400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балаға етістіктерді түсінуге, оларды ажырата алуға, сөйлемдер ішінен таба алуға мүмкіндік береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

___________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Етістік

(сабақтың тақырыбы)

Кезеңі


Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Күні:


Сынып/топ

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Етістік

Сабақтың мақсаты

  • Етістік және оның түрлерін ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде қолдануды белсендіру;

  • Не істеді? Қайтті? сұрақтарын сөйлемде дұрыс қолдана алуын дамыту;

  • Жаңа сөздерді дұрыс қолдана алуды, бір-бірімен мағыналық жағынан байланыстыра алуға жаттықтыру;


      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Логопедтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

5 мин





Сабақтың басы 2 минут

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?

  • Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Психологиялық ахуал

Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға,айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.

Үй тапсырмасын тексеру

Күшейтпелі шырай тұлғасында келген сын есімдерді тауып,олардың жасалу жолын көрсетіңдер.
1. Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар – Юпитер.
2. Жерден құралсыз көзбен қарағанда көрінетін ғаламшар Уран.
3. Жер бетіндегі ең таза теңіз – Антарктидадағы Уэдделл теңізі.
4. Жер бетіндегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.​
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

  • Балалар біз бүгін «Етістік» тақырыбын өтетін боламыз. Сабақ барысында етістіктермен танысып, не істеді?қайтті? сұрақтарына жауап беретін боламыз. Етістіктерді бір-бірімен мағыналық жағынан байланыстыра алуға жаттықтығатын боламыз.

- Сәлеметсіз бе?

- Көңіл күйіміз жақсы


Қолдарын жүректеріне қойып, жақсы тілектерін айтады.



Күшейтпелі шырай тұлғасында келген сын есімдерді тауып,олардың жасалу жолын көрсетеді. Мысалы: ең үлкен – ең күшейткіш буынын жалғау арқылы жасалып тұр.


Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.
















Сабақтың ортасы

30 минут


1-тапсырма

Мағынасына қарай қажетті етістіктерді қойып, сөйлемдерді аяқтаңдар.

Мен бөлмемді ..........

Жансая апасымен дүкенге ........

Балалар бесінші сабақтан ...........

Данияр досының туған күніне ......

2-тапсырма

Етістіктермен толықтырып, жаңылтпашты көшіріп жазыңдар. Жатқа тез-тез айтыңдар

Балалар қар ......

Қарды ауладан әрі .....

Күрегі бардың бәрі қар......

3-тапсырма

Кім не істейді? Екі бағанды мағынасына қарай сәйкестендіріңдер

Сергіту сәті

Бейнероликке қарап, саусақ жаттығуларын орындаңдар

4-тапсырма

Дөңгелекшелердің ішіндегі әріптер реті бойынша мақалды оқыңдар. Етістікті тауып, оған сұрақ қойыңдар

5-тапсырма

Етістіктерді қою арқылы өлең жолдарын құрастырып, дәптерге жазыңдар

Мен бөлмемді ............

Үлкендерді ................

Кішілерді .............

Сыйлықтарды ..............

6-тапсырма

Суретке қарап әңгімелеңдер.(ауызша)

7-тапсырма

Оқу минуты

Қолыңды сызықтармен жүргізіп отырып, мәтінді көзбен оқыңдар



Тақтаға қарап, етістік сөз табымен, сұрақтарымен танысады. Бірнеше мысалдар келтіреді.







Берілген сөйлемдерге мағынасына қарай жинаймын, барды, қайтты, барды етістіктерін қойып, сөйлемдерді аяқтайды.



«Күреді» етістігін қою арқылы, жаңылтпашты толықтырып, дәптердеріне көшіріп жазады. Тез айтып жаттығады.





Етістіктерге сұрақ қою арқылы екі бағанды мағынасына қарай бір-бірімен сәйкестендіреді. Мысалы: Батыр – ерлік жасайды.



Бейнероликке қарап отырып, саусақ жаттығуларын екі рет қайталап жасайды.







Дөңгелекшелердің ішіндегі әріптер реті бойынша мақалды оқиды. Етістікті тауып, оған сұрақ қояды.

«Жақсының аты өлмейді.» мақалы шығады.





Етістіктерді қою арқылы өлең жолдарын құрастырады. Дәптерге жазып, оқып береді.

Мен бөлмемді жинаймын,

Үлкендерді сыйлаймын.

Кішілерді қуантып,

Сыйлықтарды сыйлаймын.




Суретке қарап әңгімелейді.

Мысалы: Қыс келді. Балалар сыртқа шықты. Бірі шаңғы теуіп, бірі аққала жасады. Төбеден шанамен сырғанап, коньки теуіп ойнады.








Қолдарын сызықтарменжүргізу арқылы мәтінді көзбен жүргізіп оқиды.



















https://yandex.kz/video/preview/2027897502264597063














Сабақтың соңы

5 мин

- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

Кері байланыс


-Ия ұнады.




Кеме желкенін бояйды.



Үйге тапсырма

3 мин

Көп нүктенің орнына тиісті етістікті жазу 

Арман алма бағында піскен алманы .....

Ермек жазғы демалыста .....

Торғайлар ән салып ......

Бақшада алма, өрік ағаштары ......






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.01.2025
274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12