Материалдар / сабақ жоспары Экономика негіздері

сабақ жоспары Экономика негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Модуль/пән атауы: Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану Сабақтың тақырыбы; Экономикалық жүйелердің типтері
Авторы:
22 Қаңтар 2024
432
15 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ


2023-2024 оқу жылы

Сабақ жоспары №2

Модуль/пән атауы

Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану

Сабақтың тақырыбы

Экономикалық жүйелердің типтері

Педагог

Имашева Ж.М.

Курс


Топ

Л-22-9-1

Л-22-9-2

ПМ-22-9




Сабақтың өткізілетін күні







Сабақтың түрі

Теориялық сабағы

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Экономикалық теорияның негізінде жүзеге асырылатын экономикалық саясат экономикалық мәселелердің шешілу механизмдері мен варианттарын қарастырады. Осы саясатты жүзеге асыру барысында бір тұтас экономикалық жүйе дамиды. Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі, теориялық негіздерін игерту.

Бағалау критерийлері

Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарына экономикалық жүйенің теориялық негіздерін игеру

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Негізгі:

1. Экономикалық теориялар негіздері Схема-конспект. - Л.В.Куликов

2. Экономикалық теориялар негіздері - С.Райымқұлұлы

Қосымша:

  1. Қазіргі заман экономикасы - Молдахметова А.Б.

  2. Экономикалық теориялар негіздері - Аубакиров

Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, үйлестірмелі карточкалар, оқулық.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері


1.Ұйымдастыру кезеңі:

(5 минут)

Студенттермен сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Флеш - тренинг:
«Сәлемдесу» Флеш - тренингтің өтуіне ықпал жасайды.
Мақсаты: аудиторияда жылы, мейірімді атмосфераны орнату.
білім алушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, өздеріне ұнайтын оқушымен жұптасып, мұғалімнің жүргізуімен түрлі елдердің амандасуын өткізеді.
Үнді елі - қос қолын маңдайына жақындатып, иіліп сәлемдеседі.
Тайвань - бір - бірінің мұрынын уқалап амандасады.
Қазақтар - төсқағысыпамандасады.

2.Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

  1. инут)

Интернет желісін алынған соғы жаңалықты хабарлап айту немесе оқу арқылы «Кім жылдам?» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

( 5 минут)

Оған әсер ететін факторларды үш құрылымға топтастыруға болады:

    1. шаруашылық құрылым;

    2. әкімшілік құрылым;

    3. ақпараттық құрылым.

Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әртүрлі сипатта болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Егер елде мемлекеттік сипат күшейсе онда ұлттандыру процесінің нәтижесі деуге болады. Керісінше жеке шаруашылық дамитын болса онда жекешелендіру процесінің жүргендігі.

Қазіргі заманғы әлем әрқайсысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Қоғамның тарихи даму процесін жіктеу критерийлері біркелкі емес:

1. Формациялық көзқарас – Маркстік теорияға тән. Ол үш типін бөліп қарастырады. Алғашқы құрылыс – алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шеңберінде қала отырып, нарықтың көмегінсіз өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген қауым. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген елдерге тән болғанмен ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді.

Екінші ірі формацияны Маркс жеке меншікке негізделген деп атады. Үшіншісі – жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Формациялық әдіске тән экономикалық жүйелер бес өндіріс әдістерінен көрінеді: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік. Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді.

ІІ. Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын тарих ретінде зерттеуді ұсынады. Өркениет сөзі латынның "civilis" - азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық). Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды. Қазіргі төңкеріс ғылыми-техникалық болып табылады. Кейбір экономистер 7 өркениетті бөліп қарастырады: неолиттік (тас ғасыры)-30-35 ғасырлық; шығыстық-құл иеленушілік (қола ғасыры)-20-23ғасырлық; антикалық 12-13 ғасырлық (темір ғасыры); ерте феодалдық-7 ғасырға созылған; бастапқы индустриалдық 4-5 ғасырлық; индустриалдық – 2-3 ғасыр; кейінгі идустриалдық немесе ақпараттық қоғам.

ІІІ. Қоғамның индустриалдық даму деңгейінің критерийлерін қолданатын басқа жіктеуге сәйкес үш экономикалық жүйелер бөліп қарастырылады: индустриалдық, кейінгі индустриалдық және жаңа индустриалдық. Соңғысын немесе ақпараттық қоғам деп те атайды.

IV. Өндіріс құралдарына меншік формасы мен шаруашылық қызметін басқару әдісі. Бұл екі белгінің негізінде әкімшіл нарықтық және аралас экономика деп бөліну жүреді.

Экономикалық теорияның басты проблемасы – адамзаттың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану мәселесін зерттеу болып табылады. Қай қоғамның да негізгі экономикалық проблемалары: не өндіру керек?, қалай өндіру керек?, кім үшін өндіру керек? Экономикалық ресурстар сирек және шектеулі. Нақтылы өнім шығару үшін қандай да болмасын қорды пайдаланған кезде ол қорларды басқа бір тәсілмен игерудің мүмкіндігі жойылады.

Экономикалық мәселелерді шешу үшін әрбір қоғам әртүрлі құрылымдар мен механизмдерді пайдалана алады.

4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі)

(30 минут)

Дәстүрлі экономикалық жүйе әдет-ғұрыпқа, дәстүрлерге негізделеді. Өндіріс процесі, айырбас, бөлу және тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-ғұрыпқа сүйенеді. Бұл жүйе мемлекеттілікке дейінгі алғашқы қауым кезеңіне ұқсас келеді. Қазіргі уақытта ол амазондық үнділерге, австралияның тұрғындарына, африка тайпаларына тән.

Дәстүрлі экономиканың өзіндік ерекшеліктері мынадай:

Өндіру, бөлу, және айырбастау үрдістері әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге, наным-сенімдерге негізделген;

Мұрагерлік пен сатылық бөлініс жеке адамның экономикалық ролін анықтайды;

Әлеуметтік-экономикалық тоқырау анық байқалады, өйткені ұдайы өндіріс қарқыны тек он жыл барысында ғана көрініс береді;

Техникалық прогресс дәстүрлі қоғамның бастамаларына қауіп төндіретіндіктен барынша шектеледі;

Діни, касталық және мәдени құндылықтар экономикалық қызметтің жаңа түрлеріне қарағанда басым тұрады;

Индустриялық өндірістің даму қарқынына қарағанда халықтың өсу қарқыны артып отырады;

Халықтың сауатсыздығы, шамадан тыс тығыздығы, еңбек өнімділігінің төмендігі және жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі.

Дәстүрлі жүйеге тән елдер әлемдік шаруашылықты шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз етеді, дайын өнім өткізетін нарыққа айналады және бұрыңғы метрополиялардың, қазіргі индустриясы дамыған капиталистік елдердің ауыл шаруашылық шикізаттарын шығаратын орталық ретінде қызмет атқарады.


Әкімшіл-әміршіл жүйе мемлекеттік монополиялық меншіктің және оның монополиялық мемлекет өкіметі тудырған үстемдігімен сипатталынады. Бұл жүйеге басқарудың қатаң типтік иерархиясы тән. Дәлірек айтсақ жоспарлаушылар бұл жүйеде қандай тауарлар өндіріліп және қандай қызметтер көрсетілуі керектігін анықтап алады.

Әміршіл-әкімшіл жүйеге тән ерекшеліктер мыналар:

Өндіріс факторлары жалпы халықтың немесе мемлекеттің меншігінде болады;

Экономикалық қызметті жоспарлай отырып, бір орталықтан шаруашылыққа қатысты жалпы шешім қабылдау процесі барынша күшейеді;

Кәсіпорындар мемлекеттік жоспарларды орындауға қажетті ресурстармен орталықтандырылған қорлар арқылы қамтамасыз етіледі;

Өндіріс құрал-жабдықтары мен халықтық тұтыну тауарлары өндірісі арасындағы халықшаруашылық қатынас бір орталықтан анықталып бекітіледі;

Бәсеке жағдайы мүлдем болмайды, нәтижеде өндірушілер монополиясы туындайды;

Өндірушілерді ынталандыруға бағытталған нарық жүйесі жоқ;

Өндірушінің тұтынушы алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады, өйткені тек өндірілген тауарлар ғана сатып алынады, яғни тұтынушының таңдау мүмкіндігі жоқ.

Бұл жүйеде өндірушінің еңбегі қоғамдық бағалауға бұрмаланып, жалған, субьективті бағалау түріне айналады. Нәтижесінде жүйенің тиімділігі кемиді. Бұл жүйе бұрыңғы КСРО және социалистік елдерде үстемдік еткен.

Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.

Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:

Өндіріс факторлары жекешелендірілген;

Адамдардың шаруашылық қызметін басқару және үйлестіру нарықтық жүйеге негізделген;

Жүйеге қатысушылардың іс-әрекетін олардың жеке, өзіндік мүдделерін қорғау арқылы ынталандыру, соның негізінде қоғамдық мүддені қамтамасыз ету үрдісі күшейген;

Капитал иесіне кәсіпкерлікпен емін-еркін айналысу және капиталын қашан, қай жерде және қандай қызметке салу керектігін таңдауға құқық берілген

Әрбір шаруашылық субъект өздігінше шешім қабылдап, пайда табуға ұмтылады

Жекелеген өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық билігінің әлсіздігі соншалықты, олардың белгілі бір бөлігінің шынайы экономикалық билігі жоқ десе де болады, яғни олар нарықтағы жағдайды өзгертуге дәрменсіз қалады;

Таза немесе дамыған бәсеке нәтижесінде өндірушілер тарапынан ресурстар барынша тиімді, әрі үнемді қолданылады және "ең аз шығын жұмсап, ең көп пайда табу" қағидасы жүзеге асырылады;

Тұтынушының өндіруші алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады. Өйткені тек сұраныс білдірілген тауарлар ғана өндірілетін болады.

Аралас экономикалық жүйе. Аралас экономика идеясы ХІХ ғасырда әлеуметтік мәселені шешу қажеттігі туындап, мемлекеттің шаруашылық өмірге араласуы нәтижесінде пайда болған, яғни аралас экономика теорияларында ең алғаш рет экономика ілімінде мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі турасында ой-тұжырымдар айтылған. Ол мемлекеттік реттеу арқылы нарықты толықтыруға негізделінеді. Нарықтық механизм мынадай проблемаларды шеше алмайды: қоғамдық игіліктерді жасау, әлеуметтік мәселелер, экономикалық тұрақтылық, технологиялық қайта құрылу, қоршаған ортаны қорғау және т.б. Экономикалық мәселелер жеке өндірушілер деңгейінде нарық арқылы шешіледі. Қоғамдық сипаттағы мәселелер мемлекетпен шешіледі. Мемлекеттік реттеу дәрежесі әр елде әр басқа. Жоспарлы жүйені басқарудан бас тарту және өз бетімен саналы нарықтық экономикаға өту елімізде аралас экономикаға өтудің басты бағыты болып табылады.

5.Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі)

(20 минут)

«Топтастыру» стратегиясы арқылы төменде берілген сұрақтарға жауап беру

  1. Адамның экономикадағы алатын ролі қандай?

  2. Экономика” және ”өндіріс” түсініктерінің арақатынасы қандай?

  3. Экономикалық ресурстарға нелер жатады?

  4. Өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну қатынастарын талдаңыз?

  5. Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз не және оның қисығы нені көрсетеді?

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі минут)(5 минут)

  • Экономикалық жүйе туралы қосымша ақпараттар жинау

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут)

Гүл шоқтарын вазаға жинау арқылы - бүгінгі тақырып туралы не білдің, не түсіндің және қандай ой түйдің соны айта отырып гулдерді вазаға салу.



Педагог: ___________________________________























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