400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары Дыбыс 1- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе бөлісуге қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім Табиғат физикасы

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

5.3. Дыбыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (мақсаттары)

1.5.3.2. Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

-Дыбыс көздерін анықтайды;

-Табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажыратады;

-Табиғи дыбыс көздерін түрлерінің шығу жолын (қатты, жай) түсіндіреді

Көптеген оқушылар:

-Табиғи дыбыс көздерінен бөлек жасанды дыбыстың болатындығын дәлелдейді;

-Табиғи дыбыс көздерін талқылайды

Кейбір оқушылар:

-Дыбыстың адам өмірінде маңызды рөль атқаратындығын әңгімелейді

Бағалау критерийі


-Табиғи және жасанды дыбыстарды ажыратады

-Табиғи дыбыс түрлерін анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-Дыбыстың таралу ерекшеліктерін сипаттайды

-Жасанды және табиғи дыбыстардың айырмашылықтарын атайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Дыбыс; жақын, алыс; табиғи, жасанды; адам және жануарлар шығаратын дыбыс; қатты, жай

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сендер қандай дыбыстар естідіңдер?

Бұл дыбыс табиғи немесе жасанды дыбыс па?

Сенің ойыңша дыбыс қандай қашықтықтан шықты?

Сол дыбыс күшейді ме, әлде бәсеңдеді ме?

Біз музыканың дауысын күшейткенде не жай қойғанда дыбыс ұлғайтқыштағы күрішке қандай әсер болды?

Құндылықтарға баулу

Ұжымдық, топтық жұмыс жасауда ауызбіршілікте болады. Қоршаған ортаны таза ұстауға баулу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек. Дауыс, дыбыс, дыбыстарға еліктеу. Ермексаздан табиғи дыбыс көздерін жасау. Сауат ашу әңгіме құрап жазу.

Бастапқы білім

Адам, жануарлар шығаратын дыбыстарды естиді.

Музыкалық аспаптар дыбыс шығаратынын, дыбыс жай және қатты болатынын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 40мин

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Психологиялық ахуал:

Мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару, зейінін шоғырландыру

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат

Шаттық шеңбері






Сабақтың ортасы 30мин












Ұжымдық жұмыс

АКТ пайдалана отырып, оқушыларға құстардың сайрағанын, жануарлардың дыбысын, аспанның күркіреуін, машинаның гүрілін, ысқырық дыбысын, жаңбырдың тырсылын тыңдату, дәндерді біртіндеп тастау арқылы қанша дән түскенін ажырату.

Оқушылар дыбысты мұқият тыңдайды, сол арқылы тақырып ашылады.

-Сендер қандай дыбыстар естідіңдер?

-Бұл дыбыс табиғи немесе жасанды дыбыс па?

-Сенің ойыңша дыбыс қандай қашықтықтан шықты?

-Сол дыбыс күшейді ме, әлде бәсеңдеді ме?

Кері байланыс:

Мадақтау (Жарайсың! Тамаша! Керемет!)

Топқа бөлу

Қима қағаздар арқылы сынып оқушылары 3 топқа бірігеді.

Топпен жұмыс

Топ мүшелері рөлдерді (уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашы, төраға, бақылаушы ) өзара анықтап алады.

1-топ «Ойшылдар»

Тірек сөздері арқылы табиғаттағы құбылысты іс-қимылмен көрсетеді.

(Жаңбырдың тырсылы, желдің гуілі, боранның ышқынған дыбысы)

2-топ «Білгірлер»

Тұрмыстық заттардың (жасанды дыбыстар) дыбысын дыбыстау және ермексаздан әртүрлі дыбыс көздерін жасау.

(Сағаттың тықылы, телефон шылдыры, шаңсорғыштың шуы, шәйнектің ысқырығы )

3-топ «Тапқырлар»

Суреттегі табиғи және жасанды дыбыс көздерін тауып жазу

Picture 1


(Жасанды дыбыс көздері: ысқырық, телефон, құлаққап. Табиғи дыбыс көздері: жылап тұрған қыз, айқайлаған жанкүйерлер, күліп тұрған жанкүйер)

Кері байланыс орнату (ауызша):

-Табиғаттағы құбылыстар қандай?

-Оларды іс-қимылмен көрсетуде қиындық туды ма?

-Суреттегі табиғи дыбыс көздерін тауып жаздың. Неліктен солай жаздың?

-Тұрмыстық заттардың дыбысын қандай дыбыстарға жатқызуға болады

Топтардың өзара формативті бағалауы жүзеге асырылады. (Екі жұлдыз, бір ұсыныс)

Shape1 Shape2

Shape3




Жұптық жұмыс.

Топта отырған оқушылар қима қағаздардағы берілген сөз тіркестерін сәйкестендіру арқылы топ ішінен өз жұбын табады.

ЖShape4 аңбырдың тырсылы

ТShape5 елефон шылдыры

ТShape6 орғайдың шырылы

Жұмбақты шеш.

Естиміз, бірақ көре алмаймыз.

Айтамыз, бірақ жаза алмаймыз.

Бұл не?

Тест

1. Дыбыс көздері нешеге бөлінеді?

а) 3 б) 2

2. Жасанды дыбыс көздерін ата.

а) машинаның гүрілі, сағаттың тықылы

б) баланың жылауы, қасқырдың ұлуы

3. Табиғи дыбыс көздерін ата.

а) Домбыраның дыбысы, қобыздың үні

б) қарғаның қарқылы, жылқының кісінеуі


А

Б

1


б




2

а





3


б




Кері байланыс: Тақтада дұрыс жауабы көрсетіледі , оқушылар бірін-бірі өзара тексереді.

Бағалау:

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

-Табиғи және жасанды дыбыс көздерін атайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

1-тапсырма

Алдымен жасанды дыбыс көздерін, содан соң табиғи дыбыс көздерін ата.

Әр топқа өзің бір мысал келтір.


Дескриптор

  • Табиғи дыбыс көздерін атайды;

  • Жасанды дыбыс көздерін атайды;

  • Табиғи және жасанды дыбыс көздеріне мысал келтіреді.

2- тапсырма

Тәжірибе жасау

1.Далаға шығып, айналаңа құлақ түр.

2.Ненің дыбысын естідің? Ол қай дыбыс түріне жатады? Кестеге дыбыс көзінің атауын жаз немесе суретін сал.

Дескриптор

-Тәжірибенің негізінде дыбыс түрлерін анықтайды;

-Табиғи және жасанды дыбыстарды ажыратып, кестеге түсіреді.

Кері байланыс орнату (ауызша):

-Дыбысты естуде қандай мүмкіншілігіңізді пайдаландыңыз?

Аудиожазба тыңдату














Қима қағаздар






Маркер, плакаттар





























Стикер






Жеке жұмыс дәптері















Жеке оқушыларға таратпалар.
























Сабақтың соңы 5мин

Рефлексия:

Вloв ағашы


Вloв ағашының суреті бар таратпа

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушы:

Дыбыстың адам өмірінде маңызды рөль атқаратындығын әңгімелеп жаз.

Қабілеті төмен оқушы: Табиғи және жасанды дыбыстарды суретімен сәйкестендіру

Мадақтау –оқушылардың тапсырма орындауда белсенді болуы үшін жүргізіледі.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс- сыныптарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз және бір ұсынысайтуды сұраңыз. Екі жұлдыз= жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат, бір ұсыныс=бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Смайлик – жеке оқушының белсенділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалау-

Партада дұрыс отыру. Оқу құралдарын дұрыс пайдалану.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі