жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары. "Футбол алаңында жаттығу" Мектепалды даярлық сынып.
|
Дене шынықтыру №60 Тақырыбы: Футбол алаңында жаттығу |
||
|
Күні: |
||
|
Оқыту мақсаттары |
0.1.2.1. Организмнің төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі мақсаты жүктемелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығуларын орындау. 0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қара-пайым дене жаттығуларымен алмастыру. 0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түріндегі ептілік, жылдамдық пен реакция. 0.3.1.1. Алуан ойын түрлерінде әртүрлі дене жаттығуларын орындау барысын-да басқа қатысушыларға тактикалық көмек көрсету. |
|
|
Күтілетін нəтижелер |
Барлық балалар орындай алады: Жүрудің алуан түрін орындау – аяқты айқастыра жүру, отырып жүру және жартылай отырып жүру. Сапқа, қатарға тұру, жұп құру. Қозғалыс кеңістігінде жұппен қауіпсіз жұмыс істеу. Зал кеңістігінде бағдарлай алу. Баспен доп итере отырып, білек пен табанның көмегімен төрттағандап еңбек-теу. Екі тобық арасына доп қысып жүру. Балалардың көпшілігі орындай алады: Аяқты артқа барынша бүге отырып, тізені жоғары көтеріп жүгіру. Жүру мен жүгірудің әрбір түріне сәйкес қол қимылын пайдалану. Организмді босаңсыту дағдысын пайдалану. Тапсырма орындау кезіндегі қозғалыс бағытын сақтау. Кейбір балалар орындай алады: Жұптасып жаттығу орындау кезінде өз күш-жігерін шамалай білу. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Балалар футбол туралы білімін жалпылайды, футбол элементтерін орындау арқылы дене бітімін жетілдіру; өз іс-әрекетін әріптесінің қимылымен үйлестіре білу дағдыларын көрсетеді. Пәндік лексика және терминология: Футбол, қақпашы, шабуылшы, қорғаушы, пас беру, матч, ептілік, жанкүйерлер, жылдамдық, стадион. Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай футбол клубтарын білесіңдер? Жұппен жаттығу орындау кезінде дененің қай мүшелері мен бұлшық еттері қа-тысады? Неліктен топта өзара іс-қимыл мен әріптестік тактикасы маңызды? Неге екенін айта аласыңдар ма…? -Футбол алаңында қалай бағдарлауға болады? Футбол алаңында неше ойыншы болады? Матч кезінде жанкүйерлерге не істеуге болмайды? |
|
|
Алдыңғы білім |
Футбол – еркін бағытта оң және сол аяқпен доп алып жүру. Алға жылжи отырып арқаннан қос аяқтап жанымен секіру. Іші толтырылған допты қос қолмен кеудеден лақтыру. |
|
|
Жоспар |
||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар |
|
Басталуы 0–5 минут |
Балаларға футбол сайысына ата-анасымен бірге барғаны туралы әңгімелеу ұсынылады. Стадионда өзін ұстай білу мәдениетіне назар аударылады. Сапта бір қатармен жүру. Аяқты айқастыра отырып және жартылай отырып жүру. Жүгіру – аяқты тізеден барынша артқа қарай бүгіп, тізені жоғары көтеру. Қозғалыстың әрбір түріне сәйкес келетін қол қимылын пайдалануға назар аударылады. |
Бос кеңістік
|
|
Ортасы 6–15
|
Жұппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Өз күш-жігерін шамалап, өз іс-әрекетін әріптесінің қимылымен үйлестіруге назар аударылады. (Ж) Екі қатарға қайта тізіліп тұру. (Арақашықтық –3 метр) (Ж) Допты бір-біріне бір орындарында тұрып және қозғалыста беру. Аяқты сәл бүгіп, доптан 10–15 см және сәл иық тұсында ұстау керек. Тірек аяқтың ұшы соққы берілетін бағытпен дәл келуі керек. Соққы беретін аяқ табаны жанына бұрылып тұру қажет. Допқа аяқпен соққы беру техникасын жүзеге асыруда алдымен табанның ішкі жағымен соққы беруден бастау тиімді. (Ж) Екі тобық арасына доп қысып жүру. Баспен доп итере отырып, білек пен табанның көмегімен төрттағандап еңбектеу. Тапсырма орындау реті: бірінші қатар екінші қатарға қарай қозғала отырып, тапсырма орындап, тез кері қайтады. Содан кейін екінші қатар бірінші қатарға жылжи отырып тапсырма орындайды да, жылдам артқа қайтады. Нұсқау – қозғалыс тек нұсқау бойынша ғана орындалады, өз іс-қимылыңды қатарыңдағы балалардың қимылымен үйлестіру. |
Кең, бос кеңістік. «Баста-тоқта!» деп белгі беруге ар- налған ысқырғыш. Топтың жартысы- на жететін доп. |
|
16–25 |
(Ж) «Сорғыш пен доп» жаттығуы Мақсаты: барынша көп бұлшық етті босаңсыту. “Балалар, екіден жұптасыңдар. Бірің – үлкен үрілмелі доп боласың, екінші бала сорғышпен шарикті үрлейді. Доп мыжылып тұрады, бүкіл денесі бүктетіліп, аяқ-қолдары бүгілген, мойны, басы салбыраған. Денесі бүгіліп, басы еңкіштеніп кеткен (доптың ішінде желі жоқ). Қасындағы бала қолдарын қимылдатып, «с» деп дыбыс шығарып допты сорғышпен үрлей бастайды. |
|
|
Рефлексия 26–30
|
Жарыс кезінде стадионда өзін ұстау ережесін құрастыру ұсынылады. |
|
|
Дене шынықтыру №61 Тақырыбы: Шабандоздар |
||
|
Күні: |
||
|
Оқыту мақсаттары |
0.1.2.1.Организмнің төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүкте-оқыту мақсаты біртіндеп үдетумен дене жаттығуларын орындау. 0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қара-пайым дене жаттығуларымен алмастыру. 0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік, жылдамдық пен реакция. 0.3.1.3. Әділетті ойын мен әділетті төрелік белгілерін анықтау. |
|
|
Күтілетін нəтижелер |
Барлық балалар орындай алады: Тыныс алуға арналған жаттығулар орындау. Топпен берілген қозғалысты орындау. Қамшы ұстап шоқырақтап жүру. Аттай шоқырақтап жүрген кезде ұсақ заттар (қолорамалға түйілген тиындар) алып жүру. Балалардың көпшілігі орындай алады: Қатармен қозғалыс орындау. Екі тобық арасына доп қысып жүру. Қамшымен бір ұрып тақияны орнынан қозғау. Топ мүшелерінің іс-қимылын, қателерін талдау. Барлық топ мүшелерінің әрекетін үйлестіре отырып, командир рөлін атқару. Кейбір балалар орындай алады: Қолды алға-артқа сермей отырып, құм толтырылған қапшықты нысананың ор-тасына лақтыру. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Балалар Қазақстанның этномәдениеті және тарихы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ететін, сайысу бағытындағы тапсырмаларды орындау арқылы қазақстандық салт-дәстүрді білетіндерін көрсете алады. Пәндік лексика және терминология: Ат жарысы, шабандоз, ипподром. Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай ат жарыстарын білесіңдер? Ат жарысы қандай қасиеттерді дамытады? Ат жарысының қайсы түрі қиын болды және неге? Мықты шабандоз болуға қандай пайдалы әдеттер көмектеседі? Неге екенін айта аласыңдар ма…? - Шабандоз деген кім? Неліктен ат жарысы Қазақстан мен Орта Азияда дәстүрлі болып табылады? - -- --- Шабандозды жаттықтыру үшін қандай қимыл-қозғалыстар ұсынасыңдар? - Жарыстарға қатысу денсаулықты қалай нығайтады? - Неліктен шабандоз дұрыс тамақтанып, салмағын бақылап отыруы тиіс?
|
|
|
Алдыңғы білім |
Екі тобық арасына доп қысып жүру кезінде кеңістік пен нысанды бақылау. Баспен допты итере отырып, білек пен табанға сүйеніп, төрттағандап еңбектеу. Оң және сол аяқпен футбол добын алып жүру. |
|
|
Жоспар |
||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар |
|
Басталуы 0–5 минут |
(Ұ, Ө) Балалармен қазақтың дәстүрлі ат жарысы туралы әңгімелесу. Аламан бәйге – алыс қашықтыққа шабу, даладағы түрлі табиғи кедергілерден өту. Қысқа және орташа қашықтыққа шабу. Арақашықтық: 7,12 және 16 км. Жамбы ату – аттың үстінде нысанаға найза лақтырып жарысу (садақ атудың орнына). Шабандоз рөлін атқаруды ұсыну |
Бос кеңістік
|
|
Ортасы 6–15
|
(Ұ) Баяу жүгіру – 3,5 минут. Нұсқау – иықты бос ұстап, ырғақпен, бірқалыпты жүгіру. Қолдың қалыпты үйлесімді қимылына назар аудару. Тыныс алуды қалпына келтіріп, тыныс алу жаттығуларын орындау сапасына назар аударыңыз. 1. Бастапқы қалып – аяқты айқастыра отыру (нұсқалар: тізерлеп немесе өкшемен отыру, аяқты бірге ұстау). Арқаны тік ұстау. Қолды толық жаза отырып бастан жоғары көтеріп демді ішке тарту және демді сыртқа шығара отырып денені еңкейтіп қолды түсіру. 2. Бастапқы қалып қайталанады. Қолды бастан асыра жоғары көтеру. Демді сыртқа шығара отырып еңкейіп, қол мен шекені еденге дейін жеткізу, демді ішке тарта отырып денені тік жаза отырып, бастапқы қалыпқа келу. 3. Бастапқы қалып қайталанады. Қолды алдыға қарай немесе иық деңгейінде екі жаққа қарай созу, алақан төмен қарайды. Демді ішке тарта отырып сол қолды жоғары көтеріп, оң қолды төмен түсіру. Демді сыртқа шығара отырып – сол қолды төмен, оң қолды жоғары көтеру. 4. Бала бастапқы қалыпта отырып, қолды екі жаққа созады,саусақтарды бүгеді. Демді ішке тарта отырып бас бармақты жоғары көтереді, демді сыртқа шығарғанда бас бармақты біртіндеп төмен түсіреді. |
Кең, бос кеңістік. «Баста-тоқта!» деп белгі беруге ар- налған ысқырғыш. Топтың жартысы- на жететін доп. |
|
16–25 |
«Бәйге» Топ мүшелерінің әрқайсысы заттар арасымен атпен шапқандай шоқырақтап жүгіріп, топқа кері қайтады. Қамшыны қатардағы келесі баланың қолына берген соң, саптың соңына барып тұрады. «Жамбы ату» Мәре сызығынан 7 метр қашықтыққа тік нысана орнатылады. Балалар атпен келіп 5 метр қашықтықтан нысанаға дәлдеп тигізуі тиіс. «Тымақ ұру» Мәре сызығынан 6 метр қашықтыққа шаршылар орналастырыңдар. Шаршылардың үстіне тымақ қойылады. Ойынға қатысушылар атқа мініп тымақты қамшымен бір ұрып түсіруі тиіс. «Теңге алу» Топтар тізбегінде бірінші тұрған екі салт атты өздерінің оң қол жағындағы құрсауға шауып келіп тиын алады да, топтарына кері қайтады. Олар мәре сызығына жетісімен ат қылып мінген таяқты келесі балаға беріп, тиынды кәрзеңкеге салған соң саптың соңына барып тұрады. Бірінші болып көп тиын жинаған топ жеңіске жетеді. |
|
|
Рефлексия 26–30
|
Жарыс кезінде стадионда өзін ұстау ережесін құрастыру ұсынылады. |
|
|
Дене шынықтыру №61 Тақырыбы: Тақырыбы: Ойын ойнап, денсаулықты нығайтамыз! |
||
|
Күні: |
||
|
Оқыту мақсаттары |
0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік, жылдамдық пен реакция. 0.3.1.1. Алуан түрлі ойын түрлерінде әртүрлі дене жаттығуларын орындау барысында басқа қатысушыларға тактикалық көмек көрсету. 0.4.1.2. Дербес түрде таныс қимыл-қозғалыс ойындарды және жаттығуларды өткізу. |
|
|
Күтілетін нəтижелер |
