400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары "Еттен жасалған тағамдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімдерін кеңейту, асқа байланысты салт-дәстүрлермен таныстыруЖаңа сөздер сөздер мен сөз тіркестерін тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету, лексика-грамматикалық тапсырмалр арқылы ой-өрістерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 9 сынып

Мерзімі..........................

Сабақтың тақырыбы: Еттен жасалған тағамдар

Сабақтың мақсаты:

Қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімдерін кеңейту, асқа байланысты салт-дәстүрлермен таныстыруЖаңа сөздер сөздер мен сөз тіркестерін тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету, лексика-грамматикалық тапсырмалр арқылы ой-өрістерін кеңейту.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй жұмысын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сөздер

Қонақжай — гостеприимный
Қастерлей білу — уметь дорожить
Тегін айтпаған — не зря говорили
Ауыз тию — попробовать
Құрамында — в составе
Құнды — ценный
Ысырап етпеу — не транжирить

Жаңа сөздермен жұмыс

1. Сөз тіркестерін жасаңдар
2. Сөйлемдер құрастырыңдар

Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық т әтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.

Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.

Мәтін бойынша жұмыс:

1.Еркін аудару, сұрақтар қою.
2.Мына салт дәстүрлер туралы не білесіңдер,айтып беріңдер:шашу, сарқыт, асар

Жазбаша тапсырмалар

1.Сөйлемді аяқтаңдар.

Ұрпақтан-ұрпаққа...
Ет тағамдары..
Ауыз тимей...

2.Синтаксистік талдау жаса. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған.

3.Дәлелде. Маған ұлттық тағамдар ұнайды,өйткені:

А.
Ә.
Б

Кесте бойынша жұмыс істеңдер.

1.Еттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
2.Сүттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
3.Ұннан жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.

Ас батасымен танысу Дастарқан берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Қазаның оттан түспесін.
Өзің аттан түспе.
Тамағың дәмді болсын.
Дастарқанның байлығын берсін.
Деннің саулығын берсін.

Қорытынды 1.Ұлттық тағамдардың қандай түрлері бар?
5.Асқа байланысты қандай салт-дәстүрлер бар?
6.Асқа байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесің?

Бағалау

Үйге тапсырма: Асқа байланысты мақалдарды жаттау.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі