік түрлерін атайды, көрсетеді, ажыратады. Көптеген оқушылар: Адам өміріндегі көлік түрлерінің кажеттілік жолдарын түсіндіреді. Кейбір оқушылар: Бұрынғы және қазіргі көлік түрлерін бөліп көрсетеді. |
|||||||||
Бөлім |
|
|||||||||
Бөлімше |
|
|||||||||
Ортақ тақырып |
Менің туған елім |
|||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||
Тілдік мақсаттары |
Метро, көлік |
|||||||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оку, көркем еңбек |
|||||||||
Құндылықтар |
Еліміздің техника саласын дамытатын, бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты жас ұрпақ тәрбиелеу |
|||||||||
АКТ қолдану |
Ғаламтордан көлік туралы мультфильм көрсету |
|||||||||
Бастапқы білім |
Көліктүрлерін біледі, қажеттілігін түсінеді. |
|||||||||
Сабақтың барысы: |
||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал Жұмбақ шешу Кеудесінде жаны жоқ, Тамырында қаны жоқ. Май жейді. Су ішіеді. Бұл не? (Көлік)
Жұмбақтың жауабымен көлік түрлерінің қима суреттерімен топқа бөлу.
Саралау әдісінің «Жіктеу» тәсілін пайдалана отырып, аралас гендерлік топ жасаймын. Топтастыру. Оқушылар көлік түрлерін таңдап, топтарға бөлінеді 1-топ: Ұшақ 2- топ: Автобус 3- топ: Пойыз
Ұ.Ж «Суреттер сөйлейді» ойыны. Суреттегі көлік түрлерін атайды, адам өміріне қажеттілігін айтады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын
|
|
||||||||
Сабақтың ортасы: |
1 – тапсырма Саралау әдісінің «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін пайдалана отырып, ашық сұрақтар қою арқылы оқушыларды пікір таласқа қатыстыру , оқушыларға ой қозғау салып ойлануына түрткі болу.
Критерий: Суреттер арқылы көлік түрлерін бөліп көрсетеді, бір-бірінен ажыратады.
Оқулықпен ұжымдық жұмыс. Дүниетану. 2 сынып.40- бет. «Кім жүйрік?» әдісі. Оқулықтағы ұсынылған міліметтерді тез танысып хабарлау. Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат,түйені көлік қылып мінсе,үндістер пілді,ал кейбір шығыс халқы есек,бұқаларды көлік қылған екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан ол күйме-онымен адамдар баратын жерлеріне барған,ат арба онымен адамдар шөп,ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктердің түрлері өте көп оларды бірнеше топқа бөлуге болады мысалы:суда жүзетін,жерде жүретін,әуеде ұшатын және жер асты көліктері. Жерде жүретін көліктерге: Жеңіл көлік,велосипед, пойыз, автобус,троллейбус, жүк көлігі. Әуеде ұшатын көлік түрлеріне: Ұшақ,тік ұшақ,зымыран. Суда жүзетін көлік түрлеріне: Кеме,қайықжатады. Жер астыкөліктеріне: метро. Дескриптор:
ҚБ:Көлік түрлерімен бағалау
2 – тапсырма Саралау әдісінің «Дереккөздер» тәсілі Өздерінің білетін мәліметтеріне сүйеніп, нақты дәлелдер келтіреді.
Критерий: Көлік түрлерінің адам өміріне қажеттілігі туралы түсіндіреді. Топтық жұмыс. Ойлан тап әдісі І- топтың тапсырмасы. Ертедегі және қазіргі көлік түрлерін салыстыр, ерекшеліктерін ата.
ІІ топтың тапсырмасы. Суреттердің астына көліктердің атауын жаз, адам өміріндегі маңызын айтады.
ҚБ: Бағдаршам әдісі арқылы
Сергіту сәті:
3 - тапсырма Белсенді оқыту әдісінің “ Зерделеу және зерттеу” тәсілі Оқушылардың проблемалық мәселе көтеруін немесе зерттеу бағытын жорамалауды сұрау, проблемаға басқаша тұрғыдан қарау үшін бір түрінен екінші түріне көшуге ынталандыру.
Критерий: Ежелгі және қазіргі көлік туралы әңгімелейді, көліктің жол ережесіндегі орны туралы дәлелдейді. Өзіндік жұмыс.Теміржол әдісі Тапсырма. Көліктің зиянын түсіндіру. Көліктер туралы бейне ролик (https://yandex.kz/video/preview) Көліктерден шыққан түтін, улы газдар қоршаған ортаның ауасын ластайды.Адамдардың ағзасына , яғни денсаулығына кері әсерін тигізеді. Кейбір жағдайларда жол апатына ұшырап,адамдар қаза табады.Сондықтан жолдан өткенде абай болып өткен жөн.Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту керек. Дескриптор: 1.Көліктің түтіні зиянды екенін түсінеді. 2.Жол жүру ережесін біледі. ҚБ: Отшашу әдісі
|
|
||||||||
Сабақтың соңы: |
Кері байланыс Саралау әдісінің «Қорытынды» тәсілі Оқушыларға нұсқау бере отырып, өздерінен күтілетін нәтижені түсінгендеріне көз жеткізе оырып, көліктің адам өміріне келтіретін зиянын анықтайды.
«Балық қаңқасы» тәсілі Көліктердің зияны.
Рефлексия. «Менің бүгінгі жетістігім» әдісі. «Ұшақ»
Сабақты жақсы түсіндім, сабақ ұнады «Пойыз»
Жаңа мағұлматтар білдім, әліде сұрақтарым бар «Велосипед»
Сабақ қызықсыз болды,тақырыпты түсінбедім |
|||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген