400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Есептерді теңдеу құру арқылы шығару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға шартты есеп арқылы теңдеу құруды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика

10.12.18ж

4 сынып

А.Р Умиралиева

Сабақтың тақырыбы

Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

арифметикалық есеп шығару және теңдеу құру амалдарын салыстыру: есептеу қабілеті мен күрделі теңдеулерді шешу қабілетін жетілдіру.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Топқа бөлу

Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз.

Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.

Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады

Үй тапсырмасын пысықтау

156-96:(12:4):2 = 140 156-96:12:4?2=155


Жаңа сабақ

№1 Ауызша тапсырма №2 Есепті шығарудың түрлі тәсілдерін қарастыр. 1-тәсіл Амалдар бойнша немесе өрнек түрінде жазу Кітап-300 теңге Дәптер-100 теңгеден 1 000 тг ? дана

1Правая фигурная скобка 1 )Барлық дәптер қанша тұрады? 1000-300 = 700(теңге) 2)Неше дәптер сатып алынды: 700:100 = 7 (дәптер) Өрнек: (1 000-300):100 = 7 (дәптер) Жауабы:7 дәптер сатып алынды. YI. Есепті теңдеу арқылы шығару қабілетін бекіту. 3 Сызбаны қарап шық және есепті шығар.

1Полилиния 1 Овал 1 Овал 2 Овал 3 Овал 4 Овал 5 Овал 6 Прямая соединительная линия 1 5кг 15кг15кг15кг 25кг

Левая фигурная скобка 1 Х кг

Жәшікте х кг болдыделік: х-25 = 15 .4 х-25= 60 х = 85

№4Кестебойыншаөрнектердіқұрастыр. №6тапсырма Өзіндікжұмыс№7

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар әуенге билеп,сергиді

Ой толғаныс

Слайд


№8 тапсырма Есепке нұсқау. 1- машина 1 доп+2 текше 1 машина+ 1 текше 2 доп 1 машина 1 доппен және 2 текшемен алмастырамыз,сода: 1 доп+ 2 текше +1 текше 2 доп,әр бөліктен бір –бір допты алып тастайсыз: 3 текше 1 доп. Есептің бастапқы шарты бойынша, 1 машина 3 текше+ 2 текше, яғни, 1 машина 5 текше.


Шығармашылыққа тапсырма













1.     Ләззат, Ғалия және Нағима әр үйде тұрады. №1-биік және тастан, №2 үйбиік және ағаштан, №3 үй аласа тастан салынған. Егер Ғалия мен Нағима биік үйде, Ал Нағима мен Ләззат тастан салынған үйлерде тұрса, кім қай үйде тұрады?

 

2.     Қасқыр, Түлкі және Аю үш үйде тұрды: біріншісі –үлкен терезелі ақ үй, екіншісі – үлкен терезелі жасыл үй, үшіншісі – кішкентай терезелі жасыл үй. Егер Қасқыр мен Түлкінің үйлері үлкен терезелі, ал Қасқыр мен Аюдың үйі жасыл үйлер болса, онда әрқайсысының үйлері қандай?


Үй тапсырмасы

№ 7(ә)

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау парақшасын толтырады

Кеі байланыс



































Пәні: Әдебиеттік оқу

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

Күні:

Сынып: 4 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Умиралиева Айгерім Рахметуллақызы

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Тәуелсіздік монументі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Тәуелсіздік тарихын түсіндіру.

Оқушының еліне деген сүйіспеншілік,

мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Сабақмақсаттары

Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту. Отан өзінің тұратын, өмір сүретін жері ретінде түсіндіру.

Егеменді ел жетістіктері туралы таныстыру.Туған елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту,

есту сақтау қабілетін дамыту

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Тәуелсіздік монументі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-«Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңіз?

-Тәуелсіздік қандай жолмен келді, құрбандаы кім?

-Қазақстан елінің мақтанышына нені жатқызасыз?

Құндылықтарды дарыту:

Ынтымақтастық, бір-біріне деген құрмет: жұптық, топтық жұмыс кезінде.

Еңбек пен шығармашылық: бейне-баян арқылы өз ойын білдіру, (сурет салу)

Пәнаралық байланыстар:

Әдебиеттік оқу: суретке қарап әңгімелейді.


Бастапқы білім:

Қазақстанның Тәуелсіз ел екенін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Оқушылармен амандасу, сабақ назар аудару.

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.


(Ұ) Ширату.

Өлең шумақ оқып,не туралы айтылғанын анықтау

Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,
Қолға қонған бақ құсындай аялаған
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.


-Балалар сіздер жаңа Тәуелсіздік туралы өлең жолды тыңдадыңыз.


Бейне-баян

Сабақ мақсатымен таныстыру:

Ендеше оқушылар, 16- желтоқсан қазақ елінің Тәуелсіздік мейрамы екендігіне және Тәуелсіздік монументімен танысамыз.


Б ейне-баян





Сабақтың ортасы



30 мин.





а) Тарихқа тоқталу.

Алматы қаласы. 1986 жылдың 17 желтоқсанында таңғы сағат 8-де Брежнев алаңына (қазіргі Жаңа алаң) жастардың алғашқы тобы келді. « Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!», « Қазақстанды әркімге билетпейміз!» т.б ұрандар жазылған. 17-нен 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Жастардың жүздерінде үрейдің ізі де білінбейді. Бір кезде өрт сөндіретін машиналар көрінді. Жастардың үстіне су шашып, жаңбырдай боратты. Милиционерлер әуелі шерудің алдыңғы сапында жүрген қауіпті белсенділерін күшпен алып кетіп жатты.Күрек, сойыл, арсылдаған иттер пайдаланылды.

Бұл оқиға тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік бостандық әкелді.

Жазықсыз жазаланғандар:

Қайрат Рұсқұлбеков

Асанова Ләззат

Мұхамеджанова Сәбира

Әбдіқұлов Мызағали

Тәшенов Түгелбай

Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова мен Қайрат Рұсқұлбеков.Бұл екі қаһарманды айта кетпеу мүмкін емес.

Ләззат Асанова Алтынқызы қазақ жастарының ішінде көтеріліске белсене қатысқандардың бірі.Ол республика алаңына «Қазақтар! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты.

Қайрат небәрі 21 жыл ғұмыр кешті.Ол батыр ғана емес, ақын да еді. Ол түрмеде көз жұмды.

Келесі өлең шумақтары Қайраттың өміріндегі соңғы күндері шығарған өлең жолдары.


Бейне-баян тыңдау, көру

Монумент

Оқулықпен жұмыс

  • Тәуелсіздік құрбаны кімдер екен?

  • - Тәуелсіздік мейрамын қай уақытта тойлаймыз?


Топпен жұмыс

Туған жер – ұлдың Отаны, (Атамекен – ұлттың Отаны)

Бірлігі жоқ ел тозар (Бірлігі күшті ел озар)

Отансыз адам (Ормансыз бұлбұл)т.б

ҚБ «От шашу»



. Астана, Тәуелсіз, ел,Бәйтерек сөздерін пайдаланып өлең құру.

«Отан» сөзіне тірек сөздер жазу.

Ту Қазақстан ел

Президент ОТАН


Алтын адам






АКТ

bilimland.kz





















































Сабақтың соңы



2 мин.


Тәуелсіздік туралы өлең жырлар.

Сұрақ-жауап:


Гүлбақыт


Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік, қош келдің!






































Пәннің аты:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 17

Мұғалім: А.Р Умиралиева

Сабақтың атауы

Қос сөздер


Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініпп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.
Оқушылар хормен:
Мақсатымыз білім - алу
Міндетіміз – еңбектену
5 - ке қолды жеткізу.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Бейне-баян

Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады: қора - қора, бүгін - ертең, әке - шеше, үлкен - кіші, алыс - жақын.

Терме диктант.
Қос сөздерді теріп жазу.
Түйеқұс, ата - ана, үйір - үйір, қосаяқ, бала - шаға, алабота, анда - санда, Темірқазық, жалт - жұлт.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

1,2,3-жаттығулар топтарда орындалады.

4-жаттығу жеке жұмыс

Рефлексия

Кеспе қағаздармен жұмыс
1 - тапсырма
Өлеңнен қос сөздерді тап.
Көк құтандар көлбеңдеп
Көтеріле алмайды
Жалғыз - жалғыз ербеңдеп
Көк қояндар зулайды.

2 - тапсырма
Мақалдан қос сөздерді тап.
Көре - көре көсем болады,
Сөйлей - сөйлей шешен болады.

3 - тапсырма
Осы өлеңнің ішінен қос сөздерді тап.
Сеңгір - сеңгір таулардан
Секіріп Бурыл гуледі.
VІ. Жұмбақтар сайысы.
1. Қабат - қабат киінген
Төбеден шашы түйілген
Жеп көріп ем өзінен
Жас шығарды көзімнен
(Пияз)

2. Жерге тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Шешуін кім табады?
(Жаңбыр)

Үш топқа үш тапсырма
Берілген сөздерден қос сөздер жасау.
1 - топ ---------------- 2 - топ ----------------- 3 - топ
Дұп - дұрыс -------- қап - қара ------------- сап - сары
Қып - қысқа -------- тәп - тәуір ------------- шоп - шолақ
Қып - қызыл ------- моп - момақан ------- сүп-сүйкімді

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым








Үйге тапсырма

5,6-жаттығу 107-бетте

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 796

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі