Материалдар / Сабақ жоспары "Физикалық және химиялық құбылыстар" 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Физикалық және химиялық құбылыстар" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
9760
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспарлау үлгісі


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3

Мектеп: №4 ЖОББМ

Күні: 25.08.2017 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Туысова Акку Ерсайновна

Сынып: 5

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Физикалық және химиялық құбылыстар



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.3.1.4. – физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «физикалық құбылыс» және «химиялық құбылыс» түсінігін білу,түсіну.

Оқушылардың басым бөлігі: Физикалық және химиялық денелердің құрамын ажырату, тәжірибе жасап,түсіндіре алу, алған білімдерін жинақтай алу және қорытынды жасай алу.

Оқушылардың кейбірі бөлігі: Физикалық және химиялық құбылыстарды сәйкестендіре отыра, бір – бірінен ажырата алу.


Бағалау критерийі

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

  • Физикалық және химиялық құбылыс түсініктерін біледі,түсінеді;

  • Физикалық және химиялық құбылыстарды бір – бірінен ажырата алады;

  • Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылықтарын белгілеп, жіктей алады;

Тілдік мақсаттар


Талқылауға арналған тақырыптар: Өз ойларын ауызша және жазбаша жеткізе білуге, мәтіннің мазмұнын әңгімелеуге үйрету.

Оқылым: мәтінді оқи отырып, физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылық белгілерін оқи алады.

Тыңдалым: тақырып бойынша айтылған мәліметтерді талқылайды, шағын топтарда бір – бірлерінің пікірлерін тыңдайды.

Жазылым: физикалық және химиялық құбылыстарды тәжірибе жүзінде анықтап, жазбаша сипаттайды.

Негізгі терминдер мен ұғымдар: заттың агрегаттық күйі, физикалық құбылыс, химиялық құбылыс.

Құндылықтарға баулу




«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына сәйкес еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

физика – парафиннің балқуы, металдар балқуы, шамның жарқырауы, заттың түсі өзгеруі, т.б.

химия – парафин жануы, бір заттың екінші затқа айналуы, лимонад жасау тәсілі.

Алдыңғы білім


3.3.1.1. Заттардың шығу тегі, және агрегаттық күйін біледі

3.1.1.2. Заттарды агрегаттық күйі бойынша сипаттайды.

5.3.1.1. Диффузия ұғымын түсінеді.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

1-4 мин

Ұйымдастыру кезеңі.Сыныппен амандасу, түгендеу.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында сыныпты «От», «Күн», «Су» суреттері арқылы топқа бөлу.









Оқушылар топқа бөлініп орындарына отырады.

- Оқудан күтілетін нәтижелерді белгілеу.Табыс критерийлері:

- нақтылық:

- белсенділік;

- бірлескен жұмыс;

- уақыт сақтау;

Өткенге шолу. Сұрақтарға жауап беру (оқушылар интербелсенді тақтадан слайдтардағы сұрақтарға жауап береді).

  1. Құбылыстар деген ұғымды қалай түсінеміз?

  2. Қандай зат үш күйде болуы мүмкін?

  3. Диффузия дегеніміз не?

  4. Өздерің тұратын аймақта қандай құбылыстарды байқайсыңдар?

Қалыптастырушы бағалау: Оқушыларды «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау.(оқушыларға егер тапсырма жауаптары өте керемет ұнаса-3 шапалақ,егер орташа ұнаса-  шапалақ,егер мүлдем ұнамаса- 1 шапалақ ұрады).







Сабақтың тақырыбына шығу. Оқушылардан айналада өзіміз байқап жүрген табиғат құбылыстарын атап айтуы сұралады?

Сабақтың мақсатына шығу.

Суреттер


















интербелсенді тақта

слайд №1

Сабақтың ортасы

5-20 мин


































21-38 мин

Интербелсенді тақтадан әр түрлі құбылыстардың суреттерін көрсету.Оқулықпен танысу арқылы сабақтың тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру.

1 – тапсырма.«Кластер әдісі» арқылы топтық жұмыс жүргіземін.

(оқушылар постер арқылы кластер құрады).

1 – ші «От» тобына: «Табиғат құбылыстары» - оқушылар күнделікті өмірде көріп жүрген құбылыстарға мысал келтіреді,сипаттама береді.

2 – ші топ «Күн» тобына: «Физикалық құбылыстар» - оқушыларға осы құбылыстарға мысалдар келтіру тапсырылады, сипаттама береді.

3 – ші «Су» тобына: «Химиялық құбылыстарға» мысалдар келтіріледі, сипаттама береді.

«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау.( оқушылар төмендегі үлгі бойынша бас бармақтарымен топ тапсырмаларына баға береді).











Критерийлер(қалыптастырушы бағалауға):

  • Физикалық және химиялық құбылыс түсініктерін біледі;

Дескриптор:

  • Физикалық және химиялық құбылыстар түсініктерін білді;

2–тапсырма.«Түртіп алу әдісі» бойынша дәптермен жұмыс.(Оқушылар терминдерге шолу жасайды, яғни мағынасын түсіндіреді, дәптерге түртіп алады.

Физикалық құбылыс- Химиялық құбылыс

Физические явления- Химические явления

Physical apparitions Chemical apparitions ).

Критерий:

  • Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алады;

Дескриптор:

  • Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алды;

Жұлдызшалар арқылы бағалау.( оқушылар түрлі түсті жұлдызшалар арқылы бір – бірін бағалайды).

3 – тапсырма. Саралап оқыту тапсырмалары: ( «А», «В», «С» деңгейіндегі тапсырмалар, топтық жұмыс).

С- тапсырма. «Семантикалық карта» (оқушылардың кейбірі орындай алатын тапсырма).

Құбылыстар

Парафин жануы

парафин балқуы

метал балқуы

заттың түсі өзгеруі

судың буға айналуы

қар еруі

Физикалық







Химиялық







«Иә, жоқ» әдісі арқылы бағалау. (оқушылар иә, жоқ әдісі арқылы дұрыс жауаптарын жазады).

; Критерийлер:

  • Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылықтарын белгілеп, жіктей алады;

Дескриптор:

  • Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылықтарын белгілеп, жіктеді;



В-тапсырма. Тәжірибе жасау.Оқушылар Лимонад шырынын өз бетінше дайындап көреді. (оқушылардың басым көпшілігі орындай алатын тапсырма, оқушылар тәжірибеге керекті құралдарды пайдалана отырып, берілген нұсқаулық арқылы тәжірибе орындайды).















Ұнтақтың құрамы

1. Ас содасы – 30 г (үш шай қасық).

2. Лимон қышқылы – 60 г ( алты шай қасық).

3. Қант ұнтағы(пудра) – 50 г (бес шай қасық).

Дайындау нұсқауы.

1. Құрғақ сопақ ыдыс дайындап аламыз.

2. Өлшен ген содамен лимон қышқылын құрғақ сопақ ыдысқа құямыз.

3. Ұсақ ұнтақталғанша араластырамыз.

4. Қант ұнтағын қосамыз. Бірқалыпты болғанша қайтадан араластырамыз.

5.

Дайындалған қосп аны тығыз жабылатын қақпағы бар шөлмек ыдысқа

қайта құямыз.

Сусынның құрамы

1. Бір стақан су (шырын, морс және т.б.)

2. Дайын ұнтақ – 20 г (ек і шайқасық)

3. Стақан суға соданы қосып араластырамыз. Ұнтақтың кристалдары

сұйықтықпен

реакцияға түсіп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады.

Критерийлер:

  • Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылықтарын белгілеп, жіктей алады;

Дескриптор:

  • Оқушылар лимон қышқылы мен ас содасын аралыстырды;

  • Оқушылар лимон қышқылы мен ас содасын ыдыстағы суға араластырды;

  • Оқушылар қоспаларды араластыру арқылы лимонад сусынын әзірлеп шығарды, мақсатқа жетті;

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалау.

  • Оқушылар лимон қышқылы мен ас содасын аралыстырады;

  • Оқушылар лимон қышқылы мен ас содасын ыдыстағы суға араластырады;

  • Оқушылар қоспаларды араластыру арқылы лимонад сусынын әзірлеп шығарады, мақсатқа жетеді;

(жоғарыда айтылған критерийлерге оқушылар тәжірибе жасау барысында бір – біріне жұмыс істеген кездегі өздеріне ұнаған екі тапсырмаға екі жұлдыз қою арқылы баға береді және бір тілек айтады).

Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және тілек айту сұралады.

Екі жұлдыз – жұмыс істеген кезде оларға ұнаған екі зат.

Бір тілек – бұл жақсартуға болатын нәрсе.


А - тапсырма : Дұрыс сөйлемдерді тап. (оқушылардың барлығы орындай алатын тапсырма, оқушылар дұрыс сөйлемдерді табулары қажет).

1. Ауа – азот пен көмірқышқыл газдың қоспасы.

2. Балмұздақ – ол мұздың, қаймақтың, қош иістендіргіштердің, ауаның, кей жағдайда тамаққа қосатын бояғыш заттардан тұрады.

3. Сусындарды көпіретін етіп жасау үшін көмірқышқыл газын сұйықта ерітіп жасайды.

Фишкалар арқылы бағаланады. (оқушылар әр түрлі түстегі фишкалар арқылы бір – бірін бағалай алады)

. Критерийлер:

  • Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылықтарын белгілеп, жіктей алады;


Дескриптор:

  • Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылықтарын белгілеп, жіктей алады;





Интербелсенді тақта,


Постер,

Жаратылыстану 5-сынып «атамұра» 2017 ж. 93-94 бет


























Дәптермен жұмыс,

қима жұлдызша қағаздар

Жаратылыстану 5 – сынып «Атамұра» 92 бет



Кесте толтыру

Үлестірмелі парақтар, май шам,су













Тәжірибе құралдары

Жаратылыстану 5 – сынып Атамұра 2017 ж, 94 бет.

лимон, ас содасы,стақан, су,сопақ ыдыс











Сабақтың соңы

39-45 мин

Кері байланыс. «Табиғат құбылыстарын құрастыру».(оқушылар ілініп тұрған табиғат суреттеріне төменде аталған жапсырма суреттер арқылы табиғат бейнесін құрастырады).

Тақтада ілініп тұрған табиғат суретіне төмендегі стикер – суреттерді жапсыру:

Күн: - сабақты өте жақсы түсіндім

Бұлт: - қосымша түсіндіруді қажет етемін

Найзағай: - түсінбедім

Оқушылардан интервью алу парағы

Оқушының аты – жөні:

Сабақ тақырыбы:

Сұрақтар

Жауаптар

  1. Сабақ сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз?

  2. Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет деп есептейсізбе?

  3. Сабақта қандай әрекеттер орындадыңыз?

  4. Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз?




Суреттер

Қима қағаздар









Бағалау парақшасы

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Барлық оқушылар орындай алды». Физикалық және химиялық құбылыстарға арналған сөйлемдердің ішінен дұрыс сөйлемдерді таба білді. Физикалық және химиялық құбылыстардың түсінігін біледі. «Оқушылардың басым бөлігі орындай алды». Физикалық және химиялық құбылыстарға арналған тәжірибе жүзінде оқушылар лимонад шырынын әзірлеу жолдарын үйренді. «Кейбір оқушылар орындай алды».Оқушылар құбылыстарды семантикалық карта толтыру арқылы физикалық және химиялық құбылыстарды бір – бірінен ажырата біледі.

Қабілеті жоғары оқушылар салыстыру, талдау, қорытынды жасау, сондай-ақ шығармашылық ойлауды талап ететін қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мəселенің бірегей шешімдерін табу.Кейбір тапсырмаларды барлық оқушылар, кей тапсырмаларды көпшілік оқушылар, тапсырманың күрделі тұстарын кейбір оқушылар орындайды.

  • Сабақ барысында әр тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалаулар жүзеге асырылды.

  • Тапсырмаларда бағалау критерийлері алынып, дескрипторлар белгіленеді.

  • Оқушылар бір – бірлерін бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!