Барлық балалар орындай алады: Ойын тәртібіне қарай, сапқа, қатарға, шеңберге тұру. Шеңбер бойымен қосымша адымдап қозғалу. Шашыраңқы жүгіру. Зал кеңістігінде бағдарлай алу. Құлаққа массаж жасау. Балалардың көпшілігі орындай алады: Малдас құрып отырып, асық лақтыру және қағып алу кезінде алақанды тез аударып, төңкеру. Допты басқа топ ойыншысының қолына туралап лақтыру. Бірнеше қадам аттап барып бір аяқты серпу арқылы орындыққа қарғып шығу. Ойында кеңістік пен ресурстарды бөлу кезінде әріптестік пен келісім такти-касын пайдалану. Кейбір балалар орындай алады: Ойын ұйымдастыру кезінде көшбасшы рөлін атқару және көмек көрсету.. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Балалар денсаулықты нығайту, қазақтың қимыл ойындары туралы білімін кеңейтеді; ойында кеңістік пен ресурсты бөлу кезіндегі әріптестік пен келісім тактикасын көрсетеді. Пәндік лексика және терминология: Ойын, санамақ, ойын жүргізуші Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай ойындар көбірек ұнайды және неге? Барлық ойындар үшін қандай қауіпсіздік техникасы бірдей болады? Лақтыру, домалату үшін ойында қандай заттар пайдалануға болады? Үйдің, мектептің ауласында ойын ойнағанда қан-дай қиындықтарға тап боласыңдар?
|
|
|
Алдыңғы білім |
Екі тобық арасына доп қысып жүру кезінде кеңістік пен нысанды бақылау. Баспен допты итере отырып, білек пен табанға сүйеніп, төрттағандап еңбектеу. Оң және сол аяқпен футбол добын алып жүру. |
|
|
Жоспар |
||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар |
|
Басталуы 0–5 минут |
Балаларға ойынның көмегімен денсаулықты нығайтуды ұсыну. «Қол ұстасып бәріміз, Шеңбер құрып тұрамыз. Солға адымдап жүреміз, Оңға адымдап жүреміз, Ортаға келіп тұрамыз. Бір орында айнала Кеудемізді бұрамыз. Күлімсірей, жымыңдай Ойнымызды қайта бастаймыз» Балалар тақпақ мәтініне сәйкес қимылдар орындасын. Ойында қауіпсіздік ережесін еске салу. |
Бос кеңістік
|
|
Ортасы 6–15
|
(Ұ) Құлаққа массаж жасау 1. Құлақты жоғарыдан төмен, артынан және алдынан сипап қыздырудан бастаймыз. Психикалық қысымы жоғары балалар терінің тым сезімтал екенін сезінеді, ал кейбіреулері теріге қысым болғанын байқамайды, бұл іс-шараны қалыпты қабылдайды. 2.Содан кейін құлақтың қалқанын 1, 3, 4 саусақ ұшымен екі жақтан шымшылай жеңіл уқалау. 3.Құлақ қызарып, бала жылу сезінгенге дейін уқалаймыз. (Ұ) «Қасқырға қақпан құр» Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ қол ұстасып Диаметрі дөңгелене қасқырға қақпан құрады. Екінші топ қасқырлардың 20 см доптар. рөлін атқарып, залда қақпан арқылы төрттағандап еңбектеп жүреді. «Кәне, кәне, халайық, Қасқыр қақпан құрайық. Кәне, қақпан берік бол, Қасқыр, қасқыр, келіп көр»! – деп айтылған соң, бірінші топтың ойыншылары қолдарын түсірген кезде қақпан жа-былады. Қақпанда қалып қойған қасқырлар ойыннан шығады да, ойын жалғасады. Содан кейін топтар рөл алмасады. (Ұ) «Тапқыр» Балалар екі топқа бөлініп, екі сызыққа бір-біріне қарама-қарсы отырады. Топтардың арақашықтығы шамамен 2 метр. Ойын жүргізуші топтардың бірінің соңғы отырған ойын-шысының қолына доп лақтырып кез келген сөзді айтады, мәселен: «Тере» «-зе!» – деп сөзді жалғастырып допты қарсы отырған балаға лақтырады |
Кең, бос кеңістік. «Баста-тоқта!» деп белгі беруге ар- налған ысқырғыш. Топтың жартысы- на жететін доп. |
|
16–25 |
Ұ) «Қуаласпақ» Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы қуатын адам таңдалады. «1-2-3 – ұстап ал!» – деп белгі берілгенде, балалар жүгіріп, орындықтарға қарғып шығады (биік-тігі 30 см орындыққа бірнеше қадам аттап барып, бір аяқты серпу арқылы қарғу). Қуғыншыдан қашып бір орындықтан екінші орындыққа се-кіріп шығады. Қолға түскен бала ойыннан шығады. Аз уақыт ішінде көп баланы ұстап алған қуғыншы ең ептісі болады. (Ө) Малдас құрып отырып асық лақтыру және қағып алу– алақанды аударып, төңкеру. Нұсқау – асық лақтыру кезінде қолды уыстап ұстайды, келесі лақтырғанда қолдың сыртын қаратады. |
Асықтар |
|
Рефлексия 26–30
|
Ойындар этномәдениеттің бір бөлігі екенін, түрлі ұлт өкілдерінің балаларымен толерантты қарым-қатынаста болу керек екеніне балалардың назарын аудару. |
|
|
Дене шынықтыру №62 Тақырыбы: Ойын ойнап, денсаулықты нығайтамыз! |
||
|
Күні: |
||
|
Оқыту мақсаттары |
0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік, жылдамдық пен реакция. 0.3.1.1. Алуан түрлі ойын түрлерінде әртүрлі дене жаттығуларын орындау барысында басқа қатысушыларға тактикалық көмек көрсету. 0.4.1.2. Дербес түрде таныс қимыл-қозғалыс ойындарды және жаттығуларды өткізу. |
|
|
Күтілетін нəтижелер |
Барлық балалар орындай алады: Ойын тәртібіне қарай, сапқа, қатарға, шеңберге тұру. Шеңбер бойымен қосымша адымдап қозғалу. Шашыраңқы жүгіру. Зал кеңістігінде бағдарлай алу. Құлаққа массаж жасау. Балалардың көпшілігі орындай алады: Малдас құрып отырып, асық лақтыру және қағып алу кезінде алақанды тез аударып, төңкеру. Допты басқа топ ойыншысының қолына туралап лақтыру. Бірнеше қадам аттап барып бір аяқты серпу арқылы орындыққа қарғып шығу. Ойында кеңістік пен ресурстарды бөлу кезінде әріптестік пен келісім такти-касын пайдалану. Кейбір балалар орындай алады: Ойын ұйымдастыру кезінде көшбасшы рөлін атқару және көмек көрсету. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Балалар денсаулықты нығайту, қазақтың қимыл ойындары туралы білімін кеңейтеді; ойында кеңістік пен ресурсты бөлу кезіндегі әріптестік пен келісім тактикасын көрсетеді. Пәндік лексика және терминология: Ойын, санамақ, ойын жүргізуші Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай ойындар көбірек ұнайды және неге? Барлық ойындар үшін қандай қауіпсіздік техникасы бірдей болады? Лақтыру, домалату үшін ойында қандай заттар пайдалануға болады? Үйдің, мектептің ауласында ойын ойнағанда қан-дай қиындықтарға тап боласыңдар? |
|
|
Алдыңғы білім |
Екі тобық арасына доп қысып жүру кезінде кеңістік пен нысанды бақылау. Баспен допты итере отырып, білек пен табанға сүйеніп, төрттағандап еңбектеу. Оң және сол аяқпен футбол добын алып жүру. Неге екенін айта аласыңдар ма…? Әртүрлі ұлт өкілдері балаларының ойындарында не ортақ екенін айта аласың-дар ма? Неліктен ойында өз іс-қимылыңды өзгелердің қимылымен үйлестіру қажет екенін айта аласыңдар ма? |
|
|
Жоспар |
||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар |
|
Басталуы 0–5 минут |
Балаларға ойынның көмегімен денсаулықты нығайтуды ұсыныңыз. «Қол ұстасып бәріміз, Шеңбер құрып тұрамыз. Солға адымдап жүреміз, Оңға адымдап жүреміз, Ортаға келіп тұрамыз. Бір орында айнала Кеудемізді бұрамыз. Күлімсірей, жымыңдай Ойнымызды қайта бастаймыз» Балалар тақпақ мәтініне сәйкес қимылдар орындасын. Ойында қауіпсіздік ережесін еске салыңыз. |
Бос кеңістік
|
|
Ортасы 6–15
|
Ұ) Құлаққа массаж жасау 1. Құлақты жоғарыдан төмен, артынан және алдынан сипап қыздырудан бастаймыз. Психикалық қысымы жоғары балалар терінің тым сезімтал екенін сезінеді, ал кейбіреулері теріге қысым болғанын байқамайды, бұл іс-шараны қалыпты қабылдайды. 2.Содан кейін құлақтың қалқанын 1, 3, 4 саусақ ұшымен екі жақтан шымшылай жеңіл уқалау. 3.Құлақ қызарып, бала жылу сезінгенге дейін уқалаймыз. (Ұ) «Қасқырға қақпан құр» Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ қол ұстасып Диаметрі дөңгелене қасқырға қақпан құрады. Екінші топ қасқырлардың 20 см доптар. рөлін атқарып, залда қақпан арқылы төрттағандап еңбектеп жүреді. «Кәне, кәне, халайық, Қасқыр қақпан құрайық. Кәне, қақпан берік бол, Қасқыр, қасқыр, келіп көр»! – деп айтылған соң, бірінші топтың ойыншылары қолдарын түсірген кезде қақпан жа-былады. Қақпанда қалып қойған қасқырлар ойыннан шығады да, ойын жалғасады. Содан кейін топтар рөл алмасады. (Ұ) «Тапқыр» Балалар екі топқа бөлініп, екі сызыққа бір-біріне қарама-қарсы отырады. Топтардың арақашықтығы шамамен 2 метр. Ойын жүргізуші топтардың бірінің соңғы отырған ойын-шысының қолына доп лақтырып кез келген сөзді айтады, мәселен: «Тере» «-зе!» – деп сөзді жалғастырып допты қарсы отырған балаға лақтырады. (Ұ) «Қуаласпақ» Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы қуатын адам таңдалады. «1-2-3 – ұстап ал!» – деп белгі берілгенде, балалар жүгіріп, орындықтарға қарғып шығады (биік-тігі 30 см орындыққа бірнеше қадам аттап барып, бір аяқты серпу арқылы қарғу). Қуғыншыдан қашып бір орындықтан екінші орындыққа се-кіріп шығады. Қолға түскен бала ойыннан шығады. Аз уақыт ішінде көп баланы ұстап алған қуғыншы ең ептісі болады |
Кең, бос кеңістік. «Баста-тоқта!» деп белгі беруге ар- налған ысқырғыш. Топтың жартысы- на жететін доп. |
|
16–25 |
(Ө) Малдас құрып отырып асық лақтыру және қағып алу– алақанды аударып, төңкеру. Нұсқау – асық лақтыру кезінде қолды уыстап ұстайды, келесі лақтырғанда қолдың сыртын қаратады. |
Асықтар |
|
Рефлексия 26–30
|
Ойындар этномәдениеттің бір бөлігі екенін, түрлі ұлт өкілдерінің балаларымен толерантты қарым-қатынаста болу керек екеніне балалардың назарын аудару. |
|
|
Сауат ашу |
№ 41 ҰОҚ ТАҚЫРЫБЫ: Балмұздақ . Э дыбысы мен əрпі |
||
|
|
|
||
|
|
|
||
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
||
|
ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты: |
Қатысқан балалар саны: |
Қатыспаған балалар саны: |
|
|
Оқытылу мақсаты |
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. 0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.1.2.1 Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну. 0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу. 0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Э дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты. Э дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі э дыбысының орнын ажыратады. Э əрпінің баспа түрін жазады. Көпшілік тəрбиеленушілер: Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды. Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы э дыбысының орнын ажыратады. Э дыбысына сөз ойлайды. Э дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолына Э əрпінің элементтерін жазады. Кейбір тəрбиеленушілер: Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. Э дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады. |
||
|
Тілдік мақсаттар |
Тəрбиеленушілер: Балалар сұраққа жауап береді. Өз ойларын айтып пікірлеседі. Э əрпімен танысады. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Эскимо ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Өлеңді қайтала, жатқа айт. Эскимо сөзіне дыбыстық талдау жаса. Қай əріптердің пішіні Э əрпіне ұқсайды деп ойлайсың? |
||
|
Алдыңғы білім |
Заттардың атын ата. Өлең жолдарын еске сақтайды. Таныс əріптерден сөйлем құрайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлемдерге сызба құрайды. |
||
|
Жоспар |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Басталуы 0–5 минут |
Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Бос кеңістік |
|
|
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам 3-5 минут |
Қысы-жазы ақтайды, Астықты тазалап, Қай жерде сақтайды? (Элеватор) Балалар жұмбақты шешеді. Элеватор көлігі туралы білетіндерін айтады |
Суреттер |
|
|
Ортасы 6–15 |
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма. Өлең жолдарын мəнерлеп оқу. Таңдайыма тəтті-ақ, Өзі қардай аппақ. Мұз да, бал да өзіңде, Бұл атақты балмұздақ. Өлең жолдарын естеріне сақтайды. Балалар Эскимо – сүйікті балмұздақтары туралы əңгімелейді. Эскимо сөзін қайталап айтып, бірінші естілетін дыбысты табады. Эскимо сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Э деп дыбыстап айтады. Э– жіңішке дауысты дыбыс. Дыбысты айқанда ауа еш кедергіге ұшырамайды. 2-тапсырма. Берілген суреттегілерді атайды |
Әліппе-дәптер |
|
|
15-27 |
Эскимос, эскалатор, экран. Сөздердің сызбасы арқылы дыбыстық талдау дасайды. Қызыл дөңгелектер – дауысты дыбыс жəне көк дөңгелектер – дауыссыз дыбыстар екенін ажыратады. Балаларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. 3-тапсырма. Тақтаға Э əрпінің бейнесін іліп қою. Э əрпінің бейнесіне ұқсайтын заттарды атайды. Домалақ шардан Э əрпінің пішінін қолдарын үзбей саусақтарының ұшымен бастырады. (Ұ) Сергіту сəті Ұзын мойын экскаватор – Алып мəшине Жер қазып жатыр. Балалар өлең жолын мазмұндап қимылмен 2-3 рет көрсетеді. 4-тапсырма. Ермексаздан э əрпін мүсіндейді. 5-тапсырма. Дөңгелек бейнесінен э əрпінің пішінін қолдарын үзбей саусақтарымен жүргізеді. Өлеңді педагог оқиды, мамзмұнын түсіндіреді. 6-тапсырма. Қай əріптердің пішіні Э əрпінің бейнесіне ұқсайды? Балалар өлең жолдарынан Э əрпі кездесетін сөздерді табады жəне буынға бөледі. Балалар суретте берілген əріптерді бірге атайды. Ə Ң Г Ө Ғ Н О Əріптерден сөздер құрастырады. Әріптерді ауада жазып көрсетеді. Э əрпінің пішініне қарап қай əріпке ұқсайтынын табады. Ө əрпінің Э əрпіне қалай ұқсайтыны, жəне оның Э əрпіне ұқсайтын бөліктерін бояп көрсетеді. 7-тапсырма. Дөңгелек пішінді түсті қағаздан Э əрпінің бейнесін жасайды. Балаларға Э əрпін қиюдың үлгісін көрсету. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі. Балалар Ə əрпінің артық сызықтарын қиып, Э əрпін жасайды. Ө əрпінің бейнесі балаларға беріледі. Э əрпі кездесетін сөздерді атайды. Э əрпін жазу жолдарына жазады. |
Әліппе-дәптер Түсті қағаздар, қайшы.
. |
|
|
Рефлексия 26-30 |
(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды. |
Смайликтер |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген