Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Еңбек нарығы 1 КУРС

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы Еңбек нарығы. 1. мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру; 2. мәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу 3. тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) дұрыс қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: I Бөлім. Еңбек нарығы және сұраныс

Мекеме:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

курс: 1 курс

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Еңбек нарығы. Оңаша тәуелдену




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1. мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;

2. мәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

3. тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) дұрыс қолдану

Сабақтың мақсаты

1.мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады

2. мәтін бойынша тілдік бірліктерді орфогарфиялық нормаға сай жазады

3. тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) дұрыс қолданады

Бағалау критерийі

1)Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады;

2)Оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздерді орынды пайдаланады;

3)Ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрайды, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады;

Тілдік мақсаттар


Диалог /жазу  үшін  қажетті сөз тіркестері:

Менің пайымдауымша.....

Мен оған мынандай дәлеле айта аламын....

Пән лексикасы мен терминологиясы: еңбек нарығы, сұраныс, мамандық


Құндылықтарды дарыту




Тіл және мәдениет құндылығы, Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет; Ынтымақтастық; Жауапкершілік; Отбасы мүшелеріне деген құрмет.

Пәнаралық байланыс

Тарих, география

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы.

Алдыңғы білім


Берілген тақырып аясында постерлер құрастыру.








Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақ басы














І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу


Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Венн диаграммасы» әдісі.Оқушылар шығарма кейіпкерлерін теміржолшы мамандығын ұстаз мамандығымен салыстырады.

Салыстырыңыз.

Айырмашылығы

Теміржолшы

      Ұқсастығы

Айырмашылығы

Ұстаз







https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tilbayraq101

ОҚУЛЫҚ



Слайд















Слайд




Сабақтың ортасы
















«Мағынаны тану» кезеңі. Оқылымалды тапсырмасы.

«Еңбек» тақырыбына қатысты нақыл сөздерді ұсынады, олардың мән-мағынасын талдайды.

Оқылым тапсырмасы. Топтық жұмыс.

Балғабек Қыдырбекұлы«Теміржолшы» әңгімесінен үзінді

«Шойыннан жол салынғалы жатыр, ол жолдың көрінісі домбыраның екі ішегі сияқты болады екен, онымен поезд деген отпен жүретін арба келеді екен» деген қауесет Балқаштың бергі жағасына жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті.

Қара бұқасы болады дейді.

Оның жаны бар ма?

Тұяғы қалай шойыннан тайып кетпейді?

Шойыннан істелген арба дейді, от күшімен көп жүк сүйрейді екен,— десті кешке жақын ауыл ортасындағы төбе басында отырғандар.

Ол қайда барады екен?

Мына Қопаны басып өтеді дейді жұрт.

Бетінде қорасан дағы бар шетте отырған, жасы жиырмалар шамасындағы қара ЖІІІІ жаңағы әңгімені айтқандардан жолдың жайын қайтадан сұрап еді. «Біз қайдан білейік, біздің білетініміз де сенің естігенің ғой» деп олар ештемені ашып айта алмады. Сұрауына жауап таппаған жігіт ел аузына біраз қарап тұрды да, орнынан тұрып кетті.

Ол үйіне келгенде алауланған тезек оты бықси жанып, үй іші ала көлеңкеленіп тұр екен.

Апа,— деді үйіне келіп жігіт, отты үрлеп жатқан шешесіне,— мен шойын жолға жұмысқа тұрсам қайтеді.

Жассың ғой әлі, қалқам.

Ой апа, жиырмаға келген адам жас болушы ма еді.

Анығын білдің бе? Жұмысшы ала ма екен?

Әзірше менің естігенімнің бәрі тұспал.

Ендеше біреуден әбден анығын білсеңші, шырағым, бару жағын сонан соң қарастырарсың.

Сөз басыла бергенде, киіз үйдің есігі көтерілді де, сәлем беріп мосқал тартқан бет сүйегі шығыңқы, аласа бойлы, қара сақалды кісі үйге кіріп келді. Бұл Тосқанбай деген өздерінің бір туысқаны еді. Бағанағы төбе басындағылар «Тосқанбай Қопа бойына жұмыс іздей кетіпті» дегенді де айтқан. Тосқанбайды көріп қуанған жігіт, бар іздегенін осы туысқаны алып келгендей болды.

Тосекеңбісіз? Төрге шығыңыз.

Жоқ асығыспын,— деді от басына бір тізерлеп отыра берген Тосқанбай.

Әлгі Нұрқасым «барып келіңізші» деп мазалап болмаған соң Қопа жаққа барып едім. Қопаны бастыра шойын жол жасап келеді екен. Соны біліп қайттым. Сенде жұмыс іздеп жүр дегенді естіп, айта кетейін деп едім. Мен қазір барып дем аламын да, таңсәріден көшемін. Үлкен балам екеумізге де жұмыс беретін болды.

Сапарыңыз оң болсын! Мен де көшемін,— деді үй несі.

Бірге болсын!— деп Тосекең шығып кетті.

Топтық жұмыс.  «Пікір» әдісі. Оқушылар әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үнін талдайды

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе

Мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үні

Ұсынылған мәселенің  қазіргі кездегі жайын салыстырад

Мұны қалай өзгертуге болады? Ұсыныстар





Бағалау дескрипторы:

1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды;

2. Мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үнін ұсынады;

3. Ұсынылған мәселенің  қазіргі кездегі жайын салыстырады;

4. Мәcелеге қатысты өз ұсыныстарын білдіреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Автор мәтін арқылы қандай идеяны көздейді? Оның идеясын өлең жолдарын толықтыру арқылы жеткізіңіз.

Оқушылар «Буриме» әдісі бойынша өлең шығарады.

____________________________________кінәлы?

____________________________________сұрағы

___________________________________айтып,

__________________________________соғады.









Сабақтың соңы







Рефлексия

«Төрт сөйлем» әдісі

-Пікір:

-Дәлел:

-Мысал:

-Қорытынды:



Үй тапсырмасы:


Жұмыс, еңбек тақырыбында 10 мақал-мәтел жаттау, жазу


















Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Оқушылар бір-бірін

дискрипторларарқы

лы бағалайды.Сол

арқылы кері байланыс береді


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау



1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2020
964
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12