жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: Дыбыс деген не? Дыбыс және әріп 5 сынып
Қысқамерзімді жоспар
|
Бөлім: |
1-бөлім Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Ильясова Х.Н. |
|
Күні: |
04.09.2023 |
|
Сыныбы: 5 А |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Дыбыс деген не? Дыбыс және әріп |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру; |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құра алады |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. |
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу |
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. |
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі |
Оқулық, жұмыс дәптерлері |
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды атаңдар.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 3 |
№1-тапсырма: Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып береді, берілген жаттығуларды орындатды. |
7-тапсырма. Жазылым. Оқылым мәтініндегі дауысты дыбыстарды теріп алып, оларды мына кесте бойынша толтырады.
8- тапсырма. Жазылым. Оқылым мәтінінен дауыссыз дыбыстарды тауып, төмендегі кестеге толтырады.
Дескриптор: Жалпы – 3 балл. -Суретпен жұмыс жасайды. |
5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері |
||
|
|
№2-тапсырма: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
9- тапсырма. Айтылым Төмендегі жұмбақ өлеңдердің жауабы қай дауысты дыбыстар екенін айтады. Өзің осы тәрізщді жұмбақ өлең шығарып көреді.
10-тапсырма. Айтылым Жаңылтпаштағы дыбыстар неге бірдей дыбыстардан басталған деп ойлайсыңдар? Ойларын дәлелдейді. Өздері де осы сияқты мәтін құрайды.
Дескриптор: Жалпы 4 балл. - Жұмбақты шешеді. - Ойларың дәлелдейді. |
5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері |
||
|
|
№3-тапсырма: Оқулықта берілген айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
11-тапсырма. Жазылым. Сөздердегі түсіп қалған әріптердің қандай дыбысты таңбалайтынын түсіндіреді. Орнына қойып жазады.
12- тапсырма. Айтылым- жазылым. Мәтіндегі айтылым мен жазылымға қатысты ойларды анықтайды. Кластерді пайдаланып, «Тілді қолдана білу шарттары» туралы әңгіме құрайды.
13-тапсырма. Жазылым. «Қос жазба» күндеігіне алдыңғы мәтіннен жуан буынды сөздер мен жіңішке буынды сөздерді теріп алып, қосымшалардың жазылу сипатына түсініктее жазады.
Дескриптор: Жалпы – 3 балл. - Кластерге әңгіме құрады - Кестені толытрады. |
5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері |
||
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
|
«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б. |
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. |
|
|
шағым қалдыра аласыз









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген