400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Сабақ жоспары "Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары."

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп: № 27 Дихан орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Олжабаев Марат Нұрмаханович

Пәні: физика 7-сынып



Сабақтың тақырыбы

Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.

Сілтеме

7-сыныпқа арналған физика оқулығы.


Жалпы мақсаты

Энергия ұғымын физикалық шама ретінде енгізу және энергия түрлерімен таныстыру. Физикалық шамаларды қайталау, энергия шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға, қолдана білуге үйрету.

Оқу нәтижесі

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.

  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.

  4. Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай алады.

Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды

Қамтылатын модульдер

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),

2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл), Блум таксономиясы, түсіндірмелі, практикалық, топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау,

3-модуль-бағалау,

4-модуль-АКТ пайдалану (слайдтар),

7-модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру).

Тапсырмалар

Ұйымдастыру кезеңі, топтастыру.




І-Білу. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)





ІІ-Түсіну. Жаңа сабақ. Миға шабуыл. Бейнекөрініс. (Электрондық оқулық). (10 мин)


ІІІ-Қолдану. Деңгейлік есептер шығару. (10 мин)



IV-Талдау. Шаманы таны. (5 мин)

  1. Энергия

  2. Потенциалдық энергия

  3. Кинетикалық энергия

  4. Жұмыс

V. Синтез. Топтарға жекелеген тапсырмалар беріледі. (5 мин)


Сергіту сәті.


Рефлексия.


VІ- Бағалау.

  • «Шаттық шеңбер» сыныпта психологиялық ахуал туғызу;

  • Топқа бөлінеді.


  • Бірін-бірі бағалау. Бірін-бірі сағат тілімен үйге берілген есептерді тексереді, бағалау критерийі бойынша бағаланады.

  • Жекелей бағалау. Сұрақтар қою, яғни оқушылар көрген үзіндіге байланысты .


  • Топпен бағалау. Топтар тәжірибені нақты және дұрыс жасағаны үшін қолдарындағы жұлдызды алып барып береді


Жекелей бағалау. Деңгейлік есептер шығарады.






Әр оқушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіреді .

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «Білім ағашына» стикерге жазып жабыстыру.

Топ басшылары топ мүшелерін бағалау парақшасына бағалайды. Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылады.









І-Білу. Үй тапсырмасын тексеру. ( 5 мин)

1- есеп: 40 кН кедергі күшін жеңіп, 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалған трактор қозғалтқышының қуатын табыңдар.

2- есеп: Егер кран шығырының қуаты 60 кВт, көтеру жылдамдығы 0,6 м/с болса, ол салмағы қандай қандай жүкті көтере алады?

3- есеп: 1 Дж жұмыс істеу үшін гір қандай орын ауыстыру керек?

4-есеп: 0,8 км жолда 200 кДж жұмыс қандай күштің әрекетінен орындалады?

Есептердің жауаптары ұсынылады, оқушылар сағат тілімен бірін-бірі есептерін тексереді.

Бағалау критерийі:

0 балл – 3 қате, 1 дұрыс

1 балл – 2 қате, 2 дұрыс

2 балл – 1 қате, 3 дұрыс

3 балл – бәрі дұрыс

II-Түсіну. Жаңа сабақ. Миға шабуыл. Бейнекөрініс. (Электрондық оқулық). (10 мин)

( Сұрақ қою).

  1. Энергия дегеніміз не?

  2. Энергияның түрлері

  3. Кинетикалық энергия деген не?

  4. Потенциалдық энергия деген не?

  5. Жұмыс пен энергия арасындағы байланыс.

ІІІ-Қолдану. Деңгейлік есептер шығару. (15 мин)

А-деңгей

  1. Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

  2. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын дене 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?

В-деңгей

  1. Массасы 0,25 кг дене 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырған кездегі кинетикалық энергиясы

  2. Массасы 60 кг денеге 1200 Дж энергия шамасымен қандай биіктікке көтеруге болады?

С-деңгей

  1. 10 м/с жылдамдықпен қозғалған масассы 1000 кг дененің кинетикалық энергиясы

  2. Потенциалдық энергиясы 10 кДж, массасы 10 кг дененің нөлдік деңгейдегі биіктігі

Д-деңгей

  1. Шегені 3 м/с жылдамдықпен қабырғаға қаққан массасы 0,4 кг балғаның кинетикалық энергиясы

  2. Массасы 3 кг дененің Жер бетінен 1 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы

Г-деңгей

  1. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған масассы 1 т автомобильдің кинетикалық энергиясы

  2. Массасы 3 кг еркін түсіп келе жатқан дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы

Е-деңгей

  1. 10 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 1000 кг автомобильдің кинетикалық энергисы

  2. Массасы 3 кг еркін түсіп келе жатқан дененің Жер бетінен 3 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы

IV-Талдау. Шаманы таны (5 мин)

  1. Энергия

  2. Потенциалдық энергия

  3. Кинетикалық энергия

  4. Жұмыс

V-Синтез. Топтарға жекеленген тапсырмалар беріледі. (Тәжірибе жасау). (5 мин)

Сергіту сәті.

Әр оқушы өз есімінің бастапөы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіруі керек.

Рефлексия

«Білім ағашы» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жабыстырады.

VІ-Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін бағалау парақшасына бағалайды. Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылады.

Үйге тапсырма: Ф.53 оқу, 30-жаттығу,өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі