|
Қысқа мерзімді
жоспар
|
|
Пән: Қазақ тілі
Т2
Күні:06.09.2023
Сынып: 8 Б
|
Бөлім: I. Білім. Ғылым.
Инновация
Педагогтің аты-жөні:
Ильясова Х.Н.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
3. Электронды кітапхананы
пайдаланамын
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаттары
|
8.1.5.1 тірек сөздер, автор
көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды
анықтау
8.2.4.1 идеялық жағынан
ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып,
мазмұнның дамуын салыстыру және талдау
|
|
|
Сабақ
мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі
арқылы негізгі ойды анықтайды. Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі
оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын
салыстырады және талдайды.
|
|
|
Тілдік
мақсаттар
|
Өте,
тым
|
|
Сабақтың
барысы
|
|
Сабақтың
кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
|
Сабақтың
басы
7
минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту
үшiн «Досыңа тілек»
әдісін қолдану арқылы
сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін
көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылар бір-біріне жақсы
тілектер айтады
|
слайд
Суреттер
|
|
|
Сабақтың
ортасы
30
минут
|
Сөздікпен
жұмыс:
Жаңа сөздер: зертхана, әзірле,
құлтемір, үздік, зияткерлік
1. Жаңа сөздердің мағыналарын
түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп
оқиды;
|
Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды,
мұғалім соңынан қайталайды.
Оқушылар жаңа сөздермен сөз
орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге
жазады.
|
Ауызша кері байланыс беру.
Жақсы! Тамаша!

|
Оқулық
10 бет
сөздік
слайд
|
|
|
1-тапсырма
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап
бер.
1.Қазір жиі пайдаланылатын
сайттар инновацияға жата ма?
2. Оқушыларға арналған қандай
сайттарды білесің?
3.Сен сайттарды не үшін
пайдаланасың?
4. Өміріңді интернетсіз
елестете аласың ба?
|
Айтылым. «Интервью»
әдісі
Тақырыпқа қатысты сұрақтарға
жауап берді.
|
Дескриптор:
-сұрақтарға жауап
береді;
|
Оқулық
10 бет
Оқулық
10 бет
|
|
2-тапсырма
www.erketai.kz сайтын
пайдаланып, жұмбақтардың шешуін тап.
Жіп-жіңішке
денесі,
Ортасында
шегесі.
Үрлесең
жеп-жеңіл
Елпілдеп
кетеді.
Ұшырсаң көк
теңбіл
Бұлтқа да
жетеді.
|
Жазылым. Сайтты пайдаланып,
жұмбақтардың шешуін шешеді.
|



«Бесбармақ»
әдісі
|
|
3-тапсырма.
Суретте не бейнеленген? Ол туралы білетініңді
айт.
|
Айтылым
Суретке қарап, айтылым
тапсырмасын орындайды.
|

|
|