сабақ жоспары, еңбекке баулу 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ жоспары, еңбекке баулу 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары балалардың қайшымен жұмыс істеуі (сызық бойымен тілікше қию) бақылау, әдемілікке, әсемділікке тәрбиелеу.бұл сабақты бастауыш сынып мұғалімдеріне қарауға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ермексазбен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: мұғалімнің кіріспе сөзі; қағаздың түрлі сорттарымен таныстыру; еңбекке баулу сабағының маңызымен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: қайшының және желім жаққыштың құрылысымен, атқаратын қызметімен таныстыру; қайшымен жұмыс істеудің әдісін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: балалардың қайшымен жұмыс істеуі (сызық бойымен тілікше қию) бақылау, әдемілікке, әсемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Бұл жолғы су өткен жолғы судай емес, таза төгіледі. Балшықты қабатталған қапқа салып, далаға екі-үш күн қойып қояды. Ол кезде суы сорғиды. Содан соң жұмысқа пайдаланады. Оның жұмысқа дайын болғанын қалай білуге болады? Ол үшін саусақпен басып, балшыққа белгі түсіру керек. Түсірілген белгі 3—5 минут ішінде жойылмаса, онда балшықтың даяр болғаны. Даяр балшық жұмсақ, майда, созылғыш келеді. Балшықтан даярланған бұйымдар оңай боялады. Бояуды құрғақ, дымқыл кезінде жағуға болады. Құрғақ балшықты акварель бояуымен не майлы бояумен бояйды. Майлы бояумен боялған бұйым әбден кептіріледі.

Майлы бояу орнына эмаль бояуын қолдануға болады. Боялған бұйым жылтыр болып шығады. Сонымен бірге бояудың қою болғаны жөн. Майлы бояумен боялған бұйымдарды жете кептірмесе жағылған бояудың түсі тез қарайып кетеді. Бояу жылы жерде жүргізіледі. Бояу алдымен жұқа жағылып, бірте-бірте қоюланады.

Сонымен бірге саз балшык, құрамындағы қосылған құмға байланысты сорттарға бөлінеді. Құрамында құмы жоқ балшық майлы балшық деп, егер құрамында құмы болса майсыз балшық дейді. Жабыстыру жұмысына құмсыз балшық қолайлы. Мұның бір кемшілігі — істелген бұйым кепкен соң жарылып кетеді. Сондықтан балшық құрамына белгілі мөлшерде құм қосылады. Өртелген к езде жақсы күйдіріледі. Олар түстеріне қарай сары, көк, қызыл түсті болып ажыратылады.

Құм араластырылған балшық өртелген кезде жарылып кетпей, жақсы күйдіріледі. Балшықтан даярланған бұйымдарды өртеу үшін қыздырылған пешке салынып, жан-жағын жанған көмірмен толтырып, пештің аузын бекітіп қояды. Ол әбден кептіріліп алынады. Өртелген бұйым суда ерімейді. Міне, осы айтылғанның бәрін оқушыларға жасап көрсетуге болады.

Б алшық, балауыз, минерал бояуы, олиф майы құрамынан даярланған ермексаз жабыстыру жұмысында қолданылады. Ол балшыққа қарағанда, қолды майлайды. Ермексаздан даярланған бұйым көп уақыт сақталмайтын жағдайда ғана пайдаланылады. Ермексазбен жұмыста оқушыларды берілген тапсырмаға немқұрайды қаратпай, сол жұмысты мұқият орындауына көңіл болу қажет.

Балауыз табиғи балшық пен ермексазға қарағанда қаттылау болады. Мектепте көн қолданылмайды. Бірақ оны қолдарының бұлшық еттері әлсіз кейбір оқушылардың қолдануына болады. Себебі, бала балауызбен жұмыс істегенде қолдарының бұлшық еттеріне қосымша күш түсіріп, олардың жетілуіне әсерін тигізеді.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2018
4449
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі