Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары "Ертедегі саяхат" 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы: |
Ертедегі саяхат |
Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі |
|||
Күні : 10.02 |
|
||||
СЫНЫП: 1Б сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың мақсаты: |
1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру 1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау 1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстырады |
||||
Тірек сөздер: |
саяхат – путешествие – travel; астана – столица – capital city. |
||||
Ресурстар: |
Қолбасшы Аттиланың дулығасы, «Уақыт машинасы» суреті, «Аттила» тақырыбына тест, тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар, Қазақстанның картасы, саяхаттауға арналған әдемі жерлердің суреттері (5-6), ұялы телефондар, тірек сөздердің дыбыстық жазбасы, «Астана – болашақ қаласы» бейнефильмінің үзіндісі. |
||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут |
Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері |
|||
Сабақтың басы 8 минут |
Тыңдалым Саяхат дегеніміз – адамдардың айналаны тану, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы. Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген. Ел билеушілер әскерлерімен аумақ бойынша жылжып отырып, жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыстар ашқан. Кейінірек адамдар айналадағы тірлікті тану, жаңа білімдерді меңгеру үшін саяхаттай бастады. Ертеде керуен жолдарының жүйесі Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырып тұрған. Бұл жол Қазақстан аумағы арқылы өткен. «Саяхат» ұғымы Қазақстанның ежелгі тарихында – көшпенділік өркениетін қалыптастыру мен дамытуда, жаулап алу және қоныс аудару кезеңінде, Ұлы жібек жолы жұмысын атқарып тұрған кезеңде орталық рөл атқарды. Қазіргі кезеңде саяхаттың рөлі өзгерді. Қазіргі заманғы саяхатшыларды алға итермелейтін білімге деген құштарлық қана емес, сонымен қатар саяхат барысында адамдар жаңа достар табады, жақсы әсер алады. Қазіргі кезде саяхат – бұл негізінен туризм немесе жұмыс бабымен көшу. |
|
|||
Сабақтың ортасы Рөлдік ойын 7 минут Топтық жұмыс Саяхатқа барамыз! 5 минут «Үлестір және сипатта» 7 минут Салыстыруды үйрен. 5 минут Саяхатты жалғастырыңдар. 5 минут |
1-тапсырма Рөлдік ойын. Сабақты өткен сабақтың материалын қайталаудан бастауға болады. «Сен Аттиласың!» рөлдік ойынын ұсыныңыз. Қолбасшы атрибуттарын – Аттиланың рөлінде ойнайтын оқушыға дулыға дайындап қойыңыз. Оқушылар қанша сұрақ қоя алатынын келісіп алыңыз. Егер «Аттила» жауап бере алмаса, «кеңесші» ретінде таңдап алған сыныптасынан көмек сұрауына болады. 2-тапсырма Саяхатқа барамыз! Оқушыларға анимацияланған суреттерді көрсетіңіз және бұл сабақта қазақ ертегісі Алдар көсемен бірге қиял-ғажайып уақыт машинасымен саяхат жасайтындарын айтыңыз. Оларды қолға кигізілетін қуыршақпен таныстырыңыз. Алдар көсе қулығымен, көңілді мінезімен танымал. Оқушылардан оның жүрген жерлері туралы не білетінін сұраңыз. Ол жақсы істер жасай отырып, кең далада саяхат жасағанын әңгімелеңіз. Алдар Көсе қайда саяхатқа барсам екен деп қиялдайды. Оқушылардан сынып қабырғаларында ілінген әртүрлі жерлердің (теңіздің, орманның, таудың және т.б.) суреттерінің жанына баруын сұраңыз. Алдар көсені шақырғысы келетін жердің суретін таңдауға ұсыныс беріңіз. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз (4 адамнан). Топ бұл саяхатты неліктен таңдағаны туралы қысқаша әңгіме дайындайды. 3-тапсырма Талқылауды үйрен. Қуыршақтың оқушылармен уақыт машинасында саяхат туралы әңгімесін жалғастырыңыз. Олар саяхаттау үшін көліктің қандай түрін таңдайтынын анықтаңыз. Оқулықтан 52-беттегі «Талқылауды үйрен» тапсырмасын табуды сұраңыз. Олар негізгі мәтінді оқып шықсын. Көңілді айлакердің қай сурет бұрынғы, ал қай сурет қазіргі заманғы екенін түсіне алмай тұрғанын естеріне салыңыз. Оқулықтағы тапсырманы бекіту мақсатында «Үлестір және сипатта» тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылар топта өз жұмыстарын талқыласын. Бір топ бұрынғы көлік түрін, ал екінші топ қазіргі заманғы көлік түрін көрсетеді. Әңгіме кезінде уақытқа «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануын сұраңыз. 4-тапсырма Салыстыруды үйрен. Уақыт машинасы бұрынғы заманға бара жатқанын айтыңыз. Қазақстан картасында Астана қаласын көрсетіңіз. Оқулықтың 38-бетіндегі дерек көзімен жұмысты ұйымдастырыңыз. Астана қаласының суреттерін – 100 жыл бұрынғы ескі Ақмола қаласы мен қазіргі Астана қаласының суреттерін салыстыруға тапсырма беріңіз. Олардың жауаптарын Ақмоланың шағын сауда қалашығы болғаны туралы ақпаратпен толықтырыңыз.100 жыл бұрынғы көліктер: ат, алғашқы автомобильдер. Бүгінгі Астана – бұл қайталанбас еуропалық келбеті бар, тұрақты дамып келе жатқан және салынып жатқан қазіргі заманғы мегаполис. 5-тапсырма Саяхатты жалғастырыңдар. Астанаға көрікті жерлерді қызықтау үшін әртүрлі елдерден көптеген саяхатшылар келе жатқанын хабарлаңыз. Жұмыс дәптерінің 38-бетіндегі Астананың суретін тауып, мұқият қарауын сұраңыз. Тапсырманың мәтінін оқыңыз. Астана қаласына саяхаттауға шақырыңыз және Астана туралы бейнефрагментті көрсетіңіз. Оқушылар бейнежазбаны қарап отырған кезде қала көшелеріндегі көлік түрлеріне назарын аударсын. Жауаптарын тыңдаңыз. Астана – Қазақстанның астанасы. Бұл – еліміздегі әдемі қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар, ескерткіштер көп. Астана жыл сайын жаңарып, көркеюде. |
Суреттер Алдаркөсе суреті Қуыршақ машина ойыншықтары |
|||
Тілдік құзыреттілік 3 минут |
«Аудармашылар» жаттығуы. Диктофонға бір тілдегі тірек сөздерді жазып алыңыз және Ботаның атынан дыбыстық жазбаны тыңдатыңыз. Оқушылар қайталайды, қалған екі тілдегі нұсқаларын айтады. Сөздер жазылған үлестірме парақшаларды «сөйлейтін» қабырғаға іліп қойыңыз.
|
Диктафон |
|||
Бағалау 2 минут |
Оқушылар –– саяхат туралы; –– бұрынғы және қазіргі көлік туралы; –– Астананың көрікті жерлері туралы білді. Оқушылар –– дерек көздерімен, яғни суреттермен жұмыс істеуді; –– уақытқа қатысты «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануға; –– ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге; –– қазіргі заманғы көлік қалай өзгергенін сипаттауға; –– картадан Астананы табуды үйренді. Тақырыпты игергенін тексеру және бағалау үшін мынадай сұрақтар қойыңыз. –– Астана деген не? –– Астана қандай өзеннің жағалауында орналасқан? –– Астана нышаны саналатын монумент қалай аталады? –– Астанада қандай көрікті жерлер бар? |
||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |