400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: "Дыбыс және әріп" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыстар және әріптер, тасымал туралы алған білімін еске түсіру; 2 сыныпта өткен әріптерінің жазылуы туралы алған білім,біліктерін қайталау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Іле ауданы

«№-9 орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Таласбаева Бакит Мадгуловна



Сыныбы: 3 сынып


Сабақтың тақырыбы: «Дыбыс және әріп» 10-18-жаттығулар.


Сабақ негізделген оқу мақсаты:

а/дыбыстар және әріптер, тасымал туралы алған білімін еске түсіру; 2 сыныпта өткен әріптерінің жазылуы туралы алған білім,біліктерін қайталау;

ә/дыбыстардың түрлеріне,ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау; б/Сөздік қорын дамыту,көру зейінін және есте сақтауды дамыту.Жалпы және қолдың білезігінің моторикасын дамыту.

б/ Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.


Күтілетін нәтиже:

Дыбыс пен әріп жайлы біледі. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі дыбыс пен әріпті оның түрлерінің не үшін қажет екенін талдай алады, күнделікті тұрмыста қолдана алады. Сөздерді буынға бөліп тасымал жасайды.

Кейбір оқушылар оқып үйренгенін жинақтап, бағалап, сол жайлы ой толғау жасай алады.


Үй тапсырмасын тексеру тапсырмалары:

« сұрақ қою, қайта сұрақ қою» стратегиясы.


Қолданылатын әдіс – тәсілдер: « миға шабуыл», «келісемін, келіспеймін», «жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиялары

Қызығушылықты ояту:

Біз байсалдымыз,

Мұқият тыңдаймыз,

Есте сақтаймыз,

Бөгет жасамаймыз,

Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.


Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Сөздік ойын «Қарама – қарсы сөздер»

Мен «жоғары» десем, сен........

Мен «төбе» десем, сен.......

Мен «үлкен» десем, сен.....

Мен «алыс» десе, сен.....

Мен «биік»десем, сен.....

Мен «ауыл» десем, сен......

Мен «құрғақ» десем, сен..... Суреттер

Мағынаны тану


Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қайталау.

Сөйлемдерді ауызша толықтыр:

Дыбыс дегеніміз....

Әріп дегеніміз......

Дыбыстар .....бөлінеді.

Дауысты дыбыстар деп...... айтамыз.

Дауыссыз дыбыстар деп ....айтамыз.

Қазақ тілінде.......әріп бар.

10-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, тігінен шыққан сөздерді оқы.

Тігінен шыққан сөздер туралы не білесің ?

11-жаттығу.

Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Жұмбақтың шешуіндегі сөзді буынға бөл.

12-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.

Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар ?

13-жаттығу.

Мақалды буынға бөліп жаз.

Мақалдың мазмұнын түсіндір.

14-жаттығу.

Сөзжұмбақты шеш.

Жазған сөздеріңді қалай тасымалдауға болатынын айт. Бұл сөздің ұқсастығы мен айырмашылығы неде ?

17- жаттығу.

Мақалдарды түсініп оқы.

Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

18-жаттығу.

Сөздерді тап.

Олардан сөзжұмбақ құрастырып көр.

Сөзді құрайтын тілдік бірлік.

Дыбыстың таңбасы.

Қазақ алфавитіндегі әріп саны.

Кедергісіз шығатын дыбыс түрі.


Үй тапсырмасы : 15- жаттығу. Берілген сөздерді тасымалдап жаз.


Қорытынды бағамдау:

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
6676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі