Сабақ жоспары "Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі" 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары жас мамандар үшін өте қажет және көмек болады деп ойлаймын. Жас мамандар кәсіптік шеберлігін, оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістері, әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіре алады. Жас маман өз бейімділігін, шеберлігін дамытуға үйренеді. Сайттардағы сабақ үлгілері жас мамандардың мотивациясын арттырады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі

Сынып: 6

Күні:

Тақырып:

Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі

Оқыту мақсаты

Оқушыларда есімдік және жіктеу есімдігі туралы түсінік қалыптастыру. Есімдіктің морфологиялық заңдылықтарын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже:


- есімдік және жіктеу есімдігі туралы түсінік алады.

- есімдіктің морфологиялық заңдылықтары жөнінде мәлімет алады;

- өзіндік ой-пікір айтуға дағдыланады;

- бірін-бірі тыңдауға, сұрақ қоюға, жұмысты қорғауға жаттығады;

- сөздік қоры молаяды.

Модульдер

Әдіс –тәсілдер


1. Диалогтік оқыту – «Ойлан тап», «Кластер»

2.СТОҮ - «Оқу атысы» стратегиясы, Венн диаграммасы , эссе

3. Жас ерекшелігіне сай оқыту

4. ОүБ - топ жұмысын бағалау

5.Көшбасшы – топ жұмысын ұйымдастыру

Ресурстар

6-сынып оқулығы, бағалау парақшалары, кеспе тапсырмалары, кітап, маркер, постер.

Бағалау

1.Сұрақтарға жауап беру

2. Әр топ мүшесінің тапсырманы түсіндіре білуі

3. Әр топ мүшесінің өзіндік ой-пікір айтуы

4. Ортақ шешімге келу

5. Қорытынды жасай алу

Алдыңғы білім

Сан есімнен өткенді қайталау.

Жоспар

Кезеңдер

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1. Тақтаға оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтиже жазылады.

2. Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.

3. Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке»

4. Топқа бөлу, спикер тағайындау.


Оқушылар 1,2,3 деген сан бойынша 3 топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту


«Оқу атысы» сұрақтары.

1.Сөз таптарына нелер жатады?

2.Сан есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.

3.Сан есім нешеге бөлінеді?

Оқушылар рет-ретпен

сұрақтарға жауап береді.



Мағынаны тану


Топтық жұмыс: «Кластер» толтыру.

1-топ: Есімдік дегеніміз не?

2-топ: Есімдіктің түрлері қандай?

3-топ: Сын есім мен есімдікті салыстыру (Венн диаграммасы арқылы)


Берілген қосымша материалдан және кітаптан өзіндік білім алады.

«Карусель» әдісі арқылы спикер топ жұмысын келесі топқа қорғайды.

Спикерді бағалайды.

Бекіту








Топтық тапсырма:

«Ойлан тап»

Бекіту мақсатында құрамында жіктеу есімдігі бар сөздерді қатыстырып 3 сөйлем құрастыру. Құраған сөйлемдердегі есімдіктерді септету.

1-топ: 139 - жаттығу. Мәнерлеп оқыңыздар, сөйлемдегі есімдіктерді теріп жазу, қандай сөз орнына жұмсалып тұрғанын анықтау.

2-топ: 141 – жаттығу. Сөйлемді оқып, жіктеу есімдіктерін тауып, теріп жазу.

3-топ: 142-жаттығу. Мәтінді оқу, ат қою, жіктеу есімдіктерін табу, теріп жазу, қай септікте тұрғанын көрсету.

Оқушылар өзіндік ой-пікірлерін білдіреді.


Топ мүшесі жұмысты қорғайды.


Ой толғаныс

«Жеті-киелі сан» тақырыбына эссе жазу.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Кері байланыс

Не түсіндің? Не түсініксіз болды? Ұсыныс.


Бағалау

Топ жұмысын бағалау (бағалау парақшасы).

Спикер бағалайды.

Үйге тапсырма

§ 32-33 оқу, 143-жаттығу.





Топ жұмысын бағалау


Сұрақтарға жауап беру



Әр топ мүшесінің тапсырманы түсіндіре білуі

Әр топ мүшесінің өзіндік ой-пікір айуы

Ортақ шешімге келу

Қорытынды жасай алу

Жалпы баға
















Топ жұмысын бағалау


Сұрақтарға жауап беру



Әр топ мүшесінің тапсырманы түсіндіре білуі

Әр топ мүшесінің өзіндік ой-пікір айуы

Ортақ шешімге келу

Қорытынды жасай алу

Жалпы баға

















Топ жұмысын бағалау


Сұрақтарға жауап беру



Әр топ мүшесінің тапсырманы түсіндіре білуі

Әр топ мүшесінің өзіндік ой-пікір айуы

Ортақ шешімге келу

Қорытынды жасай алу

Жалпы баға















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
3170
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі