400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіммен қатарлас оқушыларға көмегі тиеді. Себебі, Тәуелсіздігімізге қатысты мәліметтер бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік»

Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздік алуы бүгінгі еліміздің табыстары мен жетістіктерін дәріптеу. Оқушыларды туған елін,жерін сүюге баулу,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыбы жазылған баннер – «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік»,еліміздің рәміздері,қанатты сөздер. Слайд көрсету.

1.Кіріспе

2.Ұйымдастыру

3.Қорытынды

Кіріспе.

Тәуелсіздік-ел мұраты.Еліміз 29 жылда еліміз өсіп-өркендеп.ел танымастай жетістіктер мен табыстарға жетті.Бүкіл әлем Қазақстан елін мойындады.

-1991 жылы-Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Президент

етіп сайлады.

-1992 жылы-Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,Әнұраны,Тулары туралы Заң қабылданды.

-1993 жылы-30 тамызда-Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.Төл теңгеміз тұңғыш рет айналымға түсті.

-1994 жылы-Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев көк туды желбіретті.

-1995 жылы- «Ұлы Абайдың» 150 жылдығы тойланды.

-1996 жылы-Алматыда «Тәуелсіздік монументі» орнатылды.

-1997 жылы-«Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды.

-1998 жылы-Ақмола атауы «Астана» болып өзгертілді.

-1999 жылы-«Қорқыт атаның» 1500 жылдығы тойланды

-2000 жылы-Мәдениетті қолдау жылы болды.

-2001 жылы-«Күлтегін»ескерткішін И.Тасмағанбетов Астанаға әкелді.

-2002 жылы-«Астана-Бәйтерек»монументі орнатылды.

-2003-2005 жылдар-Ауыл жылы болды.

-2006 жылы-Алматыда»Тәуелсіздік таңы» ескерткіші орнатылды.

-2007 жылы-Төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.

-2008 жылыҚазақстанны бас ордасы-Астананың 10 жылдығы тойланды.

-2009 жылы-Астана қаласында «Қазақ елі»монументі бой көтерді.

-2011 жылы Азияда да Қазақстан құрамасы-70 медаль-32алтын,21 күміс,17 қола медальдарды жеңіп алды.

-2013 жылы-Астанада дүниежүзілік «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу жайлы шешім қабылданды.

-2014 жылы -Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа барар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.


Ұйымдастыру. Мұғалім: Ғаламат ерліктен-ғажайып таң атты.Ол ерлік қыршындай жастарымыздың жалынды тәуекелі.Ол ерлік-солардың алаулы жігері мен жұлынған бодандық бұғауы.Сол ерлер-Қайрат,Ербол,Ләззат, және мыңдаған-мыңдаған бозбала,бойжеткендер !Олардың рухы әрқашан асқақ.Жадымыздан мәңгі өшпейді.Олардың ардақты есеімдері- Тәуелсіздіктің тапжылмас тұғыры.

ОҚУШЫ: Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін Желтоқсан оқиғасының барлық шындығы ашылып,ол жөнінде жинақтар , кітаптар жарық көріп, кинофильмдер түсірілді. Қайрат Рысқұлбековке туған жерінде ескерткіш орнатылып,1996 жылы –« Халық Қаһарманы» атағы берілді.Тәуелсіздік үшін құрбан болған батыр ұланын мақтан тұтқан халқы , оның ерлігін мәңгілік қастерлеп өтуді парыз санап,мектептерге,көшелерге атын берді.

Қазақ елім ! Туды жастық дәуірің,

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын,қымбаттым!

Туған күнің құтты болсын,алыбым!


Қорытынды: (Мұғалім сөзі)
«Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз!» (сұрақ-жауап)
- Біз бүгін, тәрбие сағатында не туралы білдік?
- Тәуелсіз еліміздің 15 жыл ішінде табыстары туралы т.б. білдік.
- Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?
- Жақсы оқу, үлгілі тәртіп, үлкенді сыйлау, талмай іздену, талпыну.

Қаз дауысты Қазыбек: «Ақ бата»
Басшыларымыз алысты көрсін,
Жекешелеріміз табысты болсын!
Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,
Ұлдарымыз қамысты болсын!
Қалада, мейлі қырда болсын!
Келген-кеткен ырза болсын!
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын!
Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!
Халқымыз ғасыр табалдырығын,
Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!Қош сау болыныздар!!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
774
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі